Сөж глоссарий Орындаған



Дата28.04.2023
өлшемі20,08 Kb.
#88070
Байланысты:
Философия эссе


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ ЖОҒАРЫ БІЛІМ МИНИСТРЛІГІ
Коммерциялық емес акционерлік қоғам
«М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті»
СӨЖ
Глоссарий

Орындаған: Әмір Айгерім Абдуллақызы
Тобы: Фи-21-11К3
Қабылдаған: ___________________________


1)Азаматтық қоғам – саяси құрылымдарымен, соның ішінде мемлекетпен салыстырғанда қоғамдық өмірдің біртұтастығын сипаттайтын ұғым.
2)Аккультурация — әртүрлі мәдениеттердің өзара әсерін білдіретін ұғым.
3)Әлеуметтік ақпарат – қоғамдық, сондай-ақ, адам, қоғам және табиғат арасындағы қатынастардың өзара әсерін реттеп отыру үшін қолданылатын, қалыптасқан, үнемі жаңарып отыратын білімдердің, мәліметтердің жиынтығы.
4)Әлеуметтік ереже – адамдардың мінез-құлқын және олардың топтағы қарым – қатынасын реттейтін тарихи қалыптасқан әдет.
5)Әлеуметтік эксперимент — әлеуметтік объектіге арнайы енгізілген басқарушы және бақылаушы факторлар әсер еткенде туындайтын сандық және сапалық өзгерістер жөнінде мәлімет алу әдісі.
6)Бақылау — әлеуметтік деректер жинаудың негізгі әдістерінің бірі. Бақылаудың көмегімен әлеуметтік құбылыстарға, процестерге жүйелі түрде үздіксіз зерттеу жүргізу өте тиімді.
7)Бейсаналық – субъектінің санасына бағынбайтын психикалық процестердің жиынтығы. З.Фрейдтің пікірінше бейсаналыққа адам санасынан шығарылып тасталған құмарлықтар жатады.
8)Билингвизм – қостілділік.
9)Бюрократия – қатаң да дәл ережелер мен үлгілер арқылы реттелетін қызметтер мен биліктің бөлінісіне негізделген қызметтер мен рольдердің иерархиясынан тұратын әлеуметтік құрылым.
10)Девиация – көпшілік мойындаған ғадеттік ережелерден ауытқу.
11)Дезинтеграция – жүйенің ішкі құрылымының ыдырау процесі.
12)Деноминация – басқа діндердің заң аясындағы қызметін қолдайтын және қоғаммен арақатынасын позитивті принциптерге негіздейтін діни ұғым.
13)Еңбек – адамның іс-қимылының негізгі түрі, оның тіршілік ету тәсілі. Еңбек арқылы көзделген мақсатқа жетуге болады. Еңбек адамның қалыптасуына, оынң қоршаған отра бейімделуіне шешуші әсер етеді.
14)Коммуникация – бір адамның екінші бір адамға мәлімет беруі. Коммуникацмя кез келген әлеуметтік өзара қатынастардың негізі.
15)Конвергенция ілімі – капиталистік және социалистік қоғамдардың біртіндеп, біте қайнасып, бір біріне сіңісуін уағыздайтын бағыт.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет