№4 дәріс: Қазақ тілінің сөзжасамдық – морфологиялық жүйесі Жоспар: Сөзжасам тіл білімінің жеке саласы



бет1/3
Дата13.10.2022
өлшемі3,31 Mb.
#42761
  1   2   3
  • Сөзжасам - тіл білімінің жеке саласы
  • Сөзжасамның тіл білімінің дербес саласы болып танылу оның өзіндік зерттеу нысаны болумен байланысты. Сөзжасам тілдің сөзжасам жүйесін, сөзжасамдық бірліктерді, сөзжасам заңдылықтарын, сөзжасамның амал-тәсілдерін, сөзжасам арқылы жасалған туынды сөздерді, әр сөз табының сөзжасамын т.б мәселерді зерттейді яғни тілдің сөзжасам жүйесін зерттейді. Сөзжасамды жеке сала деп тануды орыс тіл білімінде алғаш ұсынған академик В.В. Виноградов болды. Ресейде сөзжасам мәселесін зерттеп, ол туралы дәлелді пікір айтқан, сөзжасамның өзіндік зерттеу нысанасы барын, оның тіл білімінің басқа салаларынан ерекшелігін ашқан, басқа салалармен байланысын да көрсете білген ғалымдар болды. Олардан Г.О Винокур,Е С Кубряков, Е А Земская, Н Д Арутюнова, А Н Тихонов,И. С. Улухановтарды атауға болады. Сөзжасамды тіл білімінің жеке саласы деп тану мәселесі шетел ғалымдарының зерттеуінде де дәлелденді.
  • Синтетикалық тәсіл
  • Аналитикалық тәсіл
  • Лексика-семантикалық тәсіл
  • Туынды сөз жасауға қатысатын лексикалық бірлік туынды сөздің мағынасына арқау болады. Сондықтан да туынды сөз жасауға лексикалық мағыналы сөздер ғана қатысады. Мысалы, жүлдегер, ақта, ақылды, бәлеқор сияқты туынды сөздердің жаңа мағынасы жүлде, ак, ақыл, бәле сөздерінің негізінде жасалған, сондықтан олар негіз сөздер деп аталады. Негіз сөз дегеніміз - туынды сөздің лексикалық мағынасына арқау болатын сөз
  • Сөзжасам
  • Қосарлау
  • Тіркестіру
  • Қысқарту
  • Аналитикалық тәсілдің
  • Төрт түрі бар
  • Сөзжасамның лексика-семантикалык тәсілі. Лексика-семантикалық тәсіл арқылы, зат есімге заттану арқылы көшкен сөздер өте көп: бүлдірген, ағарған, қорған,қамал, айтыс, қоршау, ақ, асар, жетісі, екпін, тіл т.б. Лексика-семантикалык тәсіл арқылы сөздің жаңа мағынаға көшуіне байланысты сөз бір сөз табынан екінші сөз табына ауысады, оны ғылымда конверсия деп атайды. Конверсия жолымен жаңа сөздің жасалуы - өте көп тараған тәсіл, оның ішкі ерекшеліктері де бар. Сөздің жаңа мағынаға ие болуы, сол арқылы басқа сөз табына көшуі түрлі жолмен іске асады. Оның ішінде ғылымда заттану (субстантивация)-тілдерге кең тараған түрі. Ал заттану - көбіне ықшамдау зандылығына байланысты болатын қүбылыс.
  • Сөзжасамның негізгі теориялық ұғымдарына сөзжасамдық ұя, сөзжасамдық парадигматика мен синтагматика, сөзжасамдық үлгі мен тип, сөзжасамдық тізбек, сөзжасамдық мағына, туынды сөз, негіз сөз, екіншілік мағына, сөзжасамдық мағына жатады. Туынды сөздер деп сөзжасамдық тәсіл арқылы сөзжасамдық бірліктердің бір-бірімен қарым-қатысқа түсуінен жасалған сөздер айтылады. Мысалы, толқын, білім, сұрақ, бозар, көгер, алып кел т.б.
  • Сөзжасамның негізгі теориялық ұғымдары
  • Сөзжасамның негізгі теориялық ұғымдарына сөзжасамдық ұя, сөзжасамдық парадигматика мен синтагматика, сөзжасамдық үлгі мен тип, сөзжасамдық тізбек, сөзжасамдық мағына, туынды сөз, негіз сөз, екіншілік мағына, сөзжасамдық мағына жатады. Туынды сөздер деп сөзжасамдық тәсіл арқылы сөзжасамдық бірліктердің бір-бірімен қарым-қатысқа түсуінен жасалған сөздер айтылады. Мысалы, білім, сұрақ, бозар, көгер т.б.
  • Сөзжасамдық ұя
  • Сөзжасамдық ұя дегеніміз-жаңа сөзжасамдарға негіз болатын, ортақ, өзек мағына қалыптастыратын сөздердің жиынтығы.
  • Сөзжасамның негізгі ұғымы. Сөзжасауға қатысатын ерекше тұлғалық және семантикалық суффикс түрінде де болуы ықтимал.
  • Сөзжасамдық тұлға
  • Сөзжасамдық мағына
  • Сөзжасамдық тип деп бір сөз табынан белгілі бір жұрнақ арқылы жасалған ұқсас мағыналы туынды сөздердің жасалуы аталады.
  • Сөзжасамдық тип
  • Сөзжасамдық үлгі-сөзжасамның негізгі ұғымының бірі. Сөзжасамдық үлгіні анықтауда мынадай белгілерге сүйену керек:негіз сөздің қай сөз табына жататыны; негіз сөз бен туынды сөздің семантикалық арақатынасы;сөз тудырушы негіз сөз бен сөзжасамдық тұлғаның сыртқы формасы мен туынды сөздің сыртқы формасының сәйкес келуі; Мысалы:келе-шек, бола-шақ; оқу-шы, жүргізу-ші, жазу-шы т.б. Сөзжасамдық тізбек-бір сөзжасамдық ұядан немесе негізгі сөзден тараған туынды сөздер тізбегі, яғни бір түбірден тараған бірінен-бірі тікелей туындайтын, біріне-бірі негіз болатын негізді сөздердің тобы.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет