Қазақстан республикасының білім және ғылым министрлігі Абай атындағы Қазақ Ұлттық Педагогикалық университеті Филология институты Академик С.Қирабаев атындағы қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасы 6В01701 – Қазақ тілі мен әдебиеті СӨЖ №1 Пәні: Стилистика Тақырыбы: Қазақ тіл біліміндегі стилистиканы зерделеген ғалымдар еңбектері
Орындаған: Сарымсақ Камила Қабылдаған: Сейталиева Қ Алматы 2023 Қазақ тіл білімінде стилистикаға қарасты мәселелердің зерттелуі А.Байтұрсынұлы, Қ.Жұбанов еңбектерінен басталады. А.Байтұрсынұлының «Әдебиет танытқышында» көркем сөз бен көсем сөзге қатысты ой толғамдары, Қ.Жұбановтың Абай поэтикасының қыр-сырын ашқан мақаласы мен басқа да еңбектері бұл саладағы алғашқы ізденістер болды. Ал стилистиканың жеке ғылым саласы ретіндегі іргетасы қалануы М.Балақаевтың есімімен байланысты. Алғашқы басылымы 1966 жылы жарық көрген «Қазақ тілінің стилистикасы» оқулығы стилистиканың пәні мен нысанын, ғылымдар ішінде алатын орнын анықтаған тұңғыш еңбек болды. Мұнда стилистика ғылымының мақсат-міндеттері, функционалды стиль түрлері, әсіресе қазақ тілі стилистикалық құралдарының сипаты бір жүйеге түсіріліп қарастырылады. Экспрессивтік стилистиканың мәселелері тілдік бірліктердің эмоционалды-экспрессивтік қызметіне қатысты қарастырылды [1]. Кейінгі кезеңдерде қазақ стилистикасы І.Кеңесбаевтың, А.Ысқақовтың, М.Балақаевтың, Р.Сыздықованың, Е.Жанпейісовтің, С.Исаевтың, Х.Нұрмұқановтың, Ф.Мұсабекованың, Н.Х.Демесинованың, М.Серғалиевтың, Н.Уәлиевтің, Р.Әмірдің, Б.Момынованың, О.Бүркітовтың, Б.Хасановтың, Т.Қоңыровтың, Х.Кәрімовтың, Б.Шалабайдың, Ш.Мәжітаеваның, Д.Әлкебаеваның, Г.Әзімжанованың т.б. ғалымдардың зерттеулерімен толықты. Қазақ тілі стилистикасына жанама қатысы бар зерттеулер өткен ғасырдың, 30-40 жж. көріне бастады, негізінен, оларда аударма маселесі жене көркем әдебиеттің тілі, стилі сөз болады. Мұндай саладағы зерттеулер өткен ғасырдың соңғы жылдары кең өріс алды, сол жылдары әдеби тілдің ерекшеліктеріне баса көніл қоя бастады.
-Фольклордың тілі - Н. Адамбаева. Е. Жұбанов, Т.Қордабаев; - Абай тілі - Н. Сауранбаев, | Кеңесбаев, Р.Сыздықова: М.Әуезовтің тілі - М. Балақаев, Қ.Аханов, Е. Жанпейісов. М. Сергалиев; - F Мүсіреповтің тілі - М. Сергалиев, Б.Шалабай т.б. -Ә Кекілбаев, М.Мағауин тілі - Р.Сыздықова жене т.б. Ғылым Академиясының "Вопросы языкознания" журналы ұйымдастырған екі жылдық дискуссия материалдарына байланысты қазақ тілі стилистикасы да көптеген маселелерді қарастыра бастады, сөйтіп стилистикалық, зерттеулер жарық көре бастады. Мұндай ізденістер функционалды стилистика мен тіл құралдары стилистикасьның проблемаларын зерттеуді мақсат етеді. Мәселен, кейбір еңбектер:
- қазан төнкерісіне дейінгі баспасөз тілінің (Б.Эбілқасымов).
- қенес дәуіріндегі баспасез тілінің (С Исаев)
- қазақ ауызекі сөйлеу тіпнің (Р.Олр).
- қазіргі кездегі баспасез тілінің (О Буркітов, А Алдашева, Б.Момынова).
- көркем әдебиет тілінің (Р.Сыздық. Е. Жанпейісов, М.Сергалиев, Б Шалабай.
Х Карімов) ерекшеліктерін сөз етеді. Енді бір топ еңбектерде синтаксистік конструкциялар,атап айтсақ, синтаксистік синонимдер (М.Сергалиев), сөйлем мүшелері (Ш. Бектаева.О. Кулкенова. М.Шаяхметова) стилистикальқ зерттеуге арналды.
Стиль туралы М.Серғалиев былай дейді:
1. Әдеби тілдің бір түрі, демек сол тілде сөйлейтін баршаға түсінікті сөздер мен конструкциялар;
2. Стиль – тарихи категория;
3. Стиль – қоғамдық қызметтің бір саласында жұмсалады;
4. Тілдік құралдардың қандай да бір тобы емес, шартты тұйықталған тобы. Бұл тұжырым стиль жөнінде айтылған «белгілі бір тілдегі лексикалық, грамматикалық және фонетикалық тәсілдердің қолданылу принциптері» деген анықтамалардың кеңейген қазіргі стиль мәселесіне терең үңіліп, әртүрлі қасиеттерін танудан туған. Стилистиканың негізгі зерттейтін саласы – стиль. Біріншіден, стиль – тарихи категория дедік. Тарихы көне дәуірден бастау алған, өз қоғамына қызмет етіп отырған мемлекеттік мәртебесін алған тілдің тарихын тану, функционалды стильдердің әр дәуірде біреуінің ерте, біреуінің кеш даму сатысын бастан кешіргенін жүйелеу стильдің тарихи категория екендігін толығымен дәлелдейді. Екіншіден, стиль әдеби тілдің бір түрі болғандықтан, қазақ әдеби тілінің даму сатысымен қатарласа сөз болып жүр. Әдеби тілдің басты белгісі нормаланған, сұрыпталған тіл болу шартын көрсетсе, ол стильдің негізгі ұстанымы болып табылады. Үшіншіден, стиль қоғамдық қызметтің бір саласында жұмсалады, стильдерді жіктегенде осы қызметі толық анықталуы қажет. Мысалы: публицистикалық стильдің, ғылыми стильдің де, көркем әдебиет стилінің де қоғамдық қызметі белгілі ортада өз мақсатына жетті. Бұл функционалды стильдің экстралингвистикалық факторларға да байланысты екендігін көрсетеді. Лингвистикалық стилистика, негізінен, таза стилистикалық ерекшеліктерді сөз етумен қатар, басқа факторларды да қарастырады. Ол кез келген стильдің қоғамдық қызметі, қолданылу аясы, қоғамға қызмет ету құзіреті т. б. Академик М.С.Серғалиев: «Функционалдық стильдердің қай-қайсысы да шағын стильдерге жіктеледі» дей келе, ғалым әр стильдің сипатын көрсете келіп, көркем әдебиет стилін шағын стильге ажырату олардың жанрлық ерекшеліктеріне байланысты болады деген тұжырым айтады. Қазақ әдеби тілі фукционалдық стильдерін тармақтарға бөлу, жүйелеу мәселесінде қазақ тілші ғалымдары орыс тіл біліміндегі көзқарастардың ықпалында болды. Бұл туралы Р.Сыздық былай деп жазған болатын: «Сонымен, көптеген өзге тілдер сияқты, қазақтың қазіргі ұлттық жазба әдеби тілінің де бұл күнде функционалдық стильдері: көркем әдебиет стилі, публицистикалық, ғылыми (немесе ғылыми-техникалық), эпистолярлық стильдер және ресми іс-қағаздары мен кеңсе қағаздары стилі деп жіктелетін болса, оларды бір-бірінен ажырататын тілдік белгілері болуы керек. Бұлар жөнінде стилистика мәселесімен айналысқан зерттеушілер біршама пікірлер айтып, фактілерді көрсетіп келді. Олардың дені орыс тілінің функционалдық стильдерін сөз еткен еңбектерден алынған. Бұған, бір жағынан, публицистикалық, ғылыми әдебиеттің және ресми іс-қағаздарының орыс тілінен аударма түрінде ұсынылып келгендігі себепкер болса, екіншіден, функционалдық стильдер табиғатының тіл-тілдің қай-қайсында да кейде бір шамада болып табылатындығы да ықпал еткен болар». Осының нәтижесінде қазақ әдеби тілі стильдерінің кейбірін арнайы зерттеу кеш қалып келді.Ғалым Р.Сыздықова: «Тілдік нормадағы функционалды стильдерге қарай ажыратып тануда олардың бір стиль шеңберінде тұйықталған сипаты жағын білу керек. Өйткені бір функционалды стильдің ішінде ғана емес, азды-көпті стиларалық «ауыспалы тіркестер жүріп жатады». Мысалы, публицистикалық стильде ғылыми стильдің ерекшеліктері, көркем әдебиеттің элементтері кездесіп отыратыны стильдердің басты қағидаларының бірі екенін оның сол стильге тән лингвистикалық белгілерінің толық қамтитын бөлігіне байланысты да тану мүмкіндігін көрсетеді. Ал көркем әдебиет стилінде ғылыми стильдің де, ресми құжат түрінің ауызша түрі, немесе, сот залынан көрініс суреттелсе, заң тілінің де элементтері кездеседі. Ресми құжат тілі мен іс қағаздар тілінде де ғылыми стильге тән дәлдік, нақтылық бола отырып, реттілік көрсеткіштері, сөйлемдерінің тілдік құрылымдық ұқсас кешендерге жіктелген түрлерін кездестіруге болады», – дейді. Ал, С.Исаев стиль жөнінде: « ... стиль ең алдымен қолданылуда өзіндік ерекшеліктері бар тілдік элементтер жүйесі немесе әдеби тілдің өзіндік сөздік құрамы, грамматикалық тұлғалары бар сараланған бір бөлігі. Стиль әдеби тілдің даму барысында қалыптасады», – деп ой қорытады. Н.Уәлиұлының тұжырымдауынша, ғылыми стильде тіл амал-тәсілдерінің дерексіз сипатта “ұғым” түрінде болуы ғылыми стильдің басты айырым белгісі болса, сөздің деректі сипат алып, оның образға көшуі көркем әдебиет стилінің басты айырым белгісі. Ғылыми зерттеулер, ізденістер барысында пайда болған жаңа ұғым әуелде дерексіз шама, яғни заттық белгілері жоқ, ой арқылы ғана анықталған шама қалпында болады. Осы ұғымға ат қою арқылы оған заттық белгі беріледі, сол арқылы басқа атаулардан ажыратылады, оның мөлшерлік деңгейі, ауқымы анықталады. Сөйтіп, ол ғылым сарайының бір кірпіші болып қаланады. Дәлірек айтқанда, ол атау – “ғылым тілінің кірпіші”.
Публицистикалық стиль – қазақ әдеби тілі функционалдық стильдерінің қатарында тереңірек зерттелген салаларының бірі. Бұл саланың тарихы, қалыптасуы, жалпы алғанда, диахронды жай-күйі туралы еңбектер (Қ.Жұбанов, М.Балақаев, Б.Әбілқасымов, С.Исаев, І.Кеңесбаев, Е.Жанпейісов, Х.Бекхожин, Н.Қарашева, Ш.Мажитаева, Б.Момынова), әдеби нормалар мен тіл мәдениетіне қатысы, әдеби тілдің лексикалық құрамының толығуына ықпалы, тілдік құрамы (Р.Сыздық, Ә.Қайдаров, Р.Барлыбаев, Ө.Айтбаев, Б.Шалабай, А.Алдашева, С.Әлісжанов) туралы, сондай-ақ жаңа кезеңдегі публицистикалық стиль жанрларын прагматика, экспрессивті синтаксис, функционалдық стилистика, салыстырмалы тіл білімі (З.Ахметжанова, Ф.Жақсыбаева, Д.Әлкебаева және т.б.) аспектілерінде қарастырған еңбектер бар. Академик Р.Сыздықтың пікірі бойынша, қазақ публицистикалық стилі (газет-журналдар тілі) 1960 жылдардың орта тұсының өзінде-ақ қазақ әдеби тілінің лексикалық, грамматикалық құрамының өзгеруі мен толығуына елеулі әсер еткен және осы факторларды танытатын, сонымен қатар басқа стильдік тармақтардың тіліне де елеулі әсер ететін, жалпы алғанда, қалың жұрттың сөйлеуі мен жазуына ықпал жасайтын айрықша беделді доминант стильдік тармақ ретінде қалыптасты. Белгілі ғалым А.Алдашева қазіргі баспасөз тілінің жанрлық-стильдік ерекшеліктерін сөз еткенде: «Бір стильдік элементтердің екінші стильге ауысуын, әсер етуін ғылымда стиларалық диффузия деп атайтыны белгілі. Қазақ баспасөзінде осындай стиларалық диффузия құбылысы байқалып отыр. Бұлай болуының бірнеше себептері бар: Біріншісі – қазіргі баспасөзде ақпараттық қызметтен гөрі экспрессивтік ықпал ету қызметінің рөлі басым, күштірек. Бұл жағдайда өз кезегінде қазіргі қоғам дамуындағы саясиәлеуметтік бетбұрыс ықпалы бар. Нарықтық қоғамның басты ерекшелігі – бәсекелестікті дамыту, осы фактордың баспасөзге қатысы бар. Басқаша айтқанда, бұқаралық ақпарат құралдары оқырманның, тыңдаушының белгілі бір әсерін туғызу, сол арқылы бұқаралық ақпарат құралдарына мүдделілігін (интерес) арттыру үшін ақпарат берумен қатар, қалайда ықпал ету, өзіне тарту қызметіне көңіл бөлуде. Екіншіден, баспасөздің жанрлық-стильдік ерекшеліктерінің өзгеруіне ұлттық ой-санасы әсер етуде. Үшінші себебі – баспасөз журналистерінің тілінде еркіндік пайда болуы дейді. Көрнекті ғалым Б.Момынова былай дейді: «Публицистикалық стильге келсек, оны жеке стиль ретінде тану қажеттілігі өзіндік функциясынан, қызметінен туындайды. Публицистиканың ең басты қызметі – хабар, ақпарат жеткізу, тарату, үгіт-насихат жүргізу. Осы орайда ол тек таза ресми не көркем тілмен сөйлесе, мақсатына толық жете алмайтыны ақиқат. Оқырманды еліктіру, үгіттеу, бір мақсат, бір бағытқа жұмылдыруда экспрессия элементтері пайдаланылса, кейде ғылыми тілмен арнайы лексикамен сөйлеу қажеттілігі туындайды. Сондықтан санамаланған қасиеттің бәрі де өз бойынан табылатын публицистикалық стильді жеке функционалдық стиль ретінде тану қажет». Публицистикалық стильді арнайы зерттеген О.Бүркітовтің көрсетуінше, публицистикалық шығармалар тілінің мынандай негізгі ерекшеліктері болады: 1) берілген материалдың деректілігі мен ресми деректермен сәйкестігі; 2) берілген материалдың қалың көпшілікке түсініктілігі; 3) берілген материалдың оқырманға әсерлілігі. Публицистикалық стильдің хабарлау және ықпал ету қызметтері басқа функционалдық стиль түрлерінде де кездесіп отырады. Мысалы, ықпал ету функциясы публицистикалық стильге де, көркем әдебиет стиліне де тән. Бұл тұрғыдан мұндай белгілер оларды әрі біріктіреді, әрі оқшаулайды. Біріктіретін белгі жазушы да, журналист те өзінің шығармалары арқылы оқырман санасына әсер етуге ұмтылады. Ал оқшаулайтын белгі – туындыгердің оқиғаға өз көзқарасы. Туындыгер публицистің көзқарасы ашық, бірден беріледі де,жазушы көзқарасы көркем шығарманың композициялық құрылысынан кейін пайда болады. Яғни публицистикалық стильде ашық субъективтілік басым келеді. Мұның өзі журналист пен оқырман арасында үнемі байланыс орнауына негіз жасайды. Бұл байланыс әсер етудің негізгі жолы болып саналады. Қазақ тіл білімінде көркем әдебиет стилистикасы мен көркем шығарманың тілі туралы алғашқы ғылыми-теориялық тұжырым айтқан ғалымдардың бірі – М.Балақаев екені белгілі. Ғалым: «Жеке жазушының тіл өрнегінің толып жатқан бояубедері, өзіндік өсу, жетілу жолдары болады. Көркем әдебиет тілінің нәзіктігі көп жағдайда жазушының белгілі бір сөздері «мағыналық топқа кіру», яғни сөздерді өзара мағыналық байланысқа түсіру шеберлігімен байланысты», – деп жазады.
Пайдаланылған әдебиеттер:
1. Балақаев М., Жанпейісов Е., Томанов М., Манасбаев Б. Қазақ тілінің стилистикасы. – Алматы: Мектеп, 1966. (1974, 2005). –191 б.
2. Серғалиев М. Стилистика негіздері. –Астана, 2006. –271 б.
4. Байтұрсынов А. Тіл тағылымы. –Алматы, 1992.
5. Әміров Р. Ауызекі сөйлеу тілінің синтаксистік ерекшеліктері. –Алматы: Мектеп, 1997. –92 б.
6. Шалабай Б. Көркем әдебиет стилистикасы. –Алматы, 2000. –196 б.
7. Сыздықова Р. Сөз құдыреті. –Алматы: Санат, 1997. –224 б.
8. Әлкебаева Д. Қазақ тілі стилистикасының прагматикасы. –Алматы, 2005. –
9. Бүркітов О. Қазақ әдеби тілінің публицистикалық стилі (мерзімді баспасөз материалдары бойынша). Канд. дисс.авторефераты. – Алматы, 1996. –24
10. Балақаев М.Б. Қазақ әдеби тілі және оның нормалары. – Алматы: Ғылым, 1984