Сөзжасам-қазақ тіл білімінің жеке саласы



Дата05.05.2023
өлшемі47,83 Kb.
#90726

Сөзжасам-қазақ тіл білімінің жеке саласы

Сөзжасамның зерттелуі

  • Орыс тіл білімінде зерттелуі:
  • - Сөзжасамды тіл білімінің жеке, дербес саласы деп тану мәселесі басталғанына бірсыпыра уақыт болды. Сөзжасамды жеке сала деп тануды орыс тіл білімінде алғаш ұсынған акам. В.В. Виноградов болды. В.В. Виноградов бұл пікірді 1950 жылдары ұсынған болатын. Содан бері ғалымдар бұл пікірді дәлелдей, дамыта келе 1970 жылы шыққан “Русская грамматика” кітабында оны жеке сала ретінде беріп, сөзжасам тіл білімінің жеке саласы деген пікірін жария етті.1980 жылы шыққан “Русская грамматикада” сөзжасам жеке сала ретінде беріліп, бұл мәселенің түпкілікті шешілгенін дәлелдейді.

Сөзжасамның жалпы тіл білімінде зерттелуі:

  • Сөзжасамды тіл білімінің жеке саласы деп тану мәселесі шетел ғалымдарының зерттеуінде де дәлелденді. Оған 1978 жылы Вена қаласында өткен лингвистердің дүниежүзілік ғылыми конгресі дәлел болды. Бұл конгресте сөзжасам мәселесі тұңғыш рет күн тәртібіне қойылды. Конгресте тіл біліміндегі сөзжасам мәселесіндегі олқылықты жою мақсаты көзделіп, сөзжасам мәселесін зерттеуді күшейту мәселесі алға қойылды. Ғылымдағы бұл бетбұрыстан түркі тілдерінің ғалымдары да тыс қалмады. Татар тілінің маманы Ф. А. Ганиев өзінің сөзжасамның мәселесіне арналған докторлық диссертациясында “Сөзжасам-татар тіл білімінің бір саласы”деген тақырып бөлініп, онда осы мәселені жан-жақты дәлелдеген.

Сөзжасамның қазақ тіл білімінде зерттелуі:

  • 1984 - 1988 жылдары А. Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтының грамматика бөлімінің қызметкерлері сөзжасам мәселесін арнайы зерттеді. Зерттеудің нәтижесі 1989 жылы “Қазіргі қазақ тілінің сөзжасамы” деген атпен монография болып шықты. Бұл сөзжасам мәселесін жаңа тұрғыдан зерттеген зерттеудің нәтижесі болды. Ғалымдардың соңғы жетістігіне негізделе отырып жазылған ғылыми көлемді монография еді. Монографияны Тіл білімі инситутының ғылыми қызметкерлері жазды. Олар: М. Балақаев, А. Қалыбаева, Қ. Есенов, Н. Оралбаева, Е. Жанпейісов, С. Нұрқатов. Монография екі бөлімнен тұрады: 1) сөзжасамның жалпы мәселелері,2)сөз таптарының сөзжасамы.

Сөзжасам дегеніміз:

  • Тілдегі туынды (жаңа) сөздердің жасалу процесін зерттейтін тіл білімінің бір саласы.
  • Сөзжасамның негізгі зерттеу нысаны – туынды сөздер.
  • Сөзжасам:
  • морфологиямен;
  • синтаксиспен;
  • лексикологиямен;
  • Фонетикамен байланысады.

Сөзжасам тәсілдері:

  • синтетикалық тәсіл;
  • аналитикалық тәсіл;
  • лексика-семантикалық тәсіл.

Синтетикалық тәсіл

  • Синтетикалық тәсіл арқылы туынды сөз жасауда екі тілдік бірлік қызмет атқарады:
  • 1) лексикалық мағыналы сөз;
  • 2) сөзжасамдық жұрнақ.
  • Лексикалық мағыналы сөз: негіз және туынды түбір.
  • Негіз сөз дегеніміз - туынды сөздің лексикалық мағынасына арқау болатын сөз. Мысалы, кәсіпкер, қаламгер, аңшы туынды мағынасы кәсіп, қалам, аң деген негіз сөздердің мағынасынан жасалған, сондықтан олардың мағынасы байланысты.
  • Синтетикалық тәсіл арқылы жасалған туынды сөздер туынды түбір деп аталады. Туынды түбір негіз сөз бен сөзжасамдық жұрнақ арқылы жасалады. Мысалы, арда+гер = ардагер, көрер+мен = көрермен, дәріс+хана = дәрісхана, ой+ла = ойла, айып+кер = айыпкер, сәулет+ші = сәулетші т.б.

Аналитикалық тәсіл

  • Аналитикалық тәсіл деп екі немесе онан да көп сөзден бір лексикалық мағыналы сөздің жасалуы аталады. Мысалы, Екібастұз, ойтолғау, Нұрдәулет, Қызылорда, баспасөз, он сегіз, келіп кет, т.б.
  • Аналитикалық тәсіл арқылы жасалған туынды сөздер күрделі сөздер деп аталады. Күрделі сөздер толық мағыналы сөздерден жасалады.

Лексика-семантикалық тәсіл

  • Сөзжасамның лексика-семантикалық тәсілі белгілі бір сөздердің жаңа мағынаға ие болуыкөп мәнді, ең бастысы омонимдік қатарда келуі арқылы жасалады.
  • Бұл тәсілде сөздің құрамы, тұлғасы ешбір өзгеріске түспейді, өзгеріс тек сөздің мағынасында ғана болады. 
  • Сөздің тек мағынасынды өзгеріс болғандықтан, бұл тәсіл лексика-семантикалық тәсіл деп аталған. Мысалы: құн, буын, таңба, көрме, түбір, дыбыс т.б.

Әдебиеттер:

1.Байтұрсынұлы А. Алты томдық шығармалар жинағы. – Алматы: «Ел-шежіре», – 2013. Т. І: –384 б.

2. Жұбанұлы Қ. Қазақ тіл білімінің мəселелері / Құраст.: Ғ.Əнес. – Алматы: «Абзал-Ай» баспасы, 2013. – 640 б.

3. Мұсабаев Ғ. Қазақ тіл білімінің мәселелері. – Алматы: Абзал-Ай, 2014 . –545 б.

4. Маманов Ы. Қазақ тіл білімінің мәселелері. – Алматы: Абзал-Ай, 2014 . –640 б.

5. Оралбаева Н. Қазақ тілінің сөзжасам жүйесі. –Алматы, 2002

6. Салқынбай А.Б. Қазақ тілі сөзжасамы. –Алматы: Қазақ университеті, 2003

7. Ысқақов А. Қазіргі қазақ тілі. Морфология. –Алматы: Ана тілі, 1991.-384 б.

8. Қазақ грамматикасы. Астана, 2002.



Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет