Сөж тақырыбы: Коммуникативті дағдылар бойынша тренинг бағдарламасын құрыңыз



бет3/3
Дата18.03.2023
өлшемі67,6 Kb.
#75337
түріБағдарламасы
1   2   3
Байланысты:
Әлеуметтік психология Ахмет Айгүл

Күтілетін нәтижелер
дыбыстық тіркестерді еліктеп, дұрыс қайталайды;
үлкендерді тыңдайды, түсінеді, тапсырманы орындайды; 
заттардың атын, түсін, мөлшерін, көлемін, орнын біледі және атайды;
сөзбен немесе қысқа сөз тіркестерімен өз өтінішін білдіреді;
әдепті сөйлеуге талпынады; 
қарапайым сұрақтарға жауап береді;
екі-үш сөзден тұратын сөйлемдерді айта алады. 
Көркем әдебиет (1 жастан 1 жас 6 айға дейін) 
Көркем әдебиетті қабылдауға қызығушылықты ояту.
Шағын, мазмұны түсінікті өлеңдерді, әңгімелерді, тақпақтарды, бесік жырларын тыңдату, шығарманы оқып беруді суреттер, ойыншықтар, әрекеттерді көрсетумен (әңгімелеу) сүйемелдеу. Оқылатын шығарма мазмұнының баланың жасына сәйкестігіне және мәнерлеп оқылуына мән беру. 
Жалпақ және көлемді иллюстрацияларымен кітаптарды қарауға баулу.
Күтілетін нәтижелер: 
шағын, мазмұны түсінікті әңгімелерді, өлеңдерді, тақпақтарды қызығушылықпен тыңдайды;
кітаптардың суреттерін, жалпақ және көлемді иллюстрацияларды қарайды.
Көркем әдебиет (1 жас 6 айдан 2 жасқа дейін):
Көрнекіліксіз таныс мазмұны қарапайым шығармаларды тыңдау, олардың мазмұнына эмоциямен жауап беру, шығарма мәтінінің кейбір сөздерін қайталау және мазмұнында айтылатын қарапайым әрекеттерді, дыбысқа еліктеу мен ойын әрекеттерін орындау. 
Ересектің көмегімен тақпақтарды, қысқа өлеңдерді және әңгімелер мен ертегілердің мазмұнын қайталап айту, көркем шығарма мазмұны бойынша қойылымдарға қатысу. 
Таныс шығармалар мазмұнына сәйкес ойын әрекеттерін орындау, драмалық ойындарға, қойылымдарға қатысуға баулу, ондағы игерген тәжірибелерін еркін ойындарда қолдануға мүмкіндік беру. Үстел үсті, саусақ театрларын өзбетінше ойнату.
Кітаптардағы суреттерді өзбетінше қарауға, ондағы таныс кейіпкерлерді көрсетуге мүмкіндік беру. Көркем сөзге, мәнерлеп сөйлеуге қызығушылықты ояту.
Күтілетін нәтижелер:
көрнекіліксіз таныс шығармаларды тыңдайды; 
таныс шығармалардағы сөздерді қайталайды
кітаптардағы суреттерді өзбетінше қарайды, ондағы таныс кейіпкерлерді көрсетеді; 
оқылған таныс өлеңдердегі сөздер мен сөз тіркестерін айтады; 
шағын өлеңдерді, ертегілер мен әңгімелерді эмоционалды қабылдайды және қимыл-әрекет арқылы көрсете алады
шағын драмалық ойындарға, қойылымдарға қатысады, ондағы игерген тәжірибелерін еркін ойындарда қолданады. 

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет