3-тоқсан бойынша жиынтық бағалау спецификациясы жиынтық бағалауға шолу



Дата16.05.2023
өлшемі35,5 Kb.
#93400
Байланысты:
3 тоқсан, 9-сынып қазақ тілі


3-ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУ СПЕЦИФИКАЦИЯСЫ Жиынтық бағалауға шолу
Ұзақтығы: 40 минут
Оқылым – 15 минут
Жазылым – 25 минут
Тыңдалым мен айтылым бөлек тексеріледі Балл саны: 30
Тапсырмалар түрлері КТБ – көп таңдауды қажет ететін сұрақтар
ҚЖ – қысқа жауапты қажет ететін сұрақтар
ТЖ – толық жауапты қажет ететін сұрақтар Жиынтық бағалаудың құрылымы
Тоқсандық жиынтық бағалаудың нұсқасы 3 компоненттен тұрады:
Біріншісі – тыңдалым, айтылым және әдеби тіл нормаларын, екіншісі – оқылым және әдеби тіл нормаларын, үшіншісі – жазылым және әдеби тіл нормаларын тексеруге арналған.
1-мәтін «Цифрлы дәуірдегі бұқаралық медиа: өлше де, үстем бол» тақырыбындағы пікірталастан үзінді — Телеарна көрермені азайып бара жатыр. Мұны мойындау керек. Былтыр көрермендер аз да болса бар еді, биыл тек футбол көру үшін ғана теледидардың алдына келетін секілді. Ол үшін жарнама берушілерге шығуға тура келеді. Алдымен 25-40 жас аралығындағы аудиторияны алайықшы. Олар кредит алғысы келеді, қымбат машина, ұялы телефонға қызығады. Егер көрермендердің орта жасын алатын болсақ, орыстілді телевизия үшін – 40 болса, қазақтілді телевизия көрермендерінің орта жасы шамамен 28-29 жас, – дейді саясаттанушы Айдос Сарым — Қазақтілді газеттерді тек тілді, тарихты, салт-дәстүрді ғана жазатын, соның жоқшысы ретінде қарайтын қалыптасқан ұғым бар. Осы мемлекетке ат беріп отырған қазақ ұлтының кешегісі, бүгіні, ертеңі, салт-санасы, тарихы, ұлтқа қатысты кез келген жаңалық біз үшін әр кез маңызды деп айтар едім. Тағы бір жайт – уақыт қазақ тілді аудиторияның үстемдік алуына мүмкіндік беріп келе жатыр. Әрине, бір уақытта беделді газеттердің біржолата сайтқа айналып кеткен үрдістері де болды. Дегенмен негізгі айтатын жағдай – қазақтілді буынның әртүрлі саладағы көрсеткіші қазақ ұлтының пайдасына шешіліп жатқанын айғақтайды. Біз дәнекер болып қана отырмыз. Бұл жетістік – өсіп келе жатқан тәуелсіз ұрпақтың тегеуріні деп айтар едім, – деді бірінші болып сөз алған Нұртөре Жүсіп.
2-мәтін Қазақстанда BBC мен CNN сынды ағылшын тіліндегі телеарналар ашу ұсынылды. Мұндай депутаттық сауалды мәжілісмен Жұматай Әлиев премьер-министрге жолдады, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. «Қазақстан шетелдік компаниялар үшін қызықты бола бастады, ол біздің елге келіп жатқан шетелдік инвестицияның күн сайын өсіп жатқанын және мемлекеттің тұрақты саясатын көрсетеді. Бұл жетістіктің барлығы жарыққа шығуды талап етеді. Мысалы, Ресейде Russia Today телеарнасы бар, ол әлемнің көптеген еліне тарайды. Russia Today America мен Russia Today United Kingdom телеарналары Вашингтон мен Лондондағы жеке студиялары арқылы эфирге шығады. Russia Today телеарнасының тәулік бойы әлем бойынша 700 миллион көрермен үшін қолжетімді екені белгілі», — дейді Әлиев. Оның айтуынша, әлемнің көптеген елінде имидждік саясатқа едәуір қаржы бөлінеді. «Қазақстанның позитивтік имиджі, оның отандық және шетелдік қоғамдық-саяси және іскерлік шеңбердегі беделі әлемдік аренада ұлттық мүддені ілгері бастыруға негіз болатын фактор және серіктестік қарым-қатынасты дұрыстауда маңызды ресурс бола алады», — деді ол. «Осыған байланысты Russia Today, BBC және CNN сынды қосымша телевизиялық ағылшын тіліндегі телеарналар ашуды; шетел аумағындағы біздің радиохабарларды дамыту жоспарларын жетілдіруді; шетелге біздің елдің жетістіктерін жазып тарататын The Times, Die Welt, Daily Telegraph сынды қазақстандық басылымдарды ашуды ұсынамыз», — дейді мәжілісмен өзінің сауалында. Сонымен қатар депутат бұл жобаларды іске асыру үшін мемлекеттік-жеке серіктестікті пайдаланып инвесторларды тарту керегін айтты. Депутаттың ойынша, Қазақстанның позитивті имиджі жаңа инвестицияларды тарту арқылы әлеуметтік-экономикалық дамуды тездететін және туризмді дамытатын алғышарт болады.

Оқылым. Мәтіндерді тақырыбын, қызметін, тілдік ерекшеліктерін өзара салыстырып, өңдеп, өз көзқарасыңызды жазбаша білдіріңіз. Жазбаңызда түсіндірмелі, кезектес, талғаулы салалас құрмалас сөйлемдерді түрлендіріп қолданыңыз.


А мәтіні Ә мәтіні


Жазылым. Төменде берілген екі тақырыптың бірін таңдап, жазба жұмысын орындаңыз. Жазылым жұмысында тақырыптан ауытқымай, абзац түрлерін жүйелі құрастырып, сабақтас құрмалас сөйлемдерді орынды қолданыңыз. Орфографиялық, пунктуациялық нормаға сай жазыңыз. [10]
1. «Отбасы – сыйластық, жарастық орнаған орта» тақырыбында дәлелдер келтіре отырып, эссе (аргументативті) жазыңыз.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет