Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігі
Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті
Тарих, археология және этнология факультеті
СӨЖ
Тақырыбы: Украинаның мемлекеттік мөрлері мен тулары (коллоквиум)
Орындаған: Тоқтарбеков Мәди, «Ғылыми тарих-202», 2-курс
Тексерген: Төлебаев.Т.Ә
Алматы 2022
Жоспар
Кіріспе
Негізгі бөлім:
Украина туына анықтама
Украина туының ерекшеліктері
Украинаның басқа да тулары жайлы
Украина мөрлері
Қорытынды
Әдебиеттер тізімі
Украина туы-Украинаның ресми мемлекеттік рәмізі (елтаңба және әнұранмен бірге), сондай-ақ украиндықтардың ұлттық рәміздерінің бірі
Екі көлденең орналасқан, сары және көк түсті бірдей жолақтардан құрылған. Мемлекеттік ту ретінде бұл дизайн ең бірінші рет Львів Ратушасының басында 1848 жылғы революциялар заманында қолданылды. Сол кезден бері ол украиндардың бейресми туы болып келген. Ресми түрде ол 1918 жылы көп жасай алмаған Батыс Украина Халық Республикасының байрағы болды, кейінірек ол Украина Халық Республикасының және Екінші дүниежүзілік соғыстан бұрын Карпаттық Украинаның да туы болды.
Украина Кеңес Одағының құрамына енгенде биколор жойылды, оның орнына жаңа социалистік дизайн қолданылды. Тәуелсіздіктің алынғанынан бері ту қайта қабылданды. 23 тамыз Украинада ресми түрде Мемлекеттік Ту күні тойланады.
Украина заңы бойынша байрақтың түстері "сары және көк" Көк түсінің реңкімен байланысты түсініспеушілік болып жатады. 2013 жылы білгір Дмитро Малаков аспан реңкті көк қолданылу керек деп санады, өйткені геральдика ережелері бойынша қара көк түсін қолдану ұсынылмайды. Украина Геральдика қоғамы осымен келіспеді, геральдика ережелері жалауларға тиісті емес деп айтып кетті.
Тігінен орналастыру
Көлденең форматтан басқа тағы тігінен қойылған нұсқасы да көптеген ғимараттарда, соның ішінде Жоғарғы Рада сыртында, қолданылады. Дұрыс пропорциялары ресми түрде анықталмаған. Баннер сияқты ілінгенде, көк түсті жолағы әрқашан да сол жағында қойылады. Тігінен тұрған тутұғырда ілінгенде, көк түсті жолағы оған қарама-қарсы болу керек.
Декорация
Шашағы жайлы ешқандай ережелер қабылданбаған. Көбінесе әскер, күзет, теңіз және әуе қарулы күштері шашақты тек рәсімдерде қолданады, ал Президенттің офисі және жергілікті билеушілер әр жағдайда тек шашақты нұсқасын қолданады.
Украина байрағы осы күндері көтеріледі:
1 Қаңтар: Жаңа Жыл
7 Қаңтар: Рождество
22 Қаңтар: Украина Бірлік күні
8 Наруыз: Халықаралық әйелдер күні
1, 2 Мамыр: Халықаралық Жұмысшылар күні
9 Мамыр: Жеңіс күні
28 Маусым: Конституция күні
23 Тамыз: Ту күні
24 Тамыз: Тәуелсіздік күні
21 Қараша: Бостандық және Адамгершілік күні
6 Желтоқсан: Қарулы күштер күні
25 Желтоқсан: Рождество
Жартылай түсірілетін күндері
Қарашаның 4-ші сенбісі: Голодомор құрбандарының еске алу күні
Басқа да тарихи оқиғалар: апаттар, Донбасстағы соғыс және Еуромайдан; Лех және Мария Качиньскилердің өлімі, жерленуі, Рим папасы II Иоанн Пол жерленуі және 11 қыркүйек апаты.
Украинаның тулары
Грюнвальд шайқасында қолданылған Львов жерінің хоругві
Грюнвальд шайқасында қолданылған Перемышев жерінің хоругві
Запорожье Сечінің жауынгерлер хоругві
Украина халық Республикасының әскери флотының бірінші туы
Оның екінші кейінгі нұсқасы
Украин КСР туы
Украин КСР туы (1949-1991)
Украинадағы көтерілістік қозғалыстың туы
Қорыта келе тудың көк түсі бейбітшілікті, ал сары гүлденуді білдіреді. Украин туының қарапайым дизайны баннердің тарихи маңыздылығын төмендетпейді, өйткені украиндықтар үшін бұл тәуелсіздік үшін күрестің өкілі және еркіндіктің айқын символикасы бар.
Мөрлері
Святосла́в И́горевич (942- наурыз 972)- новгород князі, 945-972 жылдар аралығында киевтің ұлы князі, қолбасшы ретінде танылған
Святослав Игоревичтың мөрі (945)
Ұлы Володимир қолданған елтаңба
Пайдаланылған әдебиеттер
Төлебаев Т.Ә.Қосалқы тарихи пәндер. Оқу құралы. – Алматы: Қазақ университеті, 2017. – 243 б.
www.google.com
https://kk.warbletoncouncil.org/bandera-de-ucrania-10666
Достарыңызбен бөлісу: |