Стоматология факультеті


№5. Тақырыбы: Көмірсулар алмасуы. Анаэробты гликолиз. Кори циклы. Глюкозаның



Pdf көрінісі
бет19/46
Дата30.04.2023
өлшемі1,68 Mb.
#88580
түріСабақ
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   46
 
№5. Тақырыбы: Көмірсулар алмасуы. Анаэробты гликолиз. Кори циклы. Глюкозаның 
аэробты тотығуы. Пентозофосфатты жол. Гликогеннің алмасуы. Қанның құрамында 
глюкозаның реттелуі. Көмірсу алмасуының бұзылуы. 
2. Мақсаты: Студенттер көмірсулардың қорытылуы және сіңірілуі жөнінде, бауырда гликогеннің 
синтезделуінің және жұмсалуының физиологиялық маңызын, сонымен қатар қандағы глюкозаның 
деңгейін реттеуші негізгі процесстердің бірі екендігі жөнінде, гликолиз кезінде жүретін 
реакциялардың мәнімен ретілігін, глюкозаның реттелуі және көмірсу алмасуларының бұзылу 
жолдары туралы түсінік қалыптастыру.
3. Оқыту мақсаты: Адам организмінде тағам көмірсулары қорек ретінде маңызды орын алады. Сол 
себепті келешек дәрігерге тағам арқылы қандай моносахаридтер, дисахаридтер, полисахаридтер 
организмге түсіп тұрады және ас қорыту жолдарында олар қалай ыдырайды,сіңіріледі, қандай 


Ф-ОБ-012/062 
23 
метаболизмге ұшырайтынын білу өте маңызды. Патологиялық жағдайда, яғни жүректің ишемиялық 
ауруларында, инфаркттарда, гипоксиялық жағдайда организмде анаэробты гликолиз күшейеді. 
Қатерлі аурулар кезінде организмде анаэробты гликолиз-негізгі энергия көзі болып табылады. 
Бұл аурулардың этиологиясын және патогенезін анықтау үшін, көмірсу алмасуының метаболизмін 
білу үшін қажет. Гликогеннің алмасуы, глюкозаның қанның құрамында реттелуін және көмірсу 
алмасуының бұзылу жолдарын студенттерге оқытып үйрету.
4. Тақырыптың негізгі сұрақтары:
1. Тағамдағы көмірсулар, классификациясы, маңызы.
2. Көмірсулардың қорытылуы, көмірсуларды қорытуға қатысатын ферменттер.
3. Көмірсулардың сіңірілу механизмдері, сіңірілгеннен кейінгі тағдыры. 
4. Гликогеногенез, гликогенолиз, глюконеогенез процесстерінің маңызы.
5. Гликогенолиз, гликогенолиздің жолдары маңызы, оларды жүргізетін ферменттер,
(фосфорилаза, ц АМФ, протеинкиназа).
6. Бауырдағы фосфоролиздің ерекшеліктері.
7. Глюкозаның анаэробты ыдырауы, реакциялар реті, маңызы.
8. ПЖҚ-ң тотығудан декарбоксилденуі, пируватдегидрогеназды комплекстің құрылысы.
9. Сүт қышқылының тағдыры. Кори циклі, маңызы.
10. Пастер эффектісі, маңызы. 
11. Қандағы глюкозаның қалыпты мөлшері. Бауырдың көмірсу алмасуындағы ролі.
Глюкозаның тканьдердегі өзгерістерге ұшырауы. Глюкозаның ыдырауының негізгі жолдары. 
12. Глюкозаның гликолитикалық ыдырау жолдары. 
а/ аэробты гликолиз, түсінік процесстің орналасқан жері. 
б/ ПЖҚ-ға дейінгі жүретін реакциялардың реті. Энергетикалық тиімділігі. 
в/ ПЖҚ-ның тотығудан декарбоксилденуі, пируват-дегидрогеназды комплекс құрамына кіретін 
витаминдер. Реакцияның энергетикалық шығысы. 
13. Цитазоль және митахондрий ферменттерінің аэробты глюколиз кезіндегі өз-ара байланыстары. 
14. Шөрнек механизмдерінің биологиялық ролі. 
а/ глицерофосфатты шөрнек механизмі. 
б/ малатты шөрнек механизмі. 
15. Көмірсулардың тотығуының ЦТК, БТ, ТФ-мен байланыстылығы. 
16.Глюкоза аэробты жолмен тотыққандағы энергетикалық шығымы.
17.Глюкозаның петозофосфатты жолмен тотығуының биологиялық ролі. Осы процесске қатысатын 
ферменттер. 
18.Көмірсу алмасуындағы бауырдың ролі. 
19. Көмірсу алмасуының соңғы өнімдері. Олардың түзілуін қамтамасыз ететін процесстер. Бөлінуі. 
20. “Қандағы қант” деген ұғымды қалай түсінесіз. Оның мөлшері қандай? Гипергликемия. 
глюкозурия дегеніміз не? Глюкозаның бүйректегі деңгейі қандай?
21. Көмірсу алмасуының бұзылыстары. Гликогеноздар, түрлері. 
22. Гликогеногенез, гликогенолиз, глюконеогенез – бұл процесстердің маңызы.
23. Гликогеннің алмасуы, түсінік, маңызы.
24. Гликогенолиз, гликогенолиздің жүру жолдары, фосфорилазаның ролі, гликогеннің ыдырау 
процесі кезінде протеинкиназаның және ц-АМФ маңызы. 
25. Бауырда фосфорилазаның ерекшелігі, қатысатын ферменттер. 
26. Қанның құрамында глюкозаның реттелуі. 
27. Көмірсу алмасуының реттелуі.
28. Көмірсу алмасуында бауырдың ролі. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   46




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет