Сөж тақырыбы: Компаративтілік категориясы Орындаған: Оракбай Ж. Д тексерген: Алкебаева Д. А



Дата04.11.2023
өлшемі192,57 Kb.
#122221
түріМонография
Байланысты:
титулка


Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті
Филология факультеті
А.Байтұрсынов атындағы тіл білімі кафедрасы





СӨЖ
Тақырыбы: Компаративтілік категориясы


Орындаған: Оракбай Ж.Д
Тексерген: Алкебаева Д.А
.
Көрнекті тілші-ғалым, филология ғылымда- ның докторы, профессор Тұрағұл Қоңыров Қазақ теңеулері» атты монографиясында теңеу категориясын зерттейді [4]. «Логика ғылымында да теңеу категориясының бар екені белгілі. Рас, логикадағы теңеу мен тілдегі теңеу бір емес. Он- дағы теңеу категориясы ойлау заңдылықтарына байланысты болғандықтан, оның мазмұны мен өмір сүру формасы тілдегі теңеу категориясы- нан, әрине, басқа. Әйтсе де тіл мен ойлау бір- бірімен тығыз органикалық бірлікте өмір сүре- тіндіктен, бұлардағы теңеу категорияларының жалпы структуралары бір-біріне ұқсас болады. Сол себепті логикалық теңеу де үш элементтен тұрады. «Теңеу (латынша comparatio) фор- мальды логиканың категориясы ретінде үш эле- менттің болуын қажет етеді. Олар: а) сипаттауды қажет ететін ұғым (compandum); ә) сипаттаушы ұғым (compantum); б) екі ұғымның арасында «көпір» қызметін атқаратын байланыстырушы элемент. Жаңадан танылған және бұрыннан та- нылған нәрселердің арасындағы бұл ортақ нәрселердің арасындағы бұл ортақ нәрсе латынша tertium comparaitons деп, яғни салыс- тырылған екі ұғымның арасындағы үшінші те- неу, үшінші өлшем деп аталады» [4, 9-10 бет]. Ғалымның осы пікірі арқылы компаративтілік- тің логикамен тығыз байланысты екенін көре- міз. Теңеуді лингвистикалық категория ретінде танып екі бағытта зерттеу жүргізеді. Бірінші «Теңеулердің жасалу жолдары» бөлімінде құры- лымдық тіл білімі бағытында тіліміздегі теңеу жасайтын грамматикалық, лексикалық форма- ларды қарастырады. Сонымен қатар теңеу ка- тегориясын синтаксистік құрылымы жағынан « жалаң, күрделі, толымды, толымсыз, бірыңғай, болымсыз теңеулер» деп жіктеп қарастырады. «Сезім мүшелерімен қарым-қатынасына қарай қазақ теңеулері бірнеше семантикалық топтарға бөлінеді. Бұл топтар теңеулердің нақты мағына- сынан, олардың сыртқы дүниемен қарым-қаты- насынан келіп туады. Міне осы тұрғыдан келіп, біз қазақ теңеулерін төмендегідей топтарға жік- теп қарастырдық: 1) Көру теңеулері; 2) Есту те- ңеулері; 3) Дәм сезімі теңеулері; 4) Тері сезімі теңеулері, 5) Иіс сезімі теңеулері; 6) Сезім-күй теңеулері» - деп ғалым теңеулердің функционал- дық топтарын көрсетеді. Т. Қоңыровтың аталмыш еңбегі қазақ тіл бі- ліміндегі теңеу категориясы тереңнен зерттеліп, жан-жақты қарастырылған бірден-бір зерттеу болып табылады. Ғалымның зерттеуіндегі «тенеу категориясы» мен біз қарастырып отырған «компаративтілік категориясының» зерттеу ны- саны, түбі бір екенін танимыз. Сол себепті қазақ тіл біліміндегі компаративтілік категориясы ка- растырылған зерттеу еңбегі ретінде айта аламыз. Функционалды-грамматиканы зерттеген қазақ ғалымдарының бірі 3.Қ. Ахметжанова қазақ тіліндегі компаративтіліктің көп жылдар бойы орыс тіл білімімен байланыста зерттеліп келгенін айтады. Ғалым «Функционально-се- мантические поля русского и казахского» [5] деп аталатын еңбегінде посессивтілік, аспектуалды- лық категорияларымен қатар компаративтілік ка- тегориясын қарастырады. 3.Қ. Ахметжанова компаративтіліктің функ- ционалды-семантикалық өрісінің негізінде салыстырудың функционалды-семантикалық категориясы жатады, ал оны логикалық салыстыру категориясының тілдік көрінісі дейді. Салыстырудың (компаративтілік) тілдегі құры- лымдық табиғатын З.Қ. Ахметжанова өріс ретінде айқындап, оның екі түрін ажыратады. Сын-сапалық жағынан бірдей екі затты салыстыра келіп, олардың сапалық, сындық белгілерінің дәрежелік айырымдарын айқындайтын салысты- ру түрін ғалым нақты компаратив (собственно компаратив), ал бір заттың сын-сапасын басқа бір нақтылы затпен салыстырмай, оны сын дәрежесінің ортақ өлшем, стандарт қалпы тұр- ғысынан анықтау түрін интенсив деп атайды. Компаративтік өріс жоғарыда ажыратылған салыстырудың семантикалық екі түріне сәйкес нақты компаративтік және интенсивтілік микроѳріске бөлінеді. Ұғымдық категорияға негізделген тілдік функционалды-семантикалық компаративтік категория бір ғана грамматикалық категориямен, бір ғана сөз табының ауқымымен шектелмейтінін ғалым зерттеу барысында ғы- лыми негізде дәйектеген. Сол негізде жоғарыда ажыратылған екі микроөрістер өз іштерінде тағы да екіге жіктелген: нақтылы компаратив микроөрісі айырымдық және ұқсасымдық: интенсивтілік микроөріс сапаның интенсивтілігі және іс-амалдың интенсивтілігі.
3.Қ.Ахметжанова қазақ тіліндегі компаратив- тіліктің функционалды-семантикалық катего- риясын дәстүрлі грамматикадағы зерделеуден өзгеше, функционалды грамматика теориясының үрдісінде жаңа деңгейде деңгейде зерттеді. Ғалым қазақ тілі грамматикаларында грамматикаларында қалыптасып қалған орыс тіл білімінің теориясы ыңғайында сипатталған компаративтілік теориясын, әсіресе шырай категориясын сыни көзқараста сараптап, жаңаша пайымдауды ұсынған. Сонымен бірге бұл категорияның негізінде жалпы салысты- ру жатқанын, оның тек шырай деңгейімен шектелмейтінін көрсетті. Компаративтілік жеке категория тұрғысынан қарастырылып, оның сапалық категорияға етене жақындығын, түптеп келгенде, сапаның сандық айқындылы- ғы болуымен қатар жаңа сапалық мағына ту- дыратыны баса айтылады. Сонымен қатар қазақ тіліндегі компаративтілік категориясын аспек- туалдылық өрісімен қатысты деп көрсетеді. Қазақ тілін неміс тілімен салыстыра зерт- теген қазақ тілші ғалымы Қ. Рысалды «Сын дәрежесі категориясы: функционалды-комму- никативті табиғаты» атты докторлық диссерта- циясында компаративтілік категориясын «сын дәрежесі категориясы» деген терминмен атап функционалды бағытта зерттейді. Компаратив- тілік категориясы Қ. Рысалдының зерттеуінде басқа ғалымдардан ерекшелікте қарастырылады. Орыс немесе жоғарыда аталған қазақ ғалымда- рының зерттеуінде компаративтілік категориясы тек салыстырылатын заттар мен құбылыстардың функционалды-семантикалық ерекшеліктері ая- сында қарастырылса, ғалымның жұмысында салыстырылмайтын белгілердің де функционал- ды-семантикалық өрісі зерттеледі. Ғалым оны ішкі семантикалық ерекшеліктеріне байланысты бірнеше субкатегорияларға жіктейді. «Морфоло- гиялық шырай категориясының айналасына топ- тасқан сын дәрежесін тұлғаландыратын тілдің басқа деңгейлерінің бірліктерінің жүйесі тілдің сын дәрежесі категориясын құрайды. Сын дәре- жесі категориясының тілдік тұлғасын тілдің бар- лық деңгейлерінің бірліктері қалыптастырады. Сын дәрежесі категориясы семантикалық тұрғы- дан екі өріске жіктеледі: салыстырмалы дәреже өрісі, салыстырмасыз дәреженің үдемелі өрісі. Салыстырмалы өрістің ішкі жіктеуі: доминант- тық тұлға негізінде ол алдымен теңдік және тең- сіздік болып екіге бөлінеді. Біріншісі сын есім- нің жай шырай тұлғасы негізінде тепе-теңдікті көрсететін теңдік микроөрісін құрайды. Екін- шісі іштей екіге жіктеліп, үстемелі, асырмалы микроөрісті құрайды. Салыстырмасыз өріс ішкі семантикалық құрылымы жағынан екіге бөліне- ді: күшейтпелі (аугментативтік) микроөріс және бәсеңдік (диминутивтік) микроөріс. Екеуіне де сынның салыстырмасыз үдетпелі (интенсивті) дәрежесі тән» [6, 166]. Ғалымның зерттеуі компаративтілік кате- гориясын жасаушы тілдік тұлғалардың барлы- ғының дерлік қамтылып, өте көп мысалдармен дәлелдер келтіру арқылы жүйеленіп берілгенді- гімен бағаланады. Филология ғылымдарының докторы, про- фессор Д.А. Әлкебаева «Функционалды грамма- тиканың негізгі ұғымы — сын-сапа категориясы туралы» атты мақаласында компаративтілік кате- гориясы «сын-сапа категориясы» деген термин мен беріліп, ішкі семантикалық ерекшеліктері мен осы категорияны жасаушы тілдік тұлғалар қарастырылады. «Адамзат баласы барлық заттар мен құбылыстарды салыстыру арқылы қоршаған ортаны танып біле алады. Белгілі заттар мен құ- былыстар арқылы түсінік танымға, ал таным ол туралы толық түсінікке алып келеді. Алайда ком- паративтілік ұғымы ретінде сөз сөйлеу қызметін- дегі айтушының ойлау жемісінің нәтижесіндегі заттар мен құбылыстардың айрықша белгілерін салыстыруы мен салғастырылуын анықтайтын тілдік бірліктердің функциясын жинақтап сара- лау туралы белгілі дәрежеде әлі толық айқын- далған жоқ әрі ғылыми айналымға толық енген жоқ деп айтуға болады. Сондықтан осы тұрғы- дан шын мәніндегі функционалды граммати- каның негізгі категорияларының бірі компара- тивтілік ұғымын функционалды-семантикалық өрістегі функциясының мәнін ғылыми тұрғыдан тұжырымдап нақтылау қажеттілігі туындайды» - деп комапативтілік категориясы функционал- ды-семантикалық өрісінің әлі де зерттеуді қажет ететінін атап өтеді. Қорыта келгенде, компаративтілік функцио- налды-семантикалық өрісі қазақ тіл білімінде жан-жақты зерттелінді. Орыс, неміс тілдерімен салыстырыла зерттелген еңбектерде қазақ тілі- нің тілдік ерекшеліктері арқылы сол тілде сөй- леушілер танымының да өзгешеліктері көрініс тапты. Алайда профессор Д. Әлкебаева атап өт- кендей, компаративтілік функционалды-семан- тикалық өрісі әлі де толыққанды зерттеуді қажет етеді.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет