8
Сырым ауданының әдістемелік-педагогикалық газеті
Жұма ,
№1 (6)
23 қаңтар
2015 жыл
E-mail: syrym_ustazy@mail.ru
Құрылтайшысы: Сырым аудандық
білім беру бөлімі
Меншік иесі: Сырым аудандық білім беру
бөлімінің «Балалар мен жасөспірімдер
шығармашылық орталығы» мемлекеттік
коммуналдық қазыналық кәсіпорны
(Батыс Қазақстан облысы)
Редакторы: Сеитова Жұлдыз Төлегенқызы
Дизайнер: Тасанов Ақжан Амантайұлы
Тапсырыс:6
Таралымы: 500 дана
Мекен-жайымыз: 090900, Батыс
Қазақстан облысы, Сырым ауданы,
Жымпиты кенті,Сырым Датов
көшесі, №14 үй.
Электронды поштамыз:
syrym_ustazy@mail.ru
Газет айына 1 рет шығады
Көлемі 2 баспа табақ
23 қаңтар 2015 жыл
E-mail: syrym_ustazy@mail.ru
Газет ҚР Байланыс және ақпарат агенттігінде 26.06.2014 жылы
тіркеліп, № 14430-Г куәлігі берілді.
Телефондары: редакторы: 21-9-05 Бухалтер (факс): 22-0-85
Газет «Балалар мен жасөспірімдер шығармашылық орталығы» мемлекеттік
комуналдық қазыналық кәсіпорны мекемесінде копьютерлік әдіспен теріліп, беттелді.
Газет жарияланымдарындағы автор пікірі редакцияның түпкілікті
көзқарасын білдірмейді.Деректердің дәлдігі үшін автор жауапты.
«Жайық пресс» ЖШС баспаханасында басылды. Орал қаласы, Мұхит
көшесі,57/1
Қазақстан халқы Ассамблеясының
20 жылдығына орай барлық білім
беру мекемелерінде жоспарланған
іс-шаралар өткізілуде. Шаралардың
басты
мақсаты
Қазақстанда
тұратын ұлт өкілдерінің бір-бірімен
бауырластық,
ынтымақтастық,ә
ділдік,бейбітшілік,
ауызбіршілік
қарым –қатынаста өмір сүріп
жатқандығын ұғындыру. Ұлтаралық
мәдениеттілікті бойларына сіңіру.
Мектеп
кітапханаларында
«Бір
шаңырақ астында», «Қазақстан
– достық мекені», «Ұлттар достығын
бейнелеймін»
тақырыбында
оқушылар
қабырға
газеттерін,
буклеттер
шығарып
мектеп
дәліздеріне көрме ұйымдастырылды.
Бала құқтары туралы конвенцияда
айтылғандай, дініне немесе тіліне
қарамастан мемлекетімізде әр бала
өз тобының басқа мүшелерімен бірге
өз мәдениетін пайдалану, өз дінін
тұтынып, оның салт-жораларын
ұстану және ана тілінде сөйлеуге
құқылы. ЖББ М.Каналиев атындағы
ОМ, ЖББ Шубин атындағы ОМ, ЖББ
Қ.Мырзалиев атындағы ОМ, ЖББ
Ж.Досмұхамедов атындағы ОМ, ЖББ
Тасқұдық НМ, ЖББ Көгеріс НМ өзге
ұлттың өкілдері оқып тәрбиеленуде.
Балалардың
сыныптастарымен
қарым – қатынасы жақсы, барлық
шараларға белсене қатысады. Осы
мерекеге орай мектептерде тәрбие
сағаттары өткізілді. Мысалыға: ЖББ
Қ.Мырзалиев атындағы ОМ 2 ақпан
күні- 6 Г сынып жетекшісі М.Траисова
«Дружба языков норода», 3 ақпан
күні- 7 Г сынып жетекшісі Л.Шагиева
«Казахстан наш общий дом», 4
ақпан күні- 9 Г сынып жетекшісі
Г.Мукангалиева
«Под
единым
шанырақом», 5 ақпан күні-«Халықтар
достығы – ел бірлігі» тақырыбында
5 А сынып жетекшісі Г.Үрпекова т.б.
мұғалімдер тәрбие сағғатарын өткізсе,
ЖББ М.Каналиев атындағы ОМ 2 – 9
ақпан аралығында 1 – 4 сыныптар
аралығында
«Бірлігі
жарасқан
Қазақстан», 5 – 8сыныптарда
«Ынтымағы жарасқан ел» атты тәрбие
сағаттары мен кездесу сағаттары өтті,
мектеп кітапханасында «Қазақстан
– достық мекені» атты кітап көрмесі
шығарылды, 5 – ақпан ағылшын
тілі апталығында 10 сыныптар
аралығында Қазақстан халқы
ассамблеясының
20
жылдығын
тойлау барысында түрлі ұлттардың
тағамдары мен билерін насихаттаған
кеш өтті. ЖББ Шубин атындағы
ОМ кітапханасында «Бір шаңырақ
астында» атты кітап көрмесі,
«Ұлттар достығын бейнелеймін»
тақырыбында оқушылар қабырға
газеттерін,буклеттер шығарып мектеп
дәлізіне
көрме
ұйымдастырып,
ауылдарында тұратын өзге ұлт
өкілдерін
тәрбие
сағаттарына
шақырып, олардың салт-дәстүрлері
туралы кеңінен мағлұмат алды.
Бастауыш сынып оқушылары татар
ұлтының өкілі ардагер ұстаз З.Г.
Латыпова кездесу сағатын өткізіп,
татар
халқының
салт-дәстүрі,
фольклоры
туралы
қызықты
әңгімесіне тәнті болды. 7 сынып
оқушылары удмурт ұлтының өкілі
Руденко Н С әжейдің үйіне барып
көмек
көрсетіп,
ризашылығына
бөленді. «Жайна мәңгі тәуелсіз ел -
Қазақстан», «Ұлт – ұлысқа ортақ үй -
Қазақстан», «Ырыс алды - ынтымақ»,
«Қазақстан – достықтың киелі бесігі»,
«Туған жер – тұғырың, Туған ел -
қыдырың», «Менде бір Отан бар, ол
Қазақстан» тақырыптарында тәрбие
сағаттары барлық мектептерде де
өткізілді. Мектептерде мерекеге
арналған «Жұлдызды сәт» пікір
сайыстары,
«Көңілді
эстафета»
спорттық жарыстары да өткізілді
Қазақ поэзиясының алып айсбергі атанған
жерлесіміз, қазақтың әйгілі ақыны, аудармашы,
сыншы,
драматург,
публицист,
Жастар
сыйлығының, Мемлекеттік, Халықаралық және
«Тарлан» сыйлығының иегері, Халық жазушысы
Қадыр Мырза Әлидің туғанына - 80 жыл.
Туған жер-ай, күнім де, дінім де сен,
Тағдыр сендей сүйесе, сүрінбес ем.
Керегі жоқ басқа атақ
Басқа абырой,
Жетіп жатыр тек өзің ұлым десең!- деп, туған
жері мен туған еліне деген перзенттік махаббатын,
шексіз сүйіспеншілік сезімін арнаған ақынның
туған жер туралы өлең-поэмаларының өзі бір
дүние. Елге, туған жерге деген ыстық махаббаты
осыдан-ақ белгілі. «Өзі үшін өмір сүрген адамның
дәрмені жоқ, елі үшін өмір сүрген адамның арманы
жоқ»-деп ақын өзі айтқандай,ол ең бірінші өз
халқын шын сүйе білді.
Абыз ақынның жырлары сөз саптауымен,
терең ойшылдығымен, шешен тілімен, тапқыр
түйіндеулерімен көпшілікті таңдантып, тәнті еткен.
Оның шығармаларының құндылығы да өмірдің
шындығын, ақиқатын айта білуінде.
Ақын жырын қолына алып оқыған әр оқырман
жүрегінің пернесін дөп басып жатқандай күй
кешері анық, еріксіз іштей ақын жүрегімен үнсіз
тілдескендей бас изейсің...
Қадыр ақын өз шығармаларында адамның
жақсы қасиеттерін дәріптейді, әрқашан ұлы
тұлғаларды өнеге туы етіп ұстайды. Ұлы адамдар
күнде туа бермейді, олардың дүниеге келуі де –
сирек құбылыс. Оның елдің елеулілеріне, тарихи
тұлғаларға арналған өлеңдері – халық рухын
көтерер, намысына дем берер жырлар, әсіресе,
елдің болашағы – жас жеткіншектер үшін маңызы
зор.
Ердің ісін ел құптар,
Ұлыс құптар.
Жеңбей тынбас ақиқат.
Дұрыстықтар..., -деп қашан да ақиқаттың,
дұрыстықтың болатынына, елге сіңірген ер
еңбегінің бағаланбай қалмайтынына мықты сенім
білдіреді. Бұл, әрине, оның ұлы тұлғаларға арналған
өлең-портреттерінің өн бойынан көрінеді.
Ұлы тұлғалардың өмір-тіршілігі, арман-аңсары
тірілер үшін ғибрат, өнеге. Өмірдің мәні мен сәні
оның сабақтастығында. Ілгері буын бастаған
саналы ой мен өнегелі істер жалғасын тауып
жатса, соның айқын бір мысалы- Қадыр ақынның
жырлары. Өзінің «Иірім» атты эссе-естелігінде:
«Отыз екінші жылғы аштықтан ел есін енді-енді
жинай бастағанда отыз бесінші жылы қаһарлы
қаңтардың басында қазақы шалғай ауданда дүниеге
келген екем. Сонда орта мектепті бітіріп, жоғарғы
оқу орнына сол жерден аттандым. Бір кезде өзім
оқыған мектеп бүгінде менің атымда аталады»,- деп
қысқа қайырады. Қарапайым ғана айта салғанмен,
көзі тірісінде бір кезде өзі оқыған мектепке
атының берілуі ақынның кеудесінде қуаныш пен
мақтаныш сезімін қалыптастырғаны сөзсіз. Сол
өзінің атындағы мектеп сахнасында 70 жылдық
мерейтойына байланысты өткізілген жыр кешінде
оқушылар мен мектеп ұстаздарының өз жырларын
жатқа оқығанын көріп, шығармашылығы,
ақындығы турасында өзіндік берген пікірлерін
тыңдап, ақынның балаша қуанып, қатты риза
болғаны біздің санамызда мәңгі сақталады және
қазыналы жырларын насихаттап жатқа оқу дәстүрі
әлі де жалғасын табары анық...
Соның бір айғағы Қ.Мырза Әлидің 80 жылдығына
орай оның шығармаларын насихаттау, жалпы
әдебиетке деген қызығушылықты арттыру
мақсатында мектепішілік мұғалімдер және
оқушылар арасында «Қадыр оқулары» қазақ тілі
мен әдебиеті пәні апталығында оздырылған
болатын. Орыс тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдері
А.Акбасова, А.Траисова, биология пәні мұғалімі
Қ.Есембекова, бастауыш сынып мұғалімдері,
К.Акмуханова,
биология-география
пәні
мұғалімдері Е.Даулов, А.Жакенова, ағылшын
тілі пәні мұғалімі Қ.Калиева сынды ұстаздар әр
бөлімдер бойынша өз өнерлерін ортаға салып,
шығармашылық белсенділік танытты.
Қадыр Мырза Әли – барша қазақтың Қадырына
айналған біртуар ақын. Қазақ әдебиетінің шыңында
Қадыр қыранның үні саңқылдап мәңгі естіліп
тұратынына оның қазыналы жырлары куә екеніне
күмән жоқ.
Ақынның шығармашылығын жалпы жұртшылыққа
насихаттау біздің, яғни жерлестерінің басты
парызы болмақ керек. Осы мақсатта қаңтар айының
6-сы күні мәдениет үйінде аудан орталығындағы
мекеме қызметкерлерінің қатысуымен «Ақын
көзі жұмылмас, жырдың көзі жұмылмай»
атты әдеби сазды кеш ұйымдастырылды.Жыр
кешіне жұмылдырылған аудан мекемелерінің
қызметкерлері өз өнерлерін ортаға салып,абыз
өлеңдерін жатқа оқып, жыр ордасын серпілтіп
тастады.
Күн нұрсыз, көк бұлтсыз, жапан жаңбырсыз
болуы мүмкін емес десек, төл әдебиетіміздің,
қазақ поэзиясының Қадыр Мырза Әлісіз болуы да
мүмкін емес.Өз ұлын, өз кемеңгерін ұлықтайтын
елі барда ақынның рухы биік,есімі мәңгі.
Тұржігітова Г.Қ.
ЖББ Қ.Мырзалиев атындағы орта мектеп
директорының ОІЖО, қазақ тілі мен әдебиеті
пәні мұғалімі
Бір шараның көрінісі...
Ассамблея жылы - ұлт
татулығының негізі
«Ақын көзі жұмылмас, жырдың көзі
жұмылмай»
«Ақын көзі жұмылмас, жырдың көзі
жұмылмай»
Мектепте оқу-тәрбие үрдісі
барысында
дарынды
балаларды анықтау, олардың
ізденіс қабілеттерін дамыту
жұмыстары
жүргізіліп,
ғылыми-ізденістерге
үнемі
баулу- білім саласының басты
назарында.
Оқушылардың
оқу–материалдарын
игеруі,
шығармашылық
бағыттағы
деңгейін бағалау, пәнге деген
қызығушылығын
арттыру,
танымдық
көзқарастарын
қалыптастыру
мақсатында
қаңтар айында республикалық
пән олимпиадасының облыстық
кезеңі өткізілді. Облыстық
олимпиадаға қатысқан 10
оқушының 8-і екінші турға
өтіп, қазақ тілі мен әдебиеті
пәнінен ЖББ Қ.Мырзалиев
атындағы мектептің 11-сынып
оқушысы Максимова Меңсұлу,
құқық
негіздері
бойынша
В.Шубин атындағы мектептің
10-сынып оқушысы Дайнова
Жанат, география пәнінен
А.Жұмағалиев
атындағы
мектептің 10-сынып оқушысы
Ғабдықұл Арман, биология
пәнінен
Ж.Досмұхамедов
атындағы
мектептің
11-
сынып оқушысы Оразова Гүлім
жоғары дайындық деңгейін
көрсетіп, «Алғыс хатқа» ие
болса, қазақ тілі мен әдебиеті
пәнінен 10-сынып бойынша
ЖББ Бұлан орта мектебінен
қатысқан
Мақсотова
Назерке терең білім мен
шығармашылық
қабілетімен
ерекшеленіп,
жүлделі
ІІ
орынды
иеленді.
Назерке
алдағы наурыз айының 26-
28 күндері Атырау қаласында
өтетін пән олимпиадасының
республикалық
кезеңіне
жолдама алды.Облыс атынан
білім бәсекесінде бақ сынайтын
Назеркеге
сәттілік
білдіре
отырып, білім саласындағы
байқаудан үздіктер қатарынан
көрінуіне
тілектестігімізді
білдіреміз.
Облыстық пән
олимпиадасы оздырылды...
Жыл сайын дәстүрлі түрде
өткізілетін
қазақ
тілі
олимпиадасының негізгі мақсаты
бәсекеге қабілетті жас ұрпақты
тәрбиелеу,
оқушылардың
мемлекеттік тілге, қазақ халқының
әдебиетіне, мәдениетіне, өнеріне,
ұлттық құндылықтарына деген
сүйіспеншілігін арттыру, оны
қастерлеуге
баулу.Олимпиада
шарты бойынша 5 сайыстан
тұратын тілдік байқауға аудан
мектептерінен 5оқушы қатысып,
төмендегідей
жетістіктермен
оралды:
I. «Сөз шеберлері»- қазақ тілін
ана тілі және шет тілі ретінде
үйренген оқушылардың қазақ
тілінде мәнерлеп оқып, өзіндік
қабілеттерін көрсететін жарысы.
Осы
конкурстың
облыстық
кезеңіне қатысқан жалпы білім
беретін Жамбыл негізгі мектебінің
7-сынып
оқушысы
Сарсен
Менсұлу алғыс хат иегері болды.
II. «Тілші-әдебиетшілер» -қазақ
тілін ана тілі және шет тілі ретінде
үйренген оқушылардың қазақ
тілі мен әдебиетінен білімдерін
бағалау жарысы
Бұл сайыс бойынша жалпы білім
беретін Қ.Мырзалиев атындағы
11-сынып оқушысы Максимова
Менсұлу ІІІ орын иеленді.
III. «Әнші-бұлбұлдар» конкурсы-
қазақ тілін ана тілі және шет тілі
ретінде үйренген оқушылардың
қазақ тілінде ән айтып, өзіндік
қабілеттерін көрсететін жарысы.
Ән айту байқауында жалпы
білім беретін Ж.Досмұхамедов
атындағы 7-сынып оқушысы
Сатанова Ақбота жүлделі ІІ орын
иегері болды.
IV. «Жас ғалымдар» конкурсы-
оқушылардың қазақ тілі мен
әдебиетіне қатысты бір тақырыпты
қазақ тілінде ғылыми жақтан
түсіндіру қабілетін бағалау жарыс.
Ғылыми жұмыс бойынша жалпы
білім беретін Ж.Досмұхамедов
атындағы 8- сынып оқушысы
Құбиева Аяжан ІІІ орынмен
марапатталды.
Жүлдегер атанған оқушылар
мен
оларды
байқауға
жауапкершілікпен
дайындаған
мектеп ұстаздарына алғысымызды
жеткізе отырып,білім саласында
алар тұғырларыңыз әлі де биік
болсын деген тілек білдіреміз.
Г. М.Бердалиева
Аудандық әдістемелік
кабинетінің әдіскері
«Жарқын болашақ» ҮІІ облыстық «KATEV»
қазақ тілі олимпиадасы
Қаңтар айында қазақ тілі мен
әдебиеті пәндерінің мұғалімдерінің
ұйымдастыруымен ЖББ Қаналиев
атындағы Алғабас орта мектебінде
халық жазушысы,түрлі мемелекеттік
сыйлықтардың иегері,дарабоз ақын
Қадыр Мырза Әлидің 80 жылдығына
арналған мұғалімдер арасында жыр
кеші өтті.Кеш әдіс бірлестіктерінің
арасында сайыс ретінде оздырылды.
Кештің мақсаты мұғалімдер арасында
Қадыр
жырларын
насихаттау,
өлеңдерін жатқа білу, әнге айналған
өлең жолдарын кеңінен таныстыру.
Шығармашылықпен жұмыстануды
жандандыру .Кеш барысында алдын
ала мұғалімдер бөлмесіне жарнама
арқылы сайыс шарттары көрсетілді.
Әр бірлестік жетекшілері өз
топтарының аты мен төсбелгілерін
әуенмен таныстырды. Бастауыш
сынып
бірлестігі«Балдырған»,
жаратылыстану
-математика
бірлестігінен құралған «Жерұйық»
тобы,
гуманитарлық
пәндер
бірлестігінен «Шамшырақ» тобы,
Шығармашылық
топ
мүшелері
«Қанатты
қалам»тобы
болып
сынға түсті.Алғашқы таныстыру
бөлімі
бойынша
сарапшылар
бағаласа,қалған негізгі бөлімдер
бойынша әр топ қарсылас топтарды
бағалады.Барлық топ мүшелері
өте
үлкен
жауапкершілікпен
қатыса отырып, жоғары дәрежеде
дайындалған.Бірінші болып өнер
көрсеткен «Балдырған »тобы оқушы
болып киініп,тақырыпқа сай ақынның
оқу құралдары бойынша жазған
өлеңдерінен мәліметтер берді.Топтың
әр мүшесі өлеңдерін нақышына
келтіріп,әртістік
қабілеттерімен
көрінсе,
«Жерұйық»
тобы
қазақтың ұлттық киімдері арқылы
ұлттық құндылықтарды дәріптеуді де
ұмытпады.
«Шамшырақ »тобы
Қазақ осы өлеңінің әуеніне Қадыр
осы деп алмастырып, ақынның түрлі
қырынан шебер орындаушылықпен
таныстырып шықты. « Қ а н а т т ы
қалам»
тобы
да
қалыспай
ұйымшылдық танытып, жас ұландар
болып Қадырдың қағытпа сөздерін
айтып, өздерін таныстырды.
А.С.Жүкеева
Қазақ тілі мен әдебиеті пәні
мұғалімі
ЖББ Қаналиев атындағы Алғабас
орта мектебі
«Қазақ жырының Қадыры » атты
жыр кеші өтті
«Жарқын болашақ» ҮІІ облыстық «KATEV»
қазақ тілі олимпиадасы
2
23 қаңтар 2015 жыл
E-mail: syrym_ustazy@mail.ru
7
23 қаңтар 2015 жыл
E-mail: syrym_ustazy@mail.ru
Сыныптан тыс шараның мақсаты:
1.Қазақ хандығының құрылу процесін талдау, қазақ жеріндегі тұңғыш дербес мемлекеттің
мемлекеттік құрылымын анықтау;
2.Оқушылардың логикалық ойлау, шығармашылық қабілеттерін шыңдау үшін ойындар
ұйымдастыру;
3.Тұңғыш қазақ мемлекетінің негізін қалаған қоғам қайраткерлерінің еңбегін бағалауға
патриотизмге, өз Отанын ,елін-жерін қорғауға тәрбиелеу
Түрі: кіріктірілген сабақ
Сыныптан тыс шараның типі: дәстүрлі емес
Әдіс-тәсілдері: топпен жұмыс, ойын элементтері
Көрнекілігі: видеопроектр, карта, суреттер, сызба-нұсқалар
І.Ұйымдастыру кезеңі Оқушыларды 3 топқа бөлу.
І топ. «Хандар»
ІІ топ. «Батырлар»
ІІІ топ. «Билер»
1 - жүргізуші: Биылғы жылдың еліміздің тарихындағы,
халқымыздың тағдырындағы
алатын орны ерекше. Биыл біздің мемлекетіміздің, яғни, Қазақ хандығының құрылғанына- 550
жыл.
/Қ. Р. Гимні орындалады./
2 - жүргізуші: Қазақ халқының түрлі мемлекеттік бірлестіктерге бытырап, саяси
бөлшектенуін жоюға әрекет жасау Жошы ұрпақтары - Керей мен Жәнібектің үлесіне тиді.
1 - жүргізуші:
Қазақ жеріндегі саяси бытыраңқылық әсіресе Әбілқайырдың билігі тұсында өзінің шарықтау
шегіне жетті.
Көрініс. «Сұлтандар кеңесі»
/Керей сұлтан мен Жәнібек сұлтан сұхбат құруда, үйге бір топ ақсүйектер кіреді/
- Ассалаумағалейкум, ағалар.
- Уағалейкумсалам, төрлетіңіздер.
Ақсүйектер басшысы:- Біз бір маңызды мәселемен келіп тұрмыз. Елді бей – берекетсіздік
басып алды. Хан - екем соғыстарды үдетіп, салықты көбейтті. Әскери дайындықсыз,
батырларды құдалау негізінде ойраттардан жеңілгені өздеріңізге мәлім. Бөлінетін кез келмеді
ме екен?
Жәнібек:- Ия, сөздеріңіз рас, ханның қаһарына жергілікті сұлтандар мен қарапайым халық
та ілігіп отыр. Өз алдымызға ел болатын күн келді.
Керей: - Бар қазақты біріктіретін уақыт келгенін халық та түсінді, соңымыздан ереді деп
сенемін.
Жәнібек:- Елдігімізді сақтау үшін туған жерден жырақтауымызға тура келеді. Моғол ханы
Есен Бұға туысымыз дулаттардың көмегімен хан тағына отырды. Бірақ бауыры Жүніс Темір
әулетімен одақтасып ағасына қарсы шығуда. Есен Бұға інісіне қарсы одақтас іздеуде. Сонда
жол тартсақ қайтеді?
Керей: Ия, көшсек көшейік. Сол жаққа көшіп барып, Ұлы жүзбен бірігейік.
Сұлтандар: - Біз дайынбыз бастаңыздар көшті. Біз сіздермен біргеміз.
Жәнібек: Кереке, ұзақ жолға шыққалы тұрмыз. Өзінің бір бата беріңіз.
Керей:
Жолыңды Алла қолдасын,
Жаманшылық болмасын.
Кетілмесін тұлпарыңның тұяғы,
Қайырылмасын сұңқарыңның қияғы.
Барған жерде құшақ жая қарсы алсын
Жақсы адамдар, жайсаң жандар зиялы.
Жалпақ емес, жақсы жермен танысқын
Алла жебеп ұшқан құспен жарысқын,
Көңілің шат, ат - көлігің арымай,
Отбасыңмен аман - есен табысқын.
Әумин.
1 - жүргізуші: Ия, сонымен Керей мен Жәнібек бастаған 200 мың адам Жетісуға бет алды.
2 жүргізуші: - Ол туралы тарихшыларымыздың айтқандарына құлақ түрсек.
Оқушы: Мұхаммед бен Уәли былай дейді: «Әбілқайыр хан Дешті Қыпшақ аймағында өз
жауларының балаларын жеңіп шыққан кезде Жошы ханның ұлы Тоқа Темір хан ұрпақтарының
кейбіреулері, мысалы Керей мен Жәнібек бағыну мен мойынсыну шеңберінен шығып,
отанынан кетіп қалғанды жөн көрді. Олар бабаларынан мұраға алған елден бас тартып жат
жерге апаратын жолға шықты. Мойындауға лайықты адамдар тобымен олар Моғолстанға
апаратын жолды таңдап алды»