Мақсаты:
Шоқан Уәлихановтың қысқа да саналы ғұмырында артына қалдырған сан қырлы ғылыми еңбектері туралы кеңінен мағлұмат беру, елі, халқы үшін істеген игі істерін мақтан ету, үлгі ету. Ұлы ғалым Шоқан Уәлихановтың өмір тарихын, өзінің қысқа өміріндегі шығармашылығы мен саяхаттары, зерттеулерімен таныстыру. Шоқан шығармашылығын тану. Шоқанды тану арқылы ұлттық сана мен патриотизмге, рухани білімділікке, мәдениеттілікке тәрбиелеу.
Дүниеге Шоқан келуі үшін қаншама асыл да нәзік қасиеттерді бір ғасырдан екінші ғасырға сақтай келіп және тұтас ұрпақтармен тәуекел етіп, бір руда сақтау керек болды. Халыққа данышпан қаншалықты қиын берілгенімен, және ол оны оп-оңай жоғалтып алады. ол болашақтың адамы еді, бірақ өткен шақта өмір сүрді. оның осы шағы – арман мен үмітсіздік, өмірге құштарлық пен түңілушілік сияқты балқытылмайтын компоненттерден құралған болатын.
Олжас Сүлейменов.
Шоқан Уәлиханов – қабілетті және жігерлі адам, ондай адам сібір буратаналарының арасында болмаған.
К.Губарев
«Шоқан Уәлиханов барлық Алты шаһардың жай-күйі туралы өте маңызды материалдар жинап үлгерді және тіпті, керек десеңіз, Адольф Шлангинтвейттің өлімі мен салдары туралы бірінші болып зерттеп білді. Қашқар сапары өте қауіпті болды».
П.Семенов Тянь-Шанский.
«Осы бір әлі тым жас кавалериялық офицер, дәрежесі бойынша штабс- капитан болса керек, шені бойынша Св.Владимир кавалері, шыққан тегі бойынша сұлтан, Шоқан есімді, әкесі жағынан Шыңғысұлы, ата-тегі бойынша Уалиханов (атасы жағынан-Уәли, сұлтан тегінен шыққан). Сібір қырғыздарынан шыққан Ш.Уәлиханов, ол Қашқарға саяхат жасаған және осықыста Географиялық қоғам мәжілістерінің бірінде сапарынан түйгендерін оқып шықты, білімдарлығы мен шынайы көзқарастары айқын көрініп тұр».
П.Небольсин,
тарихшы-этнограф, географ.
«Шоқан Уәлихановтың өнегесі ауыл үшін ықпалды болды. Бұл бұрын соңды болмаған феномен еді-офицер, генерал-губернатордың нөкерлерінің бірі, Омскідегі жоғары ортаға қабылданған, одан ары керемет ақыл қабілеттігімен және ойының дұрыс бағытталуымен жергілікті орыс қоғамында өзіндік абыройы бар қырғыз баласы».
Г.Потанин.
Достарыңызбен бөлісу: |