Синус (латынша sіnus — дөңестік, иілу) — тригонометриялық функциялардың бірі; белгіленуі: sіn. Тік бұрышты үшбұрыштың сүйір бұрышының синусы деп осы бұрышқа қарсы жатқан катеттің гипотенузаға қатынасын айтады.
y = sinx – функциясының анықталу облысы барлық нақты сандар жиыны, яғни , ал мәндер жиыны [–1; 1], яғни y ϵ [–1; 1]
y=sinx
I. y=sin x функциясын қарастырайық.
1. Функцияның анықталу облысы барлық нақты сандар жиыны, x ϵ R .
2. Мәндер жиыны [-1;1] кесіндісі, яғни y ϵ [-1;1]
3. sin(x+2π) = sin x, функция периодты, себебі оның ең кіші периоды 2π.
4. Функция тақ , sin( - x ) = - sin x
5. кесінділерінде функция бірсарынды өспелі, ал кесінділерінде бір сарынды кемімелі.
y=sin x. функциясының графигін синусоида қысығы деп атайды.
Синус функциясы I, II ширектерде оң, ал III, IV ширектерде теріс мәндер қабылдайды, әрі тақ функция, яғни sin(–x) = –sinx, ең кіші оң периоды 2π.