Сламжанова Аружан Сәкенқызы



Дата10.11.2022
өлшемі38,18 Kb.
#49108
Байланысты:
ҚҚТФЛ.бөөөөжжСламжанова





Сламжанова Аружан Сәкенқызы
ҚТӘ-211

БӨЖ




Сөздік қор

Ұқсастығы

Сөздік құрам










Тілімізде өте ертеден өмір сүріп келе жатқан, сонымен қатар жаңа сөздер жасауға бірден-бір ұйытқы болған, аз буынды көп мәнді жалпы халықтық сездер сөздік қор деп есептеледі. Бұлардың сан мөлшері, көлемі сөздік қүрамдағы сөздерден анағұрлым кем болады.
Қазақ тілінің сөздік қорында түркі тілдеріне ортақ, бір буынды және көп мағыналы байырғы сөздер бар. Негізгі сөздік қорға қазақтың ғасырлар бойы қалыптасқан байырғы төл сөздері енеді: туыстық атаулары (ата, құда, нағашы); мал (сиыр, түйе, құлын); хайуанат (қасқыр, түлкі, қоян); ағаш (қарағай, емен, тобылғы); киіз үй (шаңырақ, кереге, уық); заттың сапалық, сындық атаулары (жақсы, қатты, жылы), т.б. Ежелден тілге әбден сіңісіп, жалпыхалықтық сипат алған кірме сөздер де (кітап, ғылым, намаз) сөздік қорға жатады. Сөздік қордың басты белгісі – тұрақтылық, онда жалпыхалықтық сипат басым келеді. Сөздік қордағы сөздер жаңа сөз тудыруға ұйтқы болып, сөздік құрамды байытады.
Мысалы: жер+шіл; жер+лес; жер+төле; жер+ (бөлек жазылады) үй.



Қазақ тіліндегі барлық сөздің жиынтығы сөздік құрам болса, негізі сөздік қор солардың қайнап шыққаи, өсіп-өнген негізгі көзі, қайнар бұлағы деп танылады. Яғни негізгі сөздік қор-баяғыдан келе жатқан өнімді сөздердің тобы. Негізгі сөздік қор- болмаса, сөздік құрамдағы сөздер де көбейіп, байымас еді. Негізгі сөздік қор үзақ өмір сүргендіктен және ең қажетті сөздер болғандықтан, бір тілде сөйлейтін барлық адамға, барша ұрпаққа бірдей қызмет атқарады. Сонымен бірге бұлар тілдегі стилдік тармақтар мен әдебиет жанрының ешқайсын жатырқамайды, бәріне ортақ түрде жалпылама қолданыла береді.

сөздердің тұтас жинтығы. Белгілі бір халықтың тұрмыс жағдайын,күнкөріс тіршілігін,кәсібін түгел қамтып көрсетеді. Белгілі бір халықтың қоғамдық шаруашылық мәдини тұрмысы неғұрлым күрделі болса,соғұрлым сол тілдің сөздік құрамы да бай болады.
Сөздік құрам :
1)актив сөздер
2) пассив сөздер
Актив сөздерге осы тілде сөйлейтін адамдар тек түсініп қана қоймай, сөйлесу барысында жиі қолдана білетін сөздері жатады. Демек, актив сөздер осы тілде сөйлейтін адамдардың бәріне ортақ. Бұған күнделікті өмірде өзіміз айтып әрі естіп жүрген таныс сөздердің бәрін жатқызамыз.
Шекспирдің актив сөздері 12,000 болған деседі.

Пассив сөздерге көпшілік түсінгенмен, бірақ онша жиі қолдана бермейтін сөздер кіреді. Бұған әр ғылымның өзіне ғана тән тар көлемдегі терминдері, көнерген сөздер, тарихи сөздер, кәсіби сөздер кітаби лексикалар жатады.


Актив сөздер мен пассив сөздердің шекарасы жылжымалы, өзгермелі деп түсіну қажет. Яғни өзгеріске ұшырап отырады.















2. .

  1. Түркі тілдеріне ортақ сөздер тізімі(М.Томанов еңбегі бойынша)

Башқұрт тілі мен түркі тілі грамматикасының айырмасы
1) ғ,г,қ дыбыстарының алдында айтылған н мұрын жолды ң дыбысына айналады: боронғы(көне түркіше)- бороңғы(башқұртша)
2) Б,п,м ерін дауыссыздарының алдында айтылған н,м дыбысына айналады ( күрделі сөз, түбір мен қосымшада кездесе береді): ун бер( түркіше)-умбер(башқұртша)(он бір қазақша) биргәнбез(түркіше) биргәмбәз(башқұрт) бергенбіз(қазіргі қазақ тілі)

Тіл

Дыл

Тыл

Тил

Тел

Қазақ

Тува

Якут

Қырғыз,ноғай,құмық,өзбек

Татар,башқұрт



Ыт

Ит

Якут,тува

Қазақ, қырғыз,өзбек,түрікмен,ноғай,құмық,түрік, әзірбайжан



Жас

Йаш

Йеш

Қазақ

Қырғыз

Башқұрт



Өгүз

Өкүз

Оғус

Қазақ

Түрік

Якут



Байла

Бағла

Бәйлә

Қазақ

Өзше түркі тілдері

Татар



  1. Кірме сөздер жайлы арнайы мәтінге стилистикалық талдау

Араб тілінен енген сөздер қазақ тілінің даму тарихында айтарлықтай рөлі бар сөздер деп айта аламыз. Қазіргі заман талабына сай сөздерді аударуға да үлкен септігін тигізіп келеді. Араб жəне парсы елдері де өзгелер тəрізді ғасырлар бойы алыс-жақын көрші мемлекеттрмен экономикалық саяси, мəдени, қарым-қатынас жасап келеді. Тіпті бұл екі тілдің өзі аралас-құралас деп айтсақ та болады. Мысалы: парсы тілінің сөздік құрамының жартысы араб сөздері. Ал парсы лексикасының баюына әзірбайжан, түрік тілдері зор үлесін қосқан. Қазақ тілінің сөздік құрамы өте бай, дегенмен де қазіргі заман талабына сай ғылым мен техниканың даму кезеңінде, қазақ тілін ғылым тіліне айналдыруда біршама қиындықтарды осы Араб-парсы тілінен енген қазақыланған сөздердің көмегімен шешуге болады.Сонымен, араб-парсы тілдерінен енген кірме сөздер қазіргі қазақ тілінің активті лексикасының шамамен 15%-ын, пассивті лексикасының шамамен 7%-ын құрайды. Ислам дінінің тікелей ықпалына ұшырамауының, араб парсы лексикасының аздығына, ұлан-ғайыр қазақ даласының көшпелі тұрмысы мен қалаларға қоныстанбауы себепші болды деп Л.З. Рүстемовтің пайымымен аяқтаймыз
Стилистикалық талдау:

  1. Жоғарыда көрсетілген мәтіннің мақсаты- пайымдау, түсіндіру, насихаттау.

  2. Жанр- Мақала. Соның ішінде іскерлік мақалаға жатады.

  3. Мәтінде ғылыми сызықтар кездеседі, бірақ ғылыми стиль емес.

  4. Үзіндіде баламаушылық, насихаттаушылық, хабарлау, тақырып жалпыға түсінікті сөзбен жеткізіледі. Терминдерді, зерттеу жұмыстарын пайдалану арқылы тақырыптың мәнін тереңірек ашады. Бейнелеу, объективтілік білінеді.

  5. Бұл ерекшеліктері: қазақ тілінің активті лексикасының шамамен 15%-ын, пассивті… деген сияқты сөйлемдерден көрінеді. Үзінді пайымдау негізінде жазылғанымен эмоциялық белгілері жоқ. Жалпы зерттеу тақырыбы басты назарға алынған.

  6. Үзіндінің жолдары публицистикалық стиль екенін растайды.



  1. Калька тәсілі

Толық

Жартылай

Мәдениет үйі

Дом культуры

Фотосурет

Фотография

Қызыл алаң

Красная площадька

Теледидар

Телевидение

Шара қолдану

Принять меры

Телеқондырғы

Телефон

Ағылш. Green revolution

Зеленая революция

Микро толқынды пеш

Микроволновая печь

Photo
Video
Animation
Presentation

Фото
Видео
Анимация
Презентация

Боксшы
Тракторшы
Велосипедші

Боксер
Тракторист
Велосипедист


Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет