М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті «Ұстаз» институты 1. Қаламсаппен жазуға үйрету. 2. Дәптерді толтыру тәртібі. 3. Сынып тақтасына жазу тәртібі. Жоспары: Балаларды жазуға үйрете отырып, олардың жеке дара ерекшелігін ескеру керек: балалардың жазу қабілеттерін білу, көзінің көру қабілетін ескеру, қимыл – қозғалыстарын ескеру қажет. Мұғалім баланың дұрыс отыруын, дәптерді орналастыруын, қаламсапты ұстауын, әріптің формасын, тез немесе баяу жазуын байқап отыруы керек. Қаламсаппен жазуға үйрету Яғни, бала қаламсапты ұстай білу керек. Бұл қозғалыстар мектепке дейінгі кезеңде қалыптасады. Баланың шар, төртбұрыш т.б. заттарды ұстай білу қабілеті 15 айлығында дамыса, қаламсап ұстай білу қабілеті кешірек қалыптасады. Т.С.Коморова « Бала 3 жасында қол қимылы қалыптасқанымен қаламсапты ұстай алмайды». Бұл қабілеттерді арнайы жаттуғулар арқылы: сурет салу, жабыстыру т.б. негізінде қалыптастыруға болады. Е.Н.Соколованың зерттеу жұмысында 4 – 7 жасар баланың саусақ сүйектері онша дамымаған, олар жазған кезде ерні қоса қимылдайтыны байқалған. Яғни, сөйлеу және қол қозғалысы бір – бірімен байланысты болады. Жазуға үйрету кезінде саусақтың қозғалысының маңызы зор. Жазу үрдісін жүзеге асыру үшін жазу құралдарының (қаламсап, қарындаш, бор) көмегі керек. Бұл заттардың қолданылу жолдарын білуі міндетті. Ережесі: 1. Жазудың құралдарын пайдалана білу; 2. Дәптердің дұрыс орналасуы; 3. Дұрыс отыра білу; 4. Қолдың дұрыс қозғалысы; 1. Үлгі мен жазудың нәтижесін салыстыра білу; 2. Баспа әріпті жазбаша түрде жаза білу; 3. Әріптің дұрыс жазылуын білу; 4. Әріпті байланыстыра білу ( үзіліссіз, жоғарғы жағынан, төменгі жағынан ); 5. Әріптің біркелкілігін сақтау; 6. Сызықтар арасында және бір сызықта жаза білу;