Спирттер бір атомды қаныққан спирттер Жоспары



бет1/4
Дата17.10.2023
өлшемі225,71 Kb.
#116828
түріҚұрамы
  1   2   3   4

СПИРТТЕР
Бір атомды қаныққан спирттер


Жоспары:

  1. Бір атомды қаныққан спирттердің гомологтық қатары. Изомериясы. Номенклатурасы.

  2. Бір атомды қаныққан спирттердің физикалық және химиялық қасиеттер

  3. Бір атомды қаныққан спирттердің алынуы мен қолданылуы.



Спирттер деп құрамындағы бір немесе бірнеше сутегі атомдары гидроксил топтарына ауысқан көмірсутектерді айтады. Гидроксил тобының (-ОН) санына қарай спирттер бір атомды, екі атомды, үш атомды және көп атомды болып бөлінеді











бір атомды
спирт

екі атомды спирт

үш атомды спирт

көп атомды спирт

Бір атомды спирттердің жалпы формуласы: R – OH. Мысалы: СН3ОН- метил спирті, метанол. Екі атомды спирттер гликольдер - молекуласында екі гидроксил тобы бар. Молекуласындағы үш гидроксил тобы бар үш атомды спирт - глицерин.


Көмірсутек радикалдарының табиғатына байланысты спирттер алифатты, алициклді, ароматты спирттер болып бөлінеді.





алифатты спирт

алициклді спирт

ароматты спирт

Спирттер гидроксил тобының қай көміртегі атомына байланысқанына қарай біріншілік, екіншілік және үшіншілік спирттер болып бөлінеді.





біріншілік спирт

екіншілік спирт

үшіншілік спирт

Сондай-ақ спирттер қаныққан және қанықпаған спирттер деп бөлінеді.
Спирттерді жүйелік номенклатура бойынша атау үшін сәйкес көмірсутектердің атауына «ол» жалғауын қосып, гидроксил тобы тұрған көміртек атомының нөмірін көрсету арқылы атайды.
Мысалы:

СН3 – СН2 – СН2 – СН2 – ОН СН3 - СН2(ОН) – СН – СН3


бутанол-1 бутанол- 2
Спирттердің изомериясы олардың көміртегі тізбегінің құрылысы мен гидрокил тобының орнына байланысты.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет