Сөж тақырыбы: Коммуникативті дағдылар бойынша тренинг бағдарламасын құрыңыз



бет1/3
Дата18.03.2023
өлшемі67,6 Kb.
#75337
түріБағдарламасы
  1   2   3

Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі


Әл - Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті



Факультеті «Философия және саясаттану»
Кафедрасы «Педагогика және білім беру менеджменті»
СӨЖ
Тақырыбы: «Коммуникативті дағдылар бойынша тренинг бағдарламасын құрыңыз.
2) Тиімді коммуникация техникалары - презентация»
Орындаған:Ахмет.А.С
Тексерген:Қайратова І.Қ

Коммуникативтік дағдыларды дамыту
Коммуникативтік дағдыларды дамыту балалардың жеке ерекшеліктері мен қажеттіліктерін ескере отырып, сөйлеуді дамыту және көркем әдебиет ұйымдастырылған іс-әрекеттері арқылы күн сайын ойын түрінде түрлі балалар әрекеттері арқылы жүзеге асырылады. 
Мақсаты: балалардың ауызекі сөйлеуін дамыта отырып, олардың қарым-қатынас жасауға деген қажеттіліктерін қанағаттантандыру. 
Міндеттері
коммуникативтік дағдыларды дамыту үшін тілдік қарым-қатынас ортасын құру;
сөйлеуді және фонематикалық естуді дамыту
баланың түсінетін және белсенді сөздік қорын қалыптастыру; 
ересектердің, құрдастарының сөзіне еліктеу қабілетін дамыту
балаларды алғашқы қарым-қатынас құралдарын (вербальды және вербальды емес) қолдануға үйрету; 
дыбыстарды қайталау, еліктеу арқылы дыбыстау мәдениетін қалыптастыру (үй жануарларының дыбыстарын және т.б.); 
сөйлеудің бастапқы фонетикалық, грамматикалық (2-3 сөз) құрылымын сақтай отырып, байланыстырып сөйлеуге үйрету. 
Сөйлеуді дамыту (1 жастан 1 жас 6 айға дейін).
Сөзді түсіну 
Суреттерден ересектің айтқан сөзіне сәйкес келетін ойыншықтарды, заттарды, киімдерді, ыдыс-аяқтарды табу және көрсету. 
Өз дене мүшелерін және ойыншық жануарлардың дене мүшелерін (қол, аяқ, бас, ауыз, көз, құлақ), тұрмыстық және ойын әрекеттерін (жуыну, қыдыру); заттардың түстерін (қызыл, көк), қарама-қарсы өлшемдерді (үлкен, кіші), фигураларды (текше, кірпіш) білдіретін сөздерді түсіну. 
Күнделікті өміріне байланысты қарапайым сөз тіркестерін түсіну, өтініштерді орындау, ойыншықтармен күрделі емес бейнелі ойындар ойнау, тұрмыстық жағдаяттарды суреттейтін 1-3 әрекетті көрсету.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет