№ 6 дәріс т.б.
Сөйлеу тілінің күрделі бұзылыстары бар балаларды оқытуды ұйымдастыру
1.Сөйлеу тілінің күрделі бұзылыстары бар балалардың ерекшеліктері
2.Сөйлеу тілінің күрделі бұзылыстары бар балаларды оқытудың арнайы жағдайлары 3.Арнайы оқу-әдістемелік қамтамасыз ету
4.Оқушылардың білім алудағы ерекше қажеттіліктерін қанағаттандыру
|
№ 6 дәріске семинар сабағының тақырыбы
Сөйлеу тілінде кемістігі бар балаларға психологиялық-педагогикалық көмек көрсету.
Тіл кемістерінің түрлері
|
6-практикалық жұмыс
Сөйлеудің дұрыс қалыптасуы үшін мидың бүкіл құрылымдарының сақталып, мүлтіксіз қызмет атқаруы қажет. Сөйлеудегі ең маңызды элементтер — есту, көру, моторика жүйесі. Ауызекі сөйлеу перифериялық сөйлеу аппаратының негізгі үш бөлімінің — дем алу, дауыс және артикуляция, бұлшық еттерінің үйлесімді жұмыс атқаруы нәтижесінде іске асырылады.
Сөйлеу қызметінде негізгі рөлді мидың доминантты жарты шарында (оңақайларда сол жақ, солақайларда оң жақ жарты шар) орналасқан сөйлеу — есту және сөйлеу — қимыл зоналары атқарады. Сөйлеу баланың психофизикалық жалпы дамуы процесінде қалыптасады.
Сөйлеудің бұзылуының себептерін бірнеше топқа бөледі:
— Биологиялық себептерге көбінесе баланың жатырда жатқан кезіндегі, толғақ кезіндегі (гипоксия, жарақаттар) және туылғаннан кейінгі алғашқы айлардағы (ми инфекциялары. жаракаттар, т.б.) патогендік факторлар жатады.
— Әлеуметтік — психологиялық қауіпті факторлар бірінші кезекте психикалық депривациямен байланысты. Депривация дегеніміз — ұзақ уақыт аралығында және жеткілікті түрде субъектінің негізгі «өмірлік және психикалық қажеттіліктерінің қанағаттндырылуына кедергі келтіретін өмірлік ахуалдар нәтижесінде пайда болатын психикалық көңіл күй.
— Сөйлеу тіліндегі дыбыстардың айтылуына дұрыс қалыптаспаған таңдай құрылысы да зиян тигізеді. Көбіне жас аналар нәрестеге емізік беруге құмар. Дұрысы, емізікке үйретпеген жөн. Себебі, емізікті жиі емгеннен сәбидің таңдайы тереңдеп кетуі әбден мүмкін. Таңдай тереңдесе, артикуляциялық қозғалысы нашарлайды. Соның салдарынан әріптер дұрыс дыбысталмайды.
— Ата-аналардың көпшілігі баласының тілі дұрыс шығып, шықпағанына, даму ерекшеліктеріне жете мән бермейді. Баланың былдырлап сөйлегеніне мәз болып, соны қызық көретіндер де жетерлік. Олар мұны еркелік деп түсінеді. Кейбір ата-аналар 3-4 жастағы баланың тілі түсініксіз болса, «мүлде сөйлей алмайтын жағдайда емес қой, мектепке барғанша, әйтеуір сөйлер» деп бейжай қарайды. Мұндай түсінік мүлде дұрыс емес. 1 жасар бала кем дегенде 10 сөз айтуға тиіс. 2 жаста сөздік қоры 300-ге жуықтайды. Ал 3 жасар сәби күрделі сөйлем құрауға қабілетті болады. Сондықтан кез келген ата-ана бала 1 жасқа толысымен, онымен көбірек сөйлесуі керек. Онда да баланың былдырына еріп, соның «тілімен» емес, түсінікті тілде сөйлеуге үйретуі тиіс.
— Сақаулық еліктеуден де болуы мүмкін. Балаға сөйлеу тілі әлі дұрыс қалыптаспаған сәбидің қасында үнемі бірге ойнау зиян. Сонымен қатар баланың тілі мүкіс немесе өте жылдам сөйлейтін адамдардың қасында болуы да дұрыс емес.
— Баламен бір тілде ғана, ана тілінде сөйлесу керек. Бірде қазақша, бірде орысша сөйлеген сәби еркін сөйлеу қабілетінен айырылады. Әрі тілі мүкістенеді. Соның кесірінен, дыбысталуы ұқсас әріптерді ажырата алмайды. Мұндайда сәбиге жаңылтпаштар айтқызған дұрыс.
— Тілдің мүкістігі дыбыс шығарудағы сөйлеу мүшелері: тілдің, еріннің, төменгі жақ сүйектерінің нашар қимылдауларынан, тістің құрылысынан да болуы мүмкін. Тілдің қалыпты деңгейден нашар қимылдауы себебінен өте қысқа тіл асты желбезегі оның жоғары көтерілуіне мүмкіндік бермейді. Тілдің өте үлкендігінен, жөнді бұрыла алмауынан да, сөйлеу тілі бұзылады. Сонымен қатар тістердің арасының алшақтығынан және ретсіздігінен сөйлегенде тілдің ұшы сыртқа шығып кетіп, сөздің анықтығы бұзылады. Стоматолог-дәрігерлер арнайы құрал қою арқылы тістерді және жақ сүйектерін реттейді. Сүйегі әлі қатаймаған 5-6 жасар балаға қойылған шинаның ықпалы өте күшті болады. Еріннің қалыңдығы, астыңғы еріннің салпиып тұруы ерін және ерінтісті дыбыстарының анық айтылуына кедергі келтіреді.
— Психикалық, физикалық жарақаттану. Отбасындағы қолайсыз жағдайлар да баланың сөйлеуіне кері әсерін тигізбей қоймайды.
Сөйлеудің бұзылу түрлері:
Достарыңызбен бөлісу: |