Семей қаласының Шәкәрім атындағы университеті КеАҚ
Филология факультеті
Қазақ филологиясы және журналистика оқу кафедрасы
СӨЖ
Орындаған : Кенжебеков Ерасыл
Топ: ЖУ-001
БАҚ-ты таратуды меншік иесінің шешімі бойынша оның өзі шарт негізінде немесе өзге де заңды негіздерде редакция, баспагер сондай-ақ ұйымдар мен азаматтар жүзеге асырады.
Заңды негіздерде жүзеге асырылатын БАҚ-ты таратуға жеке немесе заңды тұлғалар, сол сияқты мемлекеттік органдардың лауазымды адамдары тарапынан кедергі жасауға, заңсыз тәркілеуге, сондай-ақ таралымын немесе оның бір бөлігін жоюға заңды күшіне енген шешімі негізінде болмаса жол берілмейді. Мерзімді басылымның әрбір шығарылымында мынадай мәліметтер болуға тиіс. Бұқаралық ақпарат құралының атауы, БАҚ меншік иесі, бас редактордың тегі және аты-жөні, есепке қою туралы куәліктің нөмірі мен берілген күні және оны берген органның атауы, басылымның мерзімділігі, БАҚ-тың рет нөмірі мен жарық көрген күні, таралымы немесе тиражы, баспахананың атауы, оның мекен-жайы, БАҚ, оның ішінде телерадио хабарларын таратуда эфирге әрбір шыққан сайын, ал үздіксіз хабар таратқан жағдайда тәулігіне кемінде 4 рет өзінің атауын жариялап отыруға міндетті.
Бұқаралық ақпарат құралының өнімін тарату деп мерзімді баспасөз басылымын, бағдарламаның аудио - немесе бейнежазбасын сату, жазылу, жеткізу, тарату, телеарнаны, радиоарнаны (телевизиялық хабар тарату, радио хабарларын тарату) хабар тарату, телебағдарламаны, радиобағдарламаны тиісінше телеарна, радиоарна құрамында тарату, кинохроникалық бағдарламаны көрсету, желілік басылымға қол жеткізуді ұсыну, таратудың өзге де тәсілдері түсініледі.