СөЖ «Кванттық химиялық есептеулердің компьютерлік бағдарламалары.» Орындаған



бет1/5
Дата17.10.2023
өлшемі91,9 Kb.
#117127
  1   2   3   4   5

Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі
Әл - Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті








Факультеті «Химия және химиялық технология»
СӨЖ
«Кванттық химиялық есептеулердің компьютерлік бағдарламалары.»


Орындаған:Мейрамбек Гауһар
Тексерген:Калабаева М.К

Алматы 2023ж


Жоспар:
I.Кіріспе
II.Кванттық химияның даму тарихы
Жартылай эмпирикалық әдісі
Молекулалық орбитальдар әдісі
Бір электронды жуықтау немесе Хюккель әдісі
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі


Кіріспе


Кванттық химия қандай ғылым? Бұл сұраққа былайша жауап беруге болады: Кванттық химия бұл заттың химиялық және кристалдық құрылымын және кванттық механика негізінде заттың құрылысы мен қасиеті арасындағы байланысы зерттейтін ғылым. Кванттық химияны теориялық ғылым деп санасақ, біз қателесеміз, өйткені кванттық химия тәжірибе жүзінде алынған заттың құрылысы мен қасиеті жөніндегі мәліметтер мен заттың құрылысынтүсіндіретін классикалық теорияның негізгі заңдылықтарымен тығыз байланысты.Кейін көрсетілетіндей кей әдістер эксперимен жүзінде алынған кейбір параметрлерді қамтитын болады.



    1. Кванттық механика және кванттық химия

Ғылыми теорияның дамуы екі сатыда жүреді – интенсивті және экстенсивті. [1]. Дамудың интенсивті сатысы негізгі постулаттарды шығару, яғни интерпретация нәтижесіндегі теория принциптерінің пайда болуынан тұрады. Экстенсивті даму- жаңа тәжірибелік мәліметтерге қосымша теориялар енгізуден басталады.
Бұл жағдаймен кванттық механикада байланысты болды, оның пайда болуы сутек атомының спектрі, қатты заттардың жылусиымдылығы және сәулеленудің эмперикалық заңдарын түсіндіруменбайланысты болды. Кейінірек кванттық механика постулаттары кванттық химияның негізін қалады. Бұл бүгінгі таңда программалау мен сандық әдістердің (берілген дәрежедегі жүйелерді дәл шешуге мүмкіндік беретін рәсімдер) симбиозына айналды.
Не себепті сандық әдістер:
Соңғы жайт түсіндіруді қажет етеді. Шредингер теңдеуі тек бір немесе екі бөлшектен тұратын жүйелер үшін қолданылады, ал сутек молекуласы шешілуі қиын есепті құрайды. Сол себепті кванттық химия кванттық механика постулаттарын толықтыратын принциптер жиынтығын, сонымен қатар есептеудің күрделілігін төмендетуге негізделген түрлі алгоритмдер мен жорамалдардан тұрады. Бұдан кез -келген есептеу үшін екі негізгі критерия шығады: дәлділік және жылдамдылық. Әрине осы параметрлер жоғары болған сайын, соғұрлым жақсы. Дәл осы «қайшылық» кванттық химияның дамуының негізі.
Айта кететіні, кванттық химияны химия ғалымдары суық қабылдады. Толық қалыптасып болмаған теориялық химия бөлімін жақтаушы негізгі аргумент – кез келген қосылыс үшін ( көбіне күрделі) есептеу нәтижесі (геометриялық параметрлер, жүйенің толық энергиясы) қолданылған әдіске байланысты түрліше болуы мүмкін.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет