СӨЖ 6 Ақын жырларындағы күрескерлік, жауынгерлік, азамматтық әуендер
М.Өтемісұлының күрескерлік -жауынгерлік, азаматтық әуен жырлары. Махамбет – қазақ әдебиетіндегі сыншыл реалистік, романтикалық толғаудың ақыны. Ақынның жырларындағы күрескерлік, жауынгерлік, азаматтық әуендер / «Ереуіл атқа ер салмай», «Беркініп садақ асынбай», «Атадан туған аруақты ер», «Ұл туса», «Мен ақсұңқардан туған құмаймын», «Арқаның қызыл изені», «Желден де желгір ақбөкен», «Күн қайда?», «Бағаналы терек жарылса», т.б./
Махамбет өлеңдерінің философиялық-дүниетанымдық тереңдігі / «Орай да борай қар жауса», «Арғымақ сені сақтадым», «Арғымақтың баласы», «Жалған дүние», «Еменнің түбі сары бал», «Аспандағы бозторғай», «Пыр-пырлай ұшқан қасқалдақ», «Жалғыздық», «Қарағай шаптым шандоздан»/.
Шығармаларында халық тұлғасы мен Исатай батыр бейнесінің жырлануы / «Исатай деген ағам бар», «Кел, кетелік», «Жақия», «Әй, Махамбет жолдасым»/Исатай атынан/, «Мінгені Исатайдың Ақтабан-ай!», «Соғыс», «Тарланым», «Мұнар күн», «Тайманның ұлы Исатай», «Есіл ер», «Толарсақтан саз көшіп», «Мұңайма», «Айныман», «Біз ер едік», «Қызғыш құс», т.б. өлеңдері/.
Лирикалық өлеңдеріндегі ақынның өз бейнесінің сомдалуы / «Менің атым Махамбет», «Махамбеттің Баймағамбетке айтқан сөзі», «Қылыштай қиғыр алмас ем», «Мен – тауда ойнаған қарт марал»/.
Махамбет өлеңдеріндегі жыраулық-ақындық дәстүр жалғастығының белгілері, сондай-ақ ақынның өзіндік төлтума ерекшеліктері. Ақынның шығармаларындағы өлшем-өрім, тіл бейнелілігінің мәселелері.
Ақын өлендерінің негізгі тақырыбы — теңдік пен бостандық, әділдік үшін күрес, қанаушы отаршылдық жүйеге қарсылық болып келеді де әрқашан жігерлі асып-тасып жатқан асқақ рухпен көмкеріледі, оған көне дәстүр бойынша философиялық терең толғамдар, пайымдаулар сабақтасып отырады.
Махамбет ақын – ұлт азаттығы үшін күрескер тарихи тұлға ретінде біздің Тәуелсіздігіміздің бастау көздерінің бірі ретінде саналады. Сондай қоғам қайраткерлігімен бірге, өзінің отты, жалынды өлеңдері арқылы бар өмірін туған халқының мұңын жоқтауға арнаған ардақты ақын.