Механикада тербелістер деп дененің бірдей уақыт аралығындағы дәлме – дәл немесе жуықтап қайталанып отыратын қозғалысын айтады.
Дене қозғалысы толығымен қайталанып отыратын ең аз уақыт аралығын (интервалын) тербеліс периоды деп атайды. тербеліс периоды дегеніміз — бір толық тербеліс жасауға кеткен уақыт Бірлік уақыт ішіндегі тербелістер саны тербеліс жиілігі деп аталады.
Егер маятниктің ұзындығын өзгертпей, оған массалары әр түрлі жүктер ілсек,
онда маятниктің тербеліс периодының өзгермейтіндігі байқалды. Математикалық маятниктің периоды жүктің массасына тәуелді болмайды.
2. Егер маятникті қозғалысқа келтіргенде оны әр түрлі бұрьшқа (бірақ өте үлкен емес) ауытқытатын болсақ, онда ол амплитудасы түрліше болғанымен, бірдей периодпен тербелді. Математикалық маятниктің периоды тербеліс амплитудасына тәуелді болмайды. 3. Маятник неғұрлым ұзын болса, тербеліс периоды соғұрлым көп болды. Ал, керісінше, маятник неғұрлым қысқа болса, тербеліс периоды соғұрлым аз болды. Тербеліс периоды маятник ұзындығына тәуелді болады. Тербелмелі процестер жүзеге асатын құрылғыларды тербелмелі жүйелер деп атайды. Осындай жүйелердің қарапайым түрі - математикалық және серіппелі маятник. Математикалық маятник деп созылмайтын салмақсыз жіңішке ұзын жіпке ілінген кішкентай ауыр шарды айтады. Сабақ барысы Тербеліс түрлері Еркін тербелістер жүйе тепе-теңдік жағдайынан шығарылған кездегі жүйедегі ішкі күштердің әсерінен болады.
Еріксіз тербелістер сыртқы периодты күштер әсерінен болып тұрады. Тербелмелі қозғалыс кезінде жылдамдық пен үдеу периодты түрде өзгеріп отырады. Тербелістердің серпімді ортаның бір бөлшегінен екінші бір бөлшегіне таралу процесі механикалық толқын деп аталады. Пайда болу табиғатына қарай толқындар механикалық және электромагниттік болып бөлінеді. Сол ортадағы нүктенің тербеліс бағытына қатысты және толқынның таралу бағытына байланысты толқындар көлденең және бойлық ( қума ) толқындар деп екіге бөлінеді.
Ал электромагниттік толқындар - бір-бірімен байланысқан айнымалы электр және магнит өрістерінің кезекпен өзгеруі. Жиілігіне және толқын ұзындықтарына байланысты электромагниттік толқындарды мынадай жеті түрге бөледі: 1. Төменгі жиілікті сәуле шығару;
2. Радиотолқындар;
3. Инфрақызыл;
4. Көрінетін сәуле шығару;
5. Ультракүлгін сәуле шығару;
6. Рентген сәулелері;
7. Гамма-сәуле шығару.
Олардың табиғаты бірдей болғанымен қасиеттері әр түрлі.
Көрінетін жарық спектрі
Түстер
Толқындардың ұзындығы (нм)
Қызыл
625 - 740
апельсин
590 - 625
Сары
565 - 590
Жасыл
520 - 565
Көгілдір
500 - 520
Көк
435 - 500
күлгін
380 - 435
Жарық дисперсиясы - ортадағы жарықтың таралу жылдамдығы толқын ұзындығына тәуелді (сыну көрсеткіші).Көрінетін жарық спектрі - адамның көзіне көрінетін электромагниттік
сәулелену спектрінің бөлімі. Толқындардың ұзындығы 400 нм-ден
(4 х 10 -7 м, күлгін) 700 нм-ге дейін жетеді
(7 х 10 -7 м, қызыл). Ол сондай-ақ жарықтың оптикалық спектрі немесе ақ жарық спектрі ретінде белгілі.
Дисперсия- ақ жарықтың спектрге жіктелуінің себепкері. Ақ жарық - күрделі.
Спектрлі жарық - монохроматты (белгілі λ толқын ұзындығы бар).
Вакуумде дисперсия байқалмайды.