Қалыптау деп пішіні дайын бұйымның пішініне жақын немесе дәл сйкес келетін қалыпта металдың пішінін өзгертуді айтады. Қалыптауды ыстықтай және суықтай көлемдік қалыптау деп екіге бөледі. Ыстықтай қалыптағанда өңделетін металдың немесе қорытпаның рекристаллизация температурасынан жоғарғы температурада дайындаманы деформациялайды. Қалыптау соғумен айырмашылықта металға үш ось бойымен деформацияға ұшырауға және көлем бойынша орнықты өлшемдерді алуға мүмкіндік береді.
Қалыптаудың айырмашылығына мыналар жатады: жаншу санының көп емес болуы; жоғары өнімділік; соғу және механикалық өңдеумен салыстырғанда шығынның аз болуы. Қалыптаудың өзіндікқұны тетікті кесумен жасаудың өзіндікқұнынан 2 – 3 рет кіші. Бірақта осы артықшылықтар тек арнайы сериялы өндірісте іске асырылады. Өйткені қалыптың бағасы өте жоғары. Өндірістері дамыған мемлекеттерде ыстықтай көлемдік қалыптаумен 1 – 1,5 млн. т болаттан жасалған соғылмалар жасалынады.