СөЖ2 Таулы Алтай мен оңтүстік Сібірдің сақ тайпалары



Дата15.04.2023
өлшемі430,32 Kb.
#82711
Байланысты:
Арихиалогия сөж (копия)


СӨЖ2
Таулы Алтай мен оңтүстік Сібірдің сақ тайпалары
Орындаған Амирқұл Балайым
Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті
Сiбiрдiң темiр ғасыры Тағар мәдениетiнен басталады. Ол өз атауын Енесайдағы осы аттас аралдан алған. Осы мәдениетке жататын сақ қорғандардың бiрiн алғаш 1722 ж. I – Сiбiр экспедициясының мүшелерi қазған. ХIХ ғ. соңынан Тағар мәдениетiнiң көптеген ескерткiштерiн А.В.Адрианов зерттеді. Қазан төңкерiсiне дейiн 100-ден астам қорғандар қазылған. Тағарлықтардың жерлеу ескерткiштерiмен қатар кен алған орындары, суғару жүйелерiнiң қалдықтары да жақсы зерттелген.
Ғылымға тағарлықтардың екі туысқан мәдениеті белгілі.
Байнов (б.з.д.ҮП - ҮI ғғ.), Подгорнов (б.з.д. ҮI –Ү ғғ.), Сарағаш (б.з.д. IҮ - Ш ғғ.) кезеңдерiнен тұрады.
Большепичугин (б.э.д. ҮI – Ү ғғ.), Тисуль (б.з.д.Ү – IҮ ғғ.), Назаров (б.з.д. Ш ғ.) кезеңдерiнен тұрады.
Далалы аймақтардағы Тағар мәдениетi:
Орманды аймақтардағы Тағар мәдениетi:
Тағарлықтардың жерлеу орындары үйiндiнiң астында орналасқан жалпақ тастардан немесе қима бөренелерден жасалған қабiрлер түрiнде. Бiр обаның астында бiрнеше ондықтардан тұратын қабiрлерде кездеседi. Оларды рулық жерлеу камералары деп атайды. Жерленген кiсiлердiң қасынан сабының басында дөңгелек тесiгi бар пышақтар, Сақтардыкiне ұқсас қанжарлар, күмiс тескiштер, ұшып бара жатқан бұғылар бейнеленген қола айналар т.б. әшекей бұйымдары табылады. Жеке тұрған үлкен обалар мәдениеттiң соңғы кезеңiнде пайда болады. Олардың астында болатын жалғыз қабiрлерге өлген кiсi өртелiп күлi қойылатын.
Негiзгi шаруашылығы егiншiлiк пен мал өсiру. Оны растайтын қабiрлерден жиi кздесетiн қола орақ, кельт – кетпен секiлдi еңбек құралдары мен тары, арпа секiлдi дақылдардың дәндерi. Егіншіліктің болғаны жайлы су шығарған арықтардың іздері де айтады. Тагарлықтардың жыртпалы егіншілікті игергендігі туралы да айтылады. Шаруашылықта мал өсіру де өзіндік маңызға ие болған. Қабiрлердiң барлығынан кездесетiн қой, сиыр, жылқылардың сүйектерi, қоладан жасалған iлмешектермен безендiрiлген ат әбзелдерi мал шаруашылығы жайынан хабар бередi.
Тагарлықтарда ыдыс жасау кәсібі жеткілікті дамығанымен қолөнері денгейіне жетпеген. Құмыра жасау кәсібінің жоғары деңгейін білдіретін құмыра жасайтын шарық қондырғысы өте сирек кездеседі. Ыдыстың жаңа түрі күпшіндер пайда болған. Тері илеу, былғары өңдеу, сүйекті кесу жақсы дамыды, жіп иірудің көрсеткіші саналатын мал жүнінен жасалған маталар жиі табылады. Қаруды еркектер мен қатар әйелдердің де жерлеулеріне қойған. Мәдениеттің соңғы кезеңінде қарулар мен құралдардың орнына қоладан, темірден арнайы жерлеу үшін жасалған олардың көшірмелері қойылатын болған. Жерленген марқұмның түр-түін айнытпай қайталайтын балшық маскалар осы кезеңде пайда болады. Гипс тәріздес теракота маскалар кейінгі тагар мәдениетінде кең таралды. Мәдениеттің соңғы кезеңінде таптардың қалыптасу процесі байқалады. Дегенмен, жерлеу ғұрпында мүлік теңсіздігін білдіретін белгілері көп байқалмайды.
Өздерінің физикалық түрі жағынан тагарлықтар еуропоидтық нәсіл өкілдері афанасевтіктердің жақын ұрпағы саналады. Б.з.д. ІҮ-ІІІ ғғ. жататын тағарлық обалардың астында жүздеген қарулы еркектер бірге жерленген үлкен қабірлерді көреміз. Бұл көрініс тайпалардың арасындағы жер үшін болған қарулы қақтығыстардың жиілегенін білдіреді. Сонымен қатар, патшалардың алып обалары да жиі кездеседі. Солардың бірі-б.з.д. ІҮ-ІІІ ғғ. Салбық обасы. Оның биіктігі-11 м, көлденең ені-500 м, онда қарт-көсем (патша) алдын ала өлтірілген құлдарымен бірге жерленген. Сол заманның өзінде тонауға ұшыраған обаның астынан үлкен жұмыр тастардан жасалған алып құрылыс шықты. Оба астындағы тас қоршаудың өлшемі 70х70 м, биіктігі 6 метрге дейін жетеді. Қоршауға қойылған кейбір жалпақ тастар 75 шақырым жердегі Енесайдың жағасынан әкелінген. Тас дірменнен басқа жерлеу заттары жоғалған. Дегенмен, обаның алып өлшемі мен жерлеу ғұрпының салтанаттығы Салбық обасын патшаныкі деуге негіз болған.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет