СөЖ оқытушының тапсырмасы бойынша аудиториядан тыс уақытта (аудиторияда) орындалатын студенттердің жоспарланған оқу, оқу-зерттеу, ғылыми-зерттеу жұмыстары. Өзіндік жұмыс оқу сабақтарының бір түрін құрайды
СӨЖ – оқытушының тапсырмасы бойынша аудиториядан тыс уақытта (аудиторияда) орындалатын студенттердің жоспарланған оқу, оқу-зерттеу, ғылыми-зерттеу жұмыстары. Өзіндік жұмыс оқу сабақтарының бір түрін құрайды. Сондықтан шығармашылық іс-әрекеттің бір түрі ретінде өзіндік жұмыстың ролі сапалық оқу үрдісін көтеру жолында өте жоғары болып табылады.
СӨЖ мақсаты – болашақ мамандық бойынша іргелі білімді, кәсіби шеберлікті және дағдыларды, шығармашылық, зерттеу тәжірибесін игеру, дербестікті, жауапкершілікті және ұйымшылдықты, оқу және кәсіби деңгейдегі мәселелерді шешуге шығармашылық көзқарасты дамыту.
СӨЖ міндеттері:
1) Студенттердің алған теориялық білімдері мен практикалық іскерліктерін жүйелеу және бекіту;
2) Теориялық дайындықты тереңдету және кеңейту;
3) Нормативтік, құқықтық, анықтамалық құжаттарды және арнайы әдебиеттерді қолдана білуді қалыптастыру;
4) Студенттердің танымдық қабілеттері мен белсенділігін дамыту: шығармашылық, дербестік, жауапкершілік және ұйымдастырушылық;
5) Ойлау дербестігін, өзін-өзі дамыту, өзін-өзі жетілдіру және өзін-өзі жүзеге асыру қабілетін қалыптастыру;
6) Зерттеу дағдыларын дамыту;
7) Тәжірибелік сабақтарда, курстық және бітіру біліктілік жұмыстарын жазу кезінде, қорытынды сынақтар мен емтихандарға тиімді дайындалу үшін өзіндік сабақтар барысында жиналған және алынған материалдарды қолдану.
СӨЖ функциялары:
1) Дамытушы (ақыл-ой еңбегінің мәдениетін арттыру, шығармашылық қызмет түрлеріне баулу, студенттердің зияткерлік қабілеттерін байыту);
2) Бағдарлаушы және ынталандырушы;
3) Тәрбиелеу (маман мен азаматтың кәсіби қасиеттері қалыптасады және дамиды);
4) Зерттеу (кәсіби-шығармашылық ойлаудың жаңа деңгейі).
СӨЖ негізінде келесі принциптер жатыр:
1) Шығармашылық қызметті дамыту;
2) Нысаналы жоспарлау;
3) Тұлғалық-іс-әрекеттік тәсіл.
СӨЖ-ден күтілетін нәтижелер:
1) Болашақ маманның білімін меңгеру, кәсіби біліктерін, дағдылары мен құзыреттіліктерін қалыптастыру;
2) Теориялық материалды практикалық жолмен бекіту;
3) Өзін-өзі дамытуда тәрбиенің де қажеттілігі;
4) Тұлғаның танымдық және шығармашылық қабілеттерін барынша дамыту;
5) Ғылыми-зерттеу жұмысына ынталандыру және білім беру процесінің сапасын және қарқындылығын арттыру;
6) Таңдаған мамандығына қызығушылықты қалыптастыру және оның ерекшеліктерін меңгеру;
7) Өз ұстанымын, теориясын, моделін қалыптастыру үшін, кез-келген жағдайға анализ жасау және дұрыс шешім қабылдау үшін алған білімі мен тәжірибелік дағдыларды қолдану.