Соөж білім беру саласындағы зерттеулер және іс-әрекеттегі зерттеулер



Дата15.11.2023
өлшемі16,21 Kb.
#124060

201-Серікханқызы Жания
СОӨЖ 3. Білім беру саласындағы зерттеулер және іс-әрекеттегі зерттеулер


Мұғалімнің біліктілігін арттыру- педагогиканың өзекті мәселелелерінің бірі. Білім сапасының кепілі –мұғалімнің кәсіби дайындығы мен шеберлігі. Оқушылардың білім сапасының мұғалімнің кәсіби даму деңгейіне тікелей тәуелді екенін халықаралық зерттеулер негізінде жасалған диаграммадан көруге болады. Төменде келтірілген диаграмма мұғалімнің кәсіптік дайындығы мен оқушының білім сапасы арасындағы тәуелділікті дәлелдей түседі. Диаграммада білім деңгейі бірдей екі оқушы берілген. Бірақ 8 жастан бастап оларды кәсіби деңгейі әр түрлі мұғалімдер оқытқан: жоғарыда көрсетілген оқушы –кәсіби шеберлігі жоғары мұғалімдерден, ал төменде көрсетілген оқушы біліктілігі төмен мұғалімдерден білім алады. Арада үш жыл өткен соң, үздік мұғалімдерден білім алған оқушының білім сапасы — 90 %, ал екінші оқушының білім сапасы- 37 %. Зерттеу нәтижесі жоғары білікті мұғалім сабақ беретін сынып оқушыларының біліктілігі төмен мұғалім сабақ берген оқушыларға қарағанда танымдық тұрғыдан 3 есе тез дамығанын көрсетіп отыр.Мұғалім құзыреттілігінің маңызды құрауыштарының бірі– түрлі теориялық, әдістемелік әдебиеттермен, ғылыми ақпарат көздерімен жұмыс істеуімен қатар, өзінің оқыту тәжірибесін жан-жақты зерделеу, талдау білігінің болуы. Қазіргі таңда мұғалімдердің оқыту тәжірибесін жетілдірудің құралы ретінде өзінің іс-әрекетін зерттеуі маңызды. Іс-әрекеттегі зерттеу қандай да тапсырманы орындау үшін, немесе бұйрық арқылы іске асырылатын шара емес, мұғалімнің өзіндік даму қажеттілігінен туындайтын мақсатты әрекет болуы тиіс.  
Себебі іс-әрекеттегі зерттеуді мұғалімдер өз тәжірибесінің осал тұстарын анықтау және жетілдіру үшін жүргізеді. Іс-әрекетті зерттеу бұл – әрекеттер мен олардың салдарын жүйелі түрде зерттеумен қоса, оқыту мен оқуды жетілдіру мақсатында бақылау жасау үдерісі деуге болады.
Ферранс (2000) іс-әрекеттегі зерттеуді мынадай үш түрге бөледі:
-жеке мұғалімнің іс-әрекеттегі зерттеуі;
-бірлескен іс-әрекеттегі зерттеу;
-мектептің кеңейтілген іс-әрекеттегі зерттеуі


Жеке мұғалімнің іс-әрекеттегі зерттеуі – мұғалімнің жеке тәжірибесіндегі мәселесін шешуге бағытталады. Ол тек сол мұғалім үшін маңызды зерттеу болуы мүмкін. Бұл зерттеудің маңыздылығы бұл жеке мұғалімнің мәселесін шешу арқылы оқу үдерісін арттыруға ықпал етеді.
Бірлескен іс-әрекеттегі зерттеу – бірнеше мұғалімнің бір сынып немесе бір ортақ мәселе аясында жүргізілетін зерттеу. Мысалы, бірнеше пән мұғалімі үшін ортақ мәселе туындауы мүмкін. Осындай оқу үдерісіндегі ортақ кәсіби-әдістемелік мәселелерді шешу үшін бірлескен іс-әрекеттегі зерттеу жүргізген абзал.
Мектептің кеңейтілген іс-әрекеттегі зерттеуі –бұл белгілі бір мектеп аясында барлық ұжыммен бірлесе жүргізілетін зерттеу түрі болып табылады. Бұл зерттеудің мақсаты – мектеп шеңберіндегі ортақ мәселені шешу. Ортақ мәселе оқу жылының соңында қол жеткен нәтиженің талдамасын жазуда анықталуы мүмкін немесе ағымдағы тәжірибе кезінде түрлі зерттеулер арқылы анықтауға болады. 
Оқыту мен оқу үдерісі үнемі ізденісті, жаңашылдықты қажет етеді және түрлі кедергілер орын алып жатады. Сондықтан әр сабақта мұғалімнің осындай зерттеу жүргізуі мейлінше тиімді. Әрбір жүзеге асырылған педагогикалық қадамды зерттеу оқушыны тұлға ретінде жүйелі, сапалы түрде дамытуға бағытталады. Оқушылардың білімдерін одан әрі жетілдіре түсу мақсатында пайдаланылады.
Қазіргі заман мектебінің стратегиялық дамуын негізге алуда жас ұрпақты әлеуметтік ортаға жылдам бейімделуге, өзiн-өзi дамытуға қабілетті, ниеті мен қоғам талабына сай әрекет етуге лайықты, бiлiмдi, ұлттық тiлдi, тарихты жетiк меңгерген, отандық және әлемдiк мәдениет құндылықтарын игерген, бәсекеге қабiлеттi, шығармашылығы дамыған жеке тұлға ретінде қалыптастыру күтіледі.


Педагогикалық шеберлік орталығымен әзірленген біліктілік арттырудың деңгейлік бағдарламаларында мұғалімдерге күнделікті тәжірибесін зерттеу негізінде кәсіби дамуына ықпал ететін заманауи тәсілдер қарастырылған. 
Солардың бірі — іс-әрекеттегі зерттеу. Көптеген Батыс елдерінде бұл тәсіл әртүрлі білім беру ұйымдарындағы педагогикалық үдерістің ажырамас бөлігі болып табылады, сонымен қатар университетте «Іс-әрекеттегі зерттеу» курсынан өтуге болады; әдетте бұл курс магистратурада оқитын азды-көпті тәжірибесі бар студенттерге ұсынылады, өйткені ол мәні және мазмұны бойынша тәжірибеге бағытталған. Ал біздің білім беру жүйемізде іс-әрекеттегі зерттеу мұғалімдер үшін жаңа ұғым. Білім беру саласындағы дәстүрлі зерттеуде оқу үдерісін әдетте ғалымдар зерттейді. Ал деңгейлік бағдарламада қарастырылған іс-әрекеттегі зерттеуді сабақ беріп жүрген мұғалімдер өз күшімен жүзеге асырады, өйткені аталған тәсіл идеясы оқу үдерісіне тікелей қатысты адамдарға негізделген. Зерттеуді сыныпта анықталған маңызды, көкейтесті мәселесі бойынша бір мұғалім, жалпы проблема бойынша жұмыс істейтін мұғалімдер тобы жүргізе алады. 
Іс-әрекеттегі зерттеудің мәніне тоқталсақ, ол келесі қадамдардан тұрады: проблеманы айқындау, деректер жинау, жинақталған мәліметтердің талдауы және интерпретациясы, деректер негізінде әрекет ету; нәтижелерді бағалау, болашақтағы әрекеттерді жоспарлау.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет