Сыртқа шығару жүйесінің жас ерекшеліктері. Терінің құрылысы мен қызметтері



Дата09.05.2022
өлшемі20,18 Kb.
#33664

Шығару жүйесі мен терінің жас ерекшеліктері

Сыртқа шығару жүйесінің жас ерекшеліктері. Терінің құрылысы мен қызметтері.

Зат алмасуының ыдырау өнімінің соңғы қалдықтарын, зиянды, улы заттар денеден сыртқа өкпе, ішек бүйрек, қан тамырлары, тері арқылы шығарып, дене тазартылып, ағзаның ішкі ортасының қалыпты тұрақтылығы сақталады. Тіршілік үшін, денсаулық үшін сыртқа шығару мүшелерінің қызметінің маңызы зор.

Сыртқа шығару мүшелерінің ішінде бүйрек ерекше оын алады. Адамның бүйрегі жұп мүше, салмағы 120-150 г. Сырты дәнекер ұлпасымен қоршалған. Бүйректі қалың бүйрек майы қаптап тұрады. Нәрестенің бүйрек массасы 11-12 грамм, 1 жаста-37-38 грамм, 5 жаста-55-57 грамм. Бүйрек ұлпаларының өсу қарқыны алғашқы 3 жыл ішінде, жыныстық жетілу кезеңінде және 20-30 жас аралығында жоғары болып, өсіп жетіледі.

Нәрестенің бүйрегінің сыртқы беті бөліктеніп тұрады. Олар 2 жасқа қарай тегістеле бастайды да, 5 жаста жойылып, түгел тегіс болады.

Бүйректе сыртқы қызғылт қоңыр түсті қыртыс қабаты және ішкі ортаңғы ақшыл милы қабаты болады. Бүйректің қыртыс қабаты нефрондардан, яғни бүйрек денешіктерінен құралған. Бір бүйректегі нефрондар саны 1-1,2 млн. Бүйректің қызметі қан плазмасын зиянды, қажетсіз заттардан тазартудан басталады. Натрий, калий, кальций иондары сияқты тіршілікке қажетті заттар көп мөлшерде болса, гомеостаз қалыпты деңгейінен өзгере бастайды. Бүйрек электролиттік және қышқыл-сілтілік тепе-теңдікті үйлестіріп, реттеп отырады. Бүйрек ұлпасында ренин және эритропоэтин ферменттері өндіріледі. Ренин артерия қысымын және қан тамырларындағы қанның мөлшерін реттеуге қатысады. Ал эритропоэтин эритроциттердің өндірілуіне әсер етеді.

Несеп нефронда түзіледі және екі кезеңнен тұрады. Бірінші кезеңде алғашқы несеп, ал екінші кезеңде соңғы несеп түзіледі. Несептің түзілуі күрделі уш қызметтің нәтижесі:

1. Фильтрация - нефронның капилляр шұмағындағы сүзілу.

2. Реабсорбция - иірімді каналдардағы кері сүзілу.

3.Екінші деңгейлі иірім каналдардың эпителий клеткаларының белсенді секрециялық қызметі.

Тәулік бойы бүйректен 2000 л қан айдалады, одан 150-180 л алғашқы несеп өндіріледі, бірақ соңғы несептің мөлшері 1,5 л ғана. Мұндай қарқынды сүзілу бүйрек каналшаларының өте ұзын болуына байланысты. Олардың жалпы ұзындығы 120 км, ал сүзілуге қатысатын бетінің ауданы 40-50 м. Құыққа айдалатын соңғы несеп сарғыш түсті сұйықтық . Құрамының негізі 98-99% -су, ал 1-2% - көптеген химиялық заттар – мочевина, несеп қышқылы, креатинин. Дені сау адамның несебінің құрамында белок пен глюкоза қанты болмауы тиіс. Несептің тәуліктік мөлшері 1300-1500 мл.



Бүйрек қызметінің реттелуі. Бүйрек ұлпаларының рецепторларынан афференттік жүйке импульстері ОЖЖ, гипоталамус және ми қыртысы орталықтарына беріледі. Ал афференттік нерв импульстері нейрогипофизге беріліп, ондағы несептің түзілуін реттейтін вазопрессин гормоның қанға шығарады. Вазопрессин қан айналыс жолымен бүйрек үсті безіне барып, альдестерон гормонының өнімін арттады.

Терінің құрылысы мен маңызы. Адамның терісі 3 қабаттан тұрады:

1.Эпидермис – сыртқы қабат.

2.Дерма – ортаңғы қабат.

3.Гиподерма – ішкі қабат.

Ең қалың – сыртқы қабат, қалыңдылығы 1-2,5 мм. Бұл қабатта меланин өндіріледі. Сондықтан терінің түсі өндіретін пигментіне байланысты, егер ол аз өндірілсе тері ақшыл, көбірек болса – қоңырлау, ал тым көп болса – қара қоңыр болады.

Дерма қабатының жасушалары тығыз дәнекер ұлпадан тұрады. Онда капиллярлар мен нерв ұштары болады. Дерманың бүршікті қабатында тер өндіріледі, ал торлы қабатындағы дәнекер клеткалар теріге беріктік қасиет береді. Терінің гиподерма қабаты қорғаныс қызметің атқарады.



Тері асты клетчаткада тері бездері орналасқан. Олардың өзегі терінің сыртына жіңішке саңлау түрінде ашылады. Тер бездері алақан, маңдай, қолтық, мойын, арқа және шап терісінде көбірек болады. Теріде май өндіретін май бездері болады. Олар алақан, табан терісінен басқа жердің бәрінде бар. Тер бездері арқылы денеден сыртқа шығарылатын судың мөлшері 50%, яғни 500-900 мл болады. Термен бірге мочевина, несеп қышқылы, креатинин, гиппур қышқылы, хлорлы натрий, калий және фосфаттар мен сульфаттар шығарылады.Терлеу тәулік бойы үнемі үздіксіз жүреді, бірақ сыртқы ортаның температурасы жоғарылағанда, шынықтыру жаттығулары кезінде тер безінің өзектері кеңейеді де, тер үздіксіз көп шығады. Тер бездерінің реттелуі симпатикалық жүйке жүйесімен қамтамасыз етіледі. Симпатикалық нерв талшықтарының теріге келетін холинэргиялық ұштарынан екі түрлі медиатор бөлінеді: ацетилхолин және адреналин. Егер ацетилхолин бөлінсе, жылы тер шығады, ал адреналин бөлінсе салқын тер шығады –адам қатты абыржып, қиналғанда, жағымсыз эмоция кезінде.

Бала терісінің сыртқы эпидермис қабаты өте жұқа, терінің қан тамырлары кең және көрініп тұрады. Терісі тегіс, қыртыссыз болады. Бала терісінде май көбірек болады. Әсіресе алғашқы 9 айда ол тез көбейеді. Содан кейін 5 жасқа дейін олардың көбейюі бәсеңдейді. Терінің температурасы нәрестелерде, жоғарырақ және тұрақсыз болады да 3-5 жастан бастап қалыптасады. Бала 4 жасқа дейін аз терлейді, себебі тер бездерінің қызметін реттеуші жүйке орталығы әлі жетілмеген. Оның толық жетілуі 5-7 жаста болады.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет