Социалистік елдердің экономикалық дамуы және реформалардың жүргізілуі. 50-жылдардың соңы мен 70-жылдардың бірінші жартысында социалистік елдердің экономикалық дамуында екі тенденция қалыптасты



бет1/2
Дата23.11.2022
өлшемі20,57 Kb.
#52099
  1   2

Социалистік елдердің экономикалық дамуы және реформалардың жүргізілуі. 50-жылдардың соңы мен 70-жылдардың бірінші жартысында социалистік елдердің экономикалық дамуында екі тенденция қалыптасты. Біріншіден, социалистік экономика жедел қарқынмен дамып, индустриялы-аграрлы елге айналып, халықтың түрмыс жағдайы жақсарды. Екіншіден, социализм қоғамында дағдарыстық қүбылыс тереңдей түсті. “Демократиялық социализм” халық алдында өшкерелене бастады. Социализмге деген сенімсіздік күшейді. Бірақ та социалистік елдер КСРО-ның көмегімен социалистік индустриализациялау жоспарын іске асыра берді. 60- жылдардың аяғы мен 70-жылдарда социалистік елдерде өнеркөсіп өнімдерін шығару 6—8 %-ға артты. Польша, Чехославакия жөне Болгарияда қара металлургия өнеркөсіп орындары салынып, жылына 4 миллион тонна болат өндірілді. Өнеркөсіптің жаңа салалары— қүрал жасау, электроника жөне химия дамыды.
Социалистік елдер арасында Чехия ауданы мен ГДР-да (Герман Демократиялық Республикасы) ауыр индустрия жедел дами түсті. Чехославакия мен ГДР дамыған он елдің қатарына қосылды. Бүл елдерде ғылыми-техникалық прогресс жетістіктері жаңа технология шығаруға пайдаланылып, жүмысшы кадрлары жоғары мамандықтарға дайындалды. КСРО газына есептеліп, Польша, Чехославакия жөне ГДР-да химия өңдеу орындары салынып, химия өнімдері халық шаруашылығында кеңінен қолданылды. КСРО жобасымен жөне ғылыми-техникалық көмегімен атом электростанциялары салынды. Чехославакия атом станцияларын жаңа технологиялармен жабдықтауға бейімделді. 1957 жылы ГДР-да атом реакторы жүмыс істеді.
50-жылдардың соңы мен 70-жылдардың бірінші жартысында со­циалист елдердің экономикалық дамуы біркелкі болмады. 50-жылдардың екінші жартысында Польша мен Венгрияда антикеңестік жөне антисоциалистік көтерілістер болды. Көтерілістердің зардаптарын қалпына келтіру көптеген шығындарды талап етті. Бүл елдер ауыл шаруашылықты бағытта дамыған. Социалистік ауыр өнеркөсіпті өркендетуге күш салып, өнеркөсіпке мемлекеттік қаржының бір бөлігін жүмсады. Өнеркөсіптің химия, машина жасау, ауыл шаруа- шылығына қажетті техника, электроника сияқты жаңа салалары дамыды. Аграрлы-индустриялы елдер қатарына Югославия, Румыния, Албания жатты. Бүл елдерде өндіргіш күштердің жедел дамуынан өнеркөсіп салалары өркендеуге мүмкіндік алды. Өнеркөсіпке қажет- ті шикізат КСРО-дан өкелінді. Румыния социалистік елдер арасында КСРО-дан кейінгі мүнай өндіретін екінші ел болды. 1960 жылы 11,5 миллион, 1968 жылы 13,3 миллон тонна мүнай өндірді. 50-жылдардың соңында КСРО-ның көмегімен Албанияда тау-кен өндірісі, химия жөне жеңіл, тамақ өнеркөсіп орындары салынды. 60-жылдарда Албания КСРО-мен қарым-қатынасты үзіп, Қытай Халық Республикасының көмегіне жүгінді. Бүл кезде КСРО мен ҚХР арасындағы байланыста қарама-қайшылық дамыды.
Орталық жөне Оңтүстік-Шығыс Еуропа елдерінің Үкіметі әлеуметтік шараларға айтарлықтай көңіл бөлді. Жүмыссыздық деген жоқ болды. Білім, денсаулық сақтау, түрғын үй жөне мөдениет салалары дамып, халықтың түрмыс жағдайы жақсара түсті. Мемлекетте өлеуметтік бағдарламалардың орындалуына көп көңіл бөлінді. “Демократиялық социализм” қоғамындағы жетістіктерді қорытындылай отырып, 1971 жылдарда социалистік елдер коммунистік пар- тиялардың съездерінде социализм толық жөне түпкілікті жеңіске жетті деген шешімге келді.
70-жылдардың бірінші жартысында социализм қоғамында дағдарыстық құбылыс байқалды. Социалистік мемлекет бүкіл қоғамдық дамуды өз мойнына алды. Рыноктық экономиканы қалыптастыра алмауы, жоспарлы халық шаруашылығы, ел қатынастарының дамуына кедергі болды. Жүртшылық мемлекеттік меншіктен оқшаулана бастады. Халық шаруашылығының барлық салаларында еңбекақы теңестірілді. Мемлекеттік қамқорлық халықтың еңбек етуге қабілетін төмендетіп, жалқаулыққа өкелді. Әкімшілік басқару жүйесінде қызметкерлердің саны өсті. Ғылыми-техникалық прогресс жетістіктері өндіріске толық енгізіліп, пайдаланылмады. КСРО АҚШ-пен соғыс өндірісі бойынша жарыста қару-жарақты жетілдіруге, ғылыми-техникалық революцияда ғарыш саласын, ядролық жөне зымырандық техниканы жетілдіруге ғана күш салды. Социалистік елдердің өндіріс саласындағы шығарылған өнімдері КСРО рыногына жүмыс істеді. Ал, КСРО рыногы өлемдік капита­лист елдердің рыногына шыға алмады. КСРО жөне социалистік елдер экономикасы қоршауда болды. Социалистік рынок түйық, өрі шектеулі қалпында қалды. Дамыған капиталистік елдерден өл- деқайда артта қалды.
50-жылдардың соңында социалистік елдер ауыл шаруашылығын жедел дамытуға бағыт алды. Ауыл шаруашылығы толық үйымдастырылды. Жердің 93—95 %-ы ауыл шаруашылығы кооперативтерінің меншігінде болды. Бүл елдерде жер төркіленіп, шаруаларға бөлініп берілді. Польша мен Югославияда жердің көп мөлшері жеке меншіктің қолында болды. Жеке шаруашылықта ауыл шаруашылық өнімдері өндірілді. Польшада 86 % өнім жеке кооперативтердің үлесіне тиді. Ауыл шаруашылығын үжымдастыруда КСРО-дағы колхоздастыру кезіндегі жіберілген қателіктер қайталанды. Әкімшілік басқару жөне күштеп үжымдарға кіргізу кең етек алды. Югославияда өзін-өзі басқару принциптері сақталды. Ауыл шаруашылығын дамы- туға социалистік мемлекеттердің компартиялары көңіл бөлгенмен, халықты азық-түлікпен толық қамтамасыз ете алмады. Польша, Вен­грия, Румыниядағы дағдарыстардың негізгі себептерінің бірі халықтың түрмыс жағдайының қиындауы, күнделікті азық-түлік тауарла- рына кезекте түру халықты шаршатты.
Орталық жөне Оңтүстік-Шығыс Еуропа елдерінде экономикалық реформалар жүргізуге мөжбүр етті. Реформалардың мақсаты социалистік экономиканың тиімділігін арттыру, ғылыми-техникалық прогресс жетістіктерін пайдаланып, өндірісті басқаруды жетілдіру, өндіргіш күшті арттыру жөне тауар-ақша жүйесін кеңейту болды.
1963 жылы ГДР-да экономикалық реформа жүргізілді. Соци- алистік өнеркөсіп бірлестігін қүру арқылы өзін-өзі басқаруды енгізді. Өнеркөсіп басшыларының еркін басқаруын жетілдірді. Шағын жөне орта көсіп иелеріне мемлекеттік қолдауды күшейтті. Мүндай реформалар Венгрия мен Польшада да жүргізілді. 1968 жылы Венгрияда халықтың түрмыс жағдайын жақсарту үшін мемлекет материалдық көмек көрсетті. Ауыл шаруашылығында өндірілген тауарлардың сатып алу бағасын өсірді. Югославияда шағын көсіпкерлікке қаржылық-ақшалай көмек көрсету арқылы та- уар-ақша жүйесін жетілдірді. Өнеркөсіп орындарында бөсекелестік күшейтіліп, бүл өндіргіш күштің өсуіне өкелді. Өзін-өзі басқару социализмі жетілдіріліп, рыноктық шаруашылықтың қалыпта- суына жағдай жасалды. Бірақ та өзін-өзі басқаруды жетілдіру реформасы толық аяқталмады. Әкімшілік басқару жүйесінде рефор­малар жүргізілді. Көптеген елдерде тоталитарлық-бюрократтық, догматтық, консерваторлық күштердің қарсылығы реформаны толық жүргізуге кедергі жасады. КСРО-ның өзінде реформалар жүргізілмеді, қоғамдық дағдарыс қалыптасып, социалистік елдерде экономикалық тоқыраулар саяси дағдарысқа жалғасты. КСРО-да тоқырау кезеңі басталды, реформалар тоқтатылды.
Социалистік елдердің саяси дамуы. 60-жылдың аяғында со­циалиста елдерде саяси реформалар жүргізілмеді. Тоталитарлық- өкімшілік жүйе толық үстем болды. Бүған қосымша бүл елдерде соғыстан кейінгі сталиндік диктат (өктемдік) жалғасты. Сталинизмдік-коммунистік идеология негізгі елдерде антисоциалистік, антикеңестік қарсылықтарға өкелді. Коммунистік партиялардың қызметі тоталитарлық өктемдікке жалғасты. Халықтық-демократиялық революциядан кейін социализм конституциялық негізде орнады. “Демократиялық социализм” жеңіске жетті. Конституция Польшада, Венгрияда, Болгария мен Албанияда халықтық-демок- ратиялық өкіметті бекітті. ГДР-да демократиялық, ал Чехослава- кия, Румыния жөне Югославияда социалистік Үкімет орнады. Әр социалистік елдердің атаулары өртүрлі болды. Саяси экономикалық қүрылымы біркелкі болған жоқ. Социализм принциптері Конститу­ция арқылы бекітілді. Социалистік демократия Конституция арқы- лы адамды қанаушылықты жойды, жеке меншіктің орнына мемлекеттік, халықтық меншікті орнатты. Азаматтардың қүқықтары, халық билігі сайлау арқылы жүзеге асырылды. Конституция коммунистік партиялардың қоғамдағы басшылық рөлін заңды түрде бекітті. Коммунистік партиялар диктатураға, авторитаризмге, жеке адамға бағыну негізінде қалыптасты. Демократия Конституция арқылы бекітілгенмен, іс жүзінде тоталитарлық диктатураға айналды.
Жоғары заң шығару органы барлық елдерде Конституция арқы- лы Парламент болып белгіленді. ГДР-де Парламент — Халық палатасы, Румынияда — Мемлекеттік жиналыс, Албанияда — Халық жиналысы, Югославияда Скупцина деп аталды. Парламент атқа- рушы билікті тағайындады. Польша мен Болгарияда Мемлекеттік кеңес, Албания мен Венгрияда Президиум, Чехославакия мен Югос­лавияда Президент Министрлер кеңесінің қүрамын, Парламентті бекітті. Саяси экономика жөне идеология саласында шын мөнінде партиялық басшылық үстем болды. Бірпартиялық жүйе халықтың конституциялық құқықтары мен саяси еркіндіктерін қағаз жүзінде сақтады. Идеология партиялар қолында болды. Коммунистік пар­тия мемлекеттік жөне қоғамдық үйымдардың қызметіне басшылық жасап отырды. Сайлау бірпартиялық жүйе принциптері бойынша 100 % дауыс беру арқылы жүргізілді. Коммунистік партия мен мем­лекет басшылары жоғарыдан бақылау жасап отырды.
Демократиялық сайлау қүқықтары жасанды түрде бүрмаланды. Жеке адамға табыну, мадақтау авторитарлық “көсемдерді” төрбиелеп шығарды. “Көсемдерді” орнынан алуға немесе ауыстыруға болмайтындықтан, “мөңгілік көсем” идеясы дөріптелді. Партия мемлекеттік басшыларды қалыптастырды. Олардың көбі КСРО-ның диктаттық саясатын сөзсіз орындауға мөжбүр болды. ГДР-ды 1971 жылға дейін басқарған Вальтер Ульбрихт, Эрих Хонеккер, Югос- лавияда И. Б. Тито, Болгарияда Тодорживков, Чехославакияда Ан­тонии Новотный, Венгрияда Янаш Кадар, 1965 жылға дейін Румы- нияны билеген Георге Георгу-Деж, 1989 жылға дейін ел басқарған Чаушкесу партия жөне мемлекет қайраткерлері атанды
Тоталитарлық-өкімшілік диктатура кезінде көптеген коммунистер мен зиялы адамдар қуғын-сүргінге үшырады. Оларға антикоммунистік, антисоциалистік, антикеңестік бағытта айып тағылып, түрмеге жабылды не болмаса шетелге кетуге мөжбүр болды. 70-жылдардың екінші жартысында көбі ақталды. Чехославакияда А. Дубсек, Ваулов Гавел, Венгрияда Имре Надь, Польшада Владислав Гомулка, Янаш Кадар, Густав Гусак, т. б. Социалистік қоғамдағы “ашық со­циализм” жаңа дағдарысқа үшырап, бүл “барқыт” революциясына жалғасты.
Өзара экономикалық кеңес үйымының қызметі (ӨЭК). 50-жылдардың соңында социалистік елдерде социализм қоғамы толық жеңіске жетті. Социалистік елдер арасында интеграциялық бағыт күшейіп, экономикалық дамуды бірлесіп шешуге мүмкіндік жасалды. Социалистік интеграциялық үйымның негізі 1949 жылы қүрылды. Өзара экономикалық көмек кеңесіне КСРО, Польша, Че- хославакия, Румыния, Венгрия, Болгария, ГДР мүшелері қатысты. 70-жылдарда Азия елдерінен — 1962 жылы Монғолия, 1972 жылы Куба, 1978 жылы Вьетнам кірді. Халықаралық социалистік еңбек бөлінісі негізгі мақсат болды. Социалистік елдер арасында үзақмерзімдік келісімдер арқылы ірі қүрылыстар салуға мүмкіндік жасал­ды.
50-жылдардың екінші жартысында социалистік елдер арасындағы экономикалық ынтымақтың арқасында “Достық” мүнай қүбыры жүргізіліп, 60-жылдарда “Бейбітшілік” электр энергиясының жоғарғы кернеудегі бағаналар жүйесі салынып, біртүтас электр жүйесіне кірді. 70-жылдарда біртүтас “Интервидение” радио жөне теледидар жүйесі қүрылды. Татарстанда “КамАЗ” автомобиль зауыты салынды. Бүлардың бірлігі экономикалық ынтымақ үйымының қызметі болды. 1971 жылы ӨЭК елдері бірігіп, кешенді бағдарлама қабылдады. Экономикалық ынтымақты тереңдету жөне дамыту саласында бірлесіп қызмет атқару керек болды. Әрбір социалистік елге өздерінің үлттық даму ерекшелігін ескере отырып, экономиканың белгілі саласы бойынша бейімделіп даму міндеті жүктелді. Халық шаруашылығын дамыту жоспарларын бір жерге орталықтандыру, кооперациялау жүргізілді. ӨЭК үйымының арқасында 1964 жылы Халықаралық экономикалық банк (МБЭС), 1970 жылы Халықара- лық инвестициялық банк (МИБ) қүрылды. Бүл банктардың қызметі социалистік елдердің жылу жөне энергетикалық кешендік жүйелерін дамытуға несиелік көмек көрсету болды.
70-жылдарда социалистік елдерде жаңа реформалық кезең басталды. Социализмнің жаңа моделін іздестіру негізгі мақсат болды. Реформа барысында 1971—1975 жылдары өлеуметтік салаларда мемлекеттік көмек айтарлықтай өсті. Халықтың түрмыс жағдайы 25—30 %-ға жоғарылады, өнеркөсіп өнімдерін өндіру 12 есеге өсті. Со- циалистік елдер өлемде өндірілген өнеркөсіп өнімдерінің-1 өндірді. Үлттық өнімнің -4- қамтамасыз етті. Дүниежүзілік сауданың 10 %-ы ғана социалистік елдер үлесіне тиді. Социалистік елдер экономикалық-өлеуметтік дамуда айтарлықтай жеңістерге жеткенмен, 70- жылдардың екінші жартысында тоқырау кезеңі басталды.
60-жылдарда социалистік елдер арасындағы екіжақты байла- ныстар жаңа бағыт ала бастады. КСРО мен Варшава үйымдары елдері арасындағы қатынастың жан-жақты дамуы социалистік елдер арасындағы саяси байланыстардың тереңдеуіне жағдай жасады.
КСРО басшылығы Варшава үйымын нығайту үшін күрес жүргізді. Социалистік елдер басшылары КСРО-ның диктаттық саясатына жөне Кеңес өскерлерінің түрақты қалдырылуына қар- сы күреске шыға бастады. Кеңестік социализм моделіне қарсылық күшейді. Польша, Венгрия, ГДР жөне Чехославакия елдерінде Кеңес өскерлері қалдырылды.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет