Сынып сағаты Сынып: 10 б Мақсаты



бет1/3
Дата02.02.2022
өлшемі27,55 Kb.
#24730
  1   2   3

Сынып сағаты

Сынып: 10 б

Мақсаты: Оқушылдардың бойында экологиялық тәрбиені қалыптастыру, қоршаған әлемге ұқыпты қарауға ықпал ету

М: Сыни тұрғыдан ойлау - бақылаудың, тәжірибенің, ойлау мен талқылаудың нәтижесінде алынған ақпаратты ойлауға, бағалауға, талдауға және синтездеуге бағытталған пәндік шешім. Ол болашақта әрекет жасауға негіз болады. Сыни тұрғыдан ойлау - көбінесе қарсы пікір айтуға, баламалы шешімдерді қабылдауға, ойлау және іс-әрекетімізге жаңа немесе түрлендірілген тәсілдерді енгізуге дайын болуға, ұйымдастырылған қоғамдық әрекеттерге және басқаларды сыни тұрғыдан ойлауға баулуды білдіреді. Сыни тұрғыдан ойлау оқушының шығармашылық ізденістерін, өз ойларын дәлелдей білу, топпен жұмыс істеу, өз ойын ашық айту, дербес жұмыс істеу дағдыларын дамытады. Бала оқытудағы бұл тәсілді қолданудың қажеттілігі, бала болмысының білмекке құштарлығымен, оның қоршаған ортаны зерделеуге деген қызығушылығымен түсіндіріледі. Сыни тұрғысынан ойлау бағдарламасы қызығуды ояту, мағынаны тану, Сыни тұрғыдан ойлау модулінің әдіс-тәсілдерін қолдану, оқушыны еркіндікке, өз ойларын анық жеткізуге, сөйлеу мәдениетін қалыптастыруға, өзгелердің пікірімен санасып, өздеріне әділ баға бере білуге жетелейді.
Танымал адамдардың жетістіктерін сараптайтын зерттеушілер қызметтің көптеген саласында ең елеулі жаңалықтар жас кезде жасалғанын байқаған. Эйнштейн ең басты еңбектерін 26 жасында жариялаған, ал Моцарт алғашқы симфониясын небәрі 8 жасында жазған. Ал біз ше? Шынымен,  өмірге келген  әр қайсымыздың  көздеген мақсатымыз, бағындыруға бекінген өзіндік биігіміздің бары сөзсіз. Сол процестің жолында түрлі қиындық көріп, кейде психологиялық күйзеліске де ұшырап  жатамыз.  Ғалымдардың пікірінше жетістік адамға екі жолмен келеді: сәттілік және еңбек.
Сәттілікті де елемеуге болмайды. Дұрыс жоба мен онымен жұмыс істеуге дұрыс уақыт таңдай білу де жетістікке жетуде аса маңызды. Алайда мұндай сәтті таңдау ғылымға жасалған үлес деп көпшілікпен қабылданады ма – бұл тағы бір компонентке байланысты, оны ғалымдар Q деп атаған.  Q –интеллект деңгейі, жігерлігі, ынтасы, жаңа идеяларға ашықтығы және басқа адамдармен жұмыс істей алу қабілеттерінен тұрады.
Қысқаша айтқанда, бұл жұмысыңнан максимум пайда көру: қарапайым эксперименттен өзектілікті байқау және өз идеяңды ұрымтал іске асыра алу. Сәттілікке сенгенмен ол үнемі өз нәтижесін көрсете бермейді. Абзалы, ерекше қабілетіңді еңбекпен ұштастырып, өмірден татқан әр қуанышыңды сәттілік деп бағалаған дұрыс.
Еңбек — танымалдылық пен көздеген мақсатқа жетудің қарапайым кілті. КСРО халық әртісі Бибігүл Төлегенова өзінің журналистерге берген сұхбатында: Адамда 2 пайыз талант болса жеткілікті екендігін, ал жетістіктің қалған 98 пайызы еңбекпен келетіндігін айтады. Бұл оңтайлы пікірді әлем ғалымдары да қолдап отыр. Мәселен, Бостондағы Солтүстік-Шығыс университетінің танымал физигі Альберт-Ласло Барабаши:
— Бастысы — берілмеу. Берілсеңіз тапсырмаға шығармашылық тұрғыдан қарау қабілетінен айырыласыз деген пікірді ұдайы айтып жүр. Енді жетістікке жетудің уақыт өзі дәлелдеген басты 11 принципіне тоқталайық:
1.Өз-өзіңді инвестициялау. Күнделікті өзіңмен жұмыс жасау. Мінезіңнің теріс жақтарын, әлсіз жақтарын өзгерту әркімнің өз қолында. Және де кез-келген жерден тапқан табысыңды пайда түседі-ау деген жерге салу, яғни кірісті реинвестициялау.
2.«Жоқ» деп айтып үйреніңіз! Сіз «Жоқ» деп айтпасаңыз өзіңіздің уақытыңызды толық игере де, жұмыс істей де алмайсыз.
3.Өзгеге ұқсаудан аулақ болыңыз. Ешқашан өзгелердің пікіріне сүйеніп шешім қабылдамаңыз. Және де адам өзін басқаларға қарап емес, өзімен ғана салыстыруы керек.
4.Тез әрі жан-жақты ойланып шешім қабылдаңыз. Ұзақ ойланып уақыт созғанша жылдам мәселені талдап сізге пайдалы жақтарын, атап айтқанда «маған бұл істен пайда қандай?» және «бұл жобадан қанша кіріс табам» деген секілді сұрақтар ғана сізді мазалауы қажет.
5. Алдын-ала келісім жүргізіңіз. Кез-келген жұмысты бастамас бұрын төлемі жайлы, қаражат мәселесін келіскеніңіз абзал, әйтпесе сізді алдап соғып кету қаупі бар.
6. Ұсақ-түйек назардан тыс қалмасын. Үнемдеу арқылы көп нәрсеге қол жеткізесіз.
7. Өз есебіңізден өмір сүріңіз. Ешкімнен қарыз алмаған абзал. Әсіресе, кредит әлі ешкімді байытқан емес. Кез-келген жұмысты, жобаны өз қаражатыңыздан бастаған дұрыс.
8. Әрдайым бірбеткей болу. Тіпті, аз қаражат пен айтқанынан қайтпайтын бірбейткелік, талпыныс үлкен нәтиже берері сөзсіз.
9. Дер кезінде ойыннан шыға білу. Сізге пайдасыз жұмыстардан, тіпті артқа сүйрейтін жағдайлардан шыға білу керек.
10. Тәуекелге бару, я бармау жағдайларын бағалай біліңіз. Жан-жақта болып жатқан нәрселерге мұқият көңіл бөліңіз, көп нәрсеге қол жеткізуге мүмкіндік бар.
11. Сіз үшін «жетістік» деген не? Соны ойланыңыз. Ешқашан жетістігіңізді ақшамен бағаламаңыз. Жетістікке жету- ол көп адамдардың сені сыйлауы мен бағалауы, құрметтеуі. Ол адамдардың сенімі мен махаббатына ие болу. Қаншалықты адамдардың сеніміне ие болсаңыз, соншалықты жетістікке жеткеніңіз.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет