Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі
Әл - Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті
Факультеті «Философия және саясаттану» Кафедрасы «Педагогика және білім беру менеджменті» СӨЖ Тақырыбы: «Коммуникативті дағдылар бойынша тренинг бағдарламасын құрыңыз. 2) Тиімді коммуникация техникалары - презентация» Орындаған:Ахмет.А.С Тексерген:Қайратова І.Қ
Коммуникативтік дағдыларды дамыту Коммуникативтік дағдыларды дамыту балалардың жеке ерекшеліктері мен қажеттіліктерін ескере отырып, сөйлеуді дамыту және көркем әдебиет ұйымдастырылған іс-әрекеттері арқылы күн сайын ойын түрінде түрлі балалар әрекеттері арқылы жүзеге асырылады.
Мақсаты: балалардың ауызекі сөйлеуін дамыта отырып, олардың қарым-қатынас жасауға деген қажеттіліктерін қанағаттантандыру.
Міндеттері:
коммуникативтік дағдыларды дамыту үшін тілдік қарым-қатынас ортасын құру;
сөйлеуді және фонематикалық естуді дамыту;
баланың түсінетін және белсенді сөздік қорын қалыптастыру;
ересектердің, құрдастарының сөзіне еліктеу қабілетін дамыту;
балаларды алғашқы қарым-қатынас құралдарын (вербальды және вербальды емес) қолдануға үйрету;
дыбыстарды қайталау, еліктеу арқылы дыбыстау мәдениетін қалыптастыру (үй жануарларының дыбыстарын және т.б.);
сөйлеудің бастапқы фонетикалық, грамматикалық (2-3 сөз) құрылымын сақтай отырып, байланыстырып сөйлеуге үйрету.
Сөйлеуді дамыту (1 жастан 1 жас 6 айға дейін).
Сөзді түсіну Суреттерден ересектің айтқан сөзіне сәйкес келетін ойыншықтарды, заттарды, киімдерді, ыдыс-аяқтарды табу және көрсету.
Өз дене мүшелерін және ойыншық жануарлардың дене мүшелерін (қол, аяқ, бас, ауыз, көз, құлақ), тұрмыстық және ойын әрекеттерін (жуыну, қыдыру); заттардың түстерін (қызыл, көк), қарама-қарсы өлшемдерді (үлкен, кіші), фигураларды (текше, кірпіш) білдіретін сөздерді түсіну.
Күнделікті өміріне байланысты қарапайым сөз тіркестерін түсіну, өтініштерді орындау, ойыншықтармен күрделі емес бейнелі ойындар ойнау, тұрмыстық жағдаяттарды суреттейтін 1-3 әрекетті көрсету.