Сыртқы саясат - халықаралық аренадағы мемлекеттер мен халықтар арасындағы өзара қарым-қатынасты реттеуші саясат. Сыртқы саяси мақсаттар ұлттық мүддеге негізделеді. Оларды жүзеге асыру арқылы мемлекет сыртқы саяси қызметті атқарады. Мемлекеттің сыртқы саясаты сыртқы және ішкі факторлар ықпалымен қалыптасады.
мемлекеттің халықаралық ұйымдарда өз өкілеттілігін ашу немесе оларға мүше болу;
мемлекеттің басқа мемлекет өкілдерімен әртүрлі деңгейлерде тұрақты немесе аракідік байланыстар орнатуы.
Сыртқы саясатты жүзеге асырудағы ең басты құрал - екі жақты немесе көпжақты келісімдер мен келіссөздер.
Сыртқы саясат кейде ұлттық қауіпсіздік пен негізгі құндылықтарға қатысты, ішкі саясат араласпауы тиіс «жоғары саясат» ретінде қарастырылады. Сонымен бірге «сыртқы саясат ішкі саясат сияқты мемлекеттің шекарасында тұжырымдалады, бірақ ішкі саясаттан айырмашылығы ол мемлекеттен тыс ортаға бағытталған және жүзеге асырылуы тиіс болып саналады».

Дж. Розенау сыртқы саясатты – «саясат» терминінің мағынасын түсінуге байланысты – бағдарлар, жоспарлар мен міндеттемелер, сондай-ақ қолданбалы іс-әрекеттер ретінде әрекет ете алады деп атап көрсетеді.