Ересек топтарға арналған жалпы жетілдіруші жаттығулар түрлері
Жалпы дамыту жаттығулары
Жалпы дамыту жаттығулары дененің жекелеген бөліктерінің қимылын жəне олардың өзара үйлесімді болуын дамытады. Бұл жаттығулар тез немесе баяу, белгілі бір жабдықпен немесе жабдықсыз орындалуы мүмкін. Жалпы дамыту жаттығуларын тиісті қажеттілікке қарай жеңілдетуге де, күрделендіруге де болады. Мəселен, қол бос болса, оны жанымен жоғары көтеру киынға соқпайды. Ал қолда гантель болса, оны жоғары көтеру, əрине, қиынға түседі.Өйткені, біріншіден, оны көтеруге көп күш жұмсау қажет, екіншіден, гантельдерді көтерген кезде түсіріп алмай, мықтап ұстау қажет болады. Жалпы дамыту жаттығуларын орындап үйрену аса қиынға түспейді. Дегенмен, ескеретін бір жайжалпы дамыту жаттығуларын орындай жүріп, белгілі бір қимылды немесе басқа да бір қимыл элементтерін не үшін орындап тұрғанын жақсы білуі қажет.
Жалпы жетілдіруші жаттығулар
Қимыл-қозғалыс баланың кез-келген іс-әрекетінің негізін құрайды. Баланың белсенді қимыл-қозғалысына шектеу қою өсіп келе жатқан организмнің биологиялық қажеттіліктерін қамтамасыз етуіне кері әсерін тигізеді, сенсорлық дамуына кедергі жасайды.
Физикалық жаттығулар дене тәрбиесінің негізі болып табылады. Жетілдіру жаттығулары денсаулықты нығайтуға, организмді жетілдіру мен шынықтыруға,жұмыс қабілетін арттыруға жақсы әсер етеді. Оның аса маңызды міндеттерінің бірі тұлға мен табанның бұзылуына жол бермеу болып табылады.
Балалар бақшасындағы жетілдіру жаттығуларының ерекшелігі- балаларды дұрыс қимылдауға үйрету. Бұл жағдайда балаларда кеңістіктегі орнын бағдарлай білуі, қимылды айқын, дәл, тәрбиеші ұсынған екпінде, ырғақта, бағытта орындауы дамып жетіледі. Жетілдіру жаттығуларының ұйымдастырушылық және тәрбиелеушілік үлкен маңызы бар.