СөЖ: Сөзжасамның негізгі теориялық ұғымдары



Pdf көрінісі
Дата24.04.2023
өлшемі1,2 Mb.
#86418


əл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті
СӨЖ:Сөзжасамның негізгі теориялық
ұғымдары
Орындаған:Оразалы Айбике
Қабылдаған:Салқынбай Анаркүл
Бекмырзақызы


Сөзжасамның жеке сала ретінде
танылуының басты белгісі оның негізгі
ұғымдарының болуы.
Сөзжасамның кешенді бірліктері мыналар:
Сөзжасамдық тұлға;
Сөзжасамдық ұя;
Сөзжасамдық мағына;
Сөзжасамдық үлгі;
Сөзжасамдық қалып;
Сөзжасамдық тізбек;
Сөзжасамдық жұп;
Сөзжасамдық саты;
Сөзжасамдық тарам;
Сөзжасамдық байланыс.


Сөзжасамдық тұлға
• Сөз жасауға қатысатын бірліктер – негіз
(түбір) бен сөз тудырушы жұрнақтар
сөзжасамдық тұлға деп аталады. 
• Түбір сипатындағы сөзжасамдық сипатындағы
сөзжасамдық тұлғалар: ас - ас+хана, ас+у, ас+шы, ас+паз
ал - ал+ма, ал+ақан, ал+қа, ал+қым, ал+ды; тұл – тұл+пар,
тұл+ым, тұл+ға.
• Негіз сипатындағы сөзжасамдық тұлғалар: бал –
бал+а, бал+ға, бал+шық, бал+та, бал+апан,
бал+ғын; ой – ой+ын, ой+ла, ой+шыл, ой+ғыш,
ой+рат,ай ай+лы, ай+сыз,ай+ым, ай+ғай, ай+бат,
ай+бат.


Сөзжасамдық ұя
• Себепші негіздерден сөзжасамдық тəсілдер арқылы
жасалып, атау қызметін атқаратын белгілі құрылымдағы
түбірлес туынды сөздердің жиынтығы – сөзжасамдық ұя деп
аталады. 
Мысалы:өк-өгіз-өгізше, өгіздей, өгіздік; өкір-өкіреш-
өкіреңдеу; бөл-бөлу, бөлшек, бөлік, бөлім, бөлек,
бөлектену, бөлісу, бөлме, бөлтек, бөлке, бөлдек, бөлгізу,
бөлгіш.
Сөзжасамдық мағына
Сөзжасамдық мағына – сөзжасамдық үдерісте қалыптасқан
туынды мағына. Негіз сөз бен өзге сөзжасамдық тұлғалардың
мағыналарының бірігуі не қосарлануы арқылы жасалатын
мағына. 
Мысалы: етікші,дəрігер,білім т.б


Сөзжасамдық үлгі
Сөзжасамдық үлгі туынды сөздің нақытылы жасалу жолы.Үлгіде
негізгі дыбыстық, морфемдің құрамы мен сөзжасамдық жұрнақ
анық көрсетілу керек.Мысалы: боса,жаса, теңе туынды түбірлері
бір үлгі бойынша жасалған.
Сөзжасамдық қалып
Сөздердің тууында сөзжасамдық тəсіл мен үлгіден басқа қалып та болады. Табиғи
тілдің дамуында жаңа туынды атау туғызу үшін қалыптасқан белгілі қалыптар бар.
Мұндай қалыптар кез келген тілде болуы заңды. Қазақ тіліндегі сөзжасамдық
қалыптардың да өзіндік белгілері мен заңдылықтары, ерекшеліктері бар.
Сөзжасамдық қалып туынды сөзді жасаудың негізгі жолдарын белгілейді. 
Фонетикалық сөзжасамдық тəсіл арқылы пайда болған екі сөзжасамдық қалып
бар. Дауысты дыбыстар сəйкестігі арқылы жасалған сөзжасамдық қалыптар:
ырың-ірің, тұс-тыс, жарық-жырық, аман-есен, боз – бөз, тоз – төз, қон – көн;
дауыссыз дыбыстар сəйкестігі арқылы жасалған сөзжасамдық қалыптар: ұлы –
ұры, қар – қаз, өмір – өңір, амал – арал


Сөзжасамдық тізбек
Сөзжасамдық тізбек-бір сөзжасамдық 
ұядан немесе негізгі сөзден тараған
туынды сөздер тізбегі, яғни бір түбірден
тараған бірінен-бірі тікелей туындайтын,
біріне-бірі негіз болатын негізді
сөздердің тобы.
Ту – туыс, туысқан, туысқандық;
Жұрт – жұртшы, жұртшыл, жұртшылдық
Бөл-бөлім-бөлімше-бөлімшелі. Біл-
білім-білімді-білімділік; күндіз-күндізгі-
күндізгіше.
Сөзжасамдық жұп
Сөзжасамдық жұп дегеніміз сөзжасамдық
ұядағы негіздеуші сөз бен негізделетін сөздің
синтагматикалық қатысы. 
• Фонетикалық тəсіл арқылы жасалған
сөзжасамдық жұптар: қарбыз – дарбыз, тат
– тот, бадыраң – бəдірең, жаны – маңы;
• Семантикалық тəсіл арқылы жасалған
сөзжасамдық жұптар: саз (əуен) – саз (балшық),
кілт ( есікті ашатын құрал) – кілт (тоқтау)
• Синтетикалық тəсіл арқылы жасалған сөзжасамдық
жұптар: тіл – тілмаш, тілмаш – тілмаштық, ес - есім,
есім –есімдік, мал – малшы, малшы – малшылық


Сөзжасамдық саты
Сөзжасамдық саты деп негіз сөз бен сөзжасамдық жұрнақтан
тұратын сөзжасамдық ұядағы туынды түбірлердің жасалу ретін
білдіретін тілдік бірлік аталады. Мысалы, ой-ойла-ойлан-
ойландыр-ойландырт деген туынды түбірлердің əрқайсысы бір
саты саналады.
Сөзжасамдық тарам
Сөзжасамдық тарам деп тік қатардағы бір сатыда бір негіз
сөзден өрбіген туынды сөздердің жиынтығы аталады. Мысалы:
Мысалы:
• Бет (дене мүшесі)
• Бет ( бір заттың беті)
• Беталды
• Бетсіз
• бетпақ
• Бетінің оты шығу
• Бет көріспеу
• Бетперде 
• Беташар


ПАЙДАЛАНҒАН ƏДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ:
1.Н.Оралбаева, Қ.Құрманалиев,Ж.Балтабаева "Қазақ тілінің
сөзжасамы".-Алматы.Інжу-Маржан баспа 2014.-290б
2.Салқынбай А. Тарихи сөзжасам. –Алматы, 1999.
3.Салқынбай А."Қазақ тілінің сөзжасам сөздігі" 1 бөлім.-
Алматы.Қазақ университеті, 2016 498 б
4.Сөзжасамның негізгі теориялық ұғымдары
ULAGAT
www.ulagat.com 
19.12.2020 


Назарларыңызға рахмет!


Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет