Stud.kz – қазақ тілінде жазылған жұмыстар саны және сапасы бойынша біздің қор №1 болып табылады
Сыныптан тыс жұмыстарда музыканы оқыту мен тәрбиелеуді ұйымдастыру формалары
Сыныптағы тәрбие жұмысын барлық мұғалімдер жүргізеді. Оның негізгі ұйымдастырушысы-сынып жетекшісі. Ол сыныптың оқушылар ұжымын топтастырады және тәрбиелейді, оқушылардың ата-аналарының және жұртшылық өкілдерінің тәрбиелік күш-жігерін біріктіреді. Мұның өзінде ол осыны сынып ұжымының ерекшеліктерін және тәрбиеленушілердің жеке-дара ерекшеліктерін, олардың дамуы мен тәрбиелік деңгейін есепке ала отырып істей алады.
Сынып жетекшісінің негізгі қызметі-оқушылар ұжымын ұйымдастыру мен тәрбиелеу, оқушыларды сыныптан тыс әрекеттің әр алуан түріне тарту. Оның назары, әрине, сыныптағы оқу жұмысын ұйымдастыру, білім сапасын арттыру мәселелеріне де ауып отырады. Бірақ оларды шешуге ең алдымен тәрбиеші ретінде қарайды және бұл үшін тәрбиенің әр түрлі формалары мен әдістерін пайдаланады. Бастауыш ұжымды ұйымдастыра және топтастыра отырып, сынып жетекшісі сабақтан тыс іс-әрекет үрдісінде бүкіл мектептік ұжыммен және оқушылардың басқа да бірлестіктерімен оның дұрыс өзара әрекеттесуін қамтамасыз етеді.
Сынып жетекшісінің тәрбиелік іс-әрекетінің негізгі бөлімдері мыналар болып табылады: оқушыларды зерттеп білу, сыныпта оқушылар ұжымын ұйымдастыру және тәрбиелеу, тәртіпті нығайту, сабақтан тыс (сыныптан тыс) жұмысты, қоғамға пайдалы әр түрлі іс-әрекеттерді ұйымдастыру және өткізу, мұғалімдердің тәрбиелік іс-әрекеттерін үйлестіру, ата-аналармен, жұртшылық ұйымдары өкілдерімен тұрақты байланыс, оларды балаларды тәрбиелеуге тарту. Осы бөлімдер жинақтала келіп сынып жетекшісінің тәрбиелік іс-әрекетінің жүйесін құрайды. Осылардың біреуін алып тастаса, онда сынып жетекшісінің жұмыс жүйесі бұзылады. Мәселен, егер сынып жетекшісі оқушыларды күн сайын зерттеп біліп тұрмаса, оқушылар ұжымын тәрбиелеу мен ұйымдастыру міндетін ойдағыдай шешу оның қолынан келмейді. Сынып ұжымын топтастырмайынша, сыныпта тәрбие жұмысын ұйымдастыру тіптен мүмкін емес. Ал отбасымен тығыз байланыс орнатпайынша, мұғалімдер мен ата-аналар талаптарының бірлігіне қол жетпейді.
1. Жоспардың белгілі мақсатқа бағытталуы. Тәрбие жұмысының жоспары іс-әрекетке басшылық бола алады, бұл үшін ол мектеп оқушыларына тәрбие берудегі нысаналықты, оны мектептің ортақ мақсатына бағындаруы қматамасыз ететіндей идеялық жағынан мақсатқа бағытталған болуы керек. Барлық жекелеген тәрбие міндеттері мектептің негізгі мақсатын шешуге оқушыларды жан-жақты дамытуға, оларды өмірге дайындауға жәрдемдесетін болуы керек. Жоспардың мазмұны идеялық-саяси, қоғамдық пайдалы бағытта болуын қамтамасыз ету керек.
2. Сыныптағы тәрбие жұмысы мазмұнының, формаларының және өздерінің әр түрлі болуы. Тәжірибелі сынып жетекшілері тәрбие жұмысының әр түрлі формалары мен әдістерін қолданады. Бұл тәрбие жұмысын эмоциялы және қызықты етуге көмектеседі. Жоспарда жалпы шаралармен қатар оқушылардың қызығулары мен бейімділіктерін ескере отырып, топтық және жеке-даралық жұмыстарды қарастыру керек. Соңғы жылдары оқулар, ата-аналар университеттері, лекторийлар, саяси хабарламашылардың семинары сияқты тәрбие формалары кең өріс алуда.
3. Оқушыларды тәрбиелеудің сабақтастығын, жүйелілігін және дәйектілігін қамтамасыз ету. Бұл топта әрбір келесі шааралар өзінен бұрынғылардың жалғасы болып табылады және тәрбиенің қол жеткен нәтижелеріне негізделеді. Жоспар өткен уақыт ішінде істелген істерді және жалпы мектептік жоспарда көрсетілген келешек міндеттерді ескере отырып жасалады. Егер қол жеткен нәтижеге сүйенбесе, істелген жұмыстың нәтижелерін баянды ету мүмкін емес. Бірінші, екінші, үшінші тоқсанның жоспарларында күзгі, қысқы және көктемгі каникул кездерінде жүргізілетін, ал төртінші тоқсанның жартысында еңбек пен демалыс мәселелерін ұымдастыру кезіндегі жұмыстар көрсетілуі тиіс. Ол жұмысынан айырмашылығы-оқушыларды тәрбиелеуде үзіліс болмауы керек.
4. Жоспардың нақтылы болуы. Жоспар жасағанда орындалмайтын міндетті қоймаған жөн. Белгіленген жұмыстардың көлемі оқушылар ұжымының мүмкіндігіне сай болуы қажет. Барлық жұмыстарды қамтитын деп сынып жетекшісі көп шараларды белгілемегені жөн. Бірнеше ғана нақтылы міндеттерді белгілеп, мұғалімдердің көмегімен оқушылар ұжымы арасында және ата-аналармен әр түрлі жұмыстарды жүргізген жөн.
5. Жұмысты келісіп жоспарлау. Жоспарды жасамастан бұрын мектептің жоспарымен танысып, оқушылардың ұсыныстары мен тілектерін, сыныпта сабақ беретін мұғалімдермен келісіп, олардың тілектерін ескеру керек.
-Сынып жетекшісінің қызметін жоспарлаудың формалары. Сынып жетекшісінің жоспарын құру мақсат емес , бұл тәрбие жұмысының сапасын арттырудың құралы. Сондықтан жоспардың формасы ыңғайлы, икемді, сыныпта тәрбие жұмысын ұйымдастырудың нақтылы жағдайларын ескерген болуы керек. Жоспарға өмір талап ететін және ойдағыдай орындалатын шаралар кіруі керек. Әрине, ол шаралар кездейсоқ емес, тәрбие жұмысы жүйесінде біте қайнасқан буындар болуы керек. Мектеп тәжірибесінде сынып жетекшілерінің жоспарлары түрліше құрылып, әр түрлі бөлімдерден тұрады. Себебі әр сыныптың жұмыс жағдайлары бірдей емес, жаңа бастаған сынып жетекшісі жоспарды кең, көлемді етіп жасаса, тәжірибелі педагог қысқаша тұжырымдауы мүмкін. Қандай жағдай болмасын сынып жетекшілерінің жоспары тәрбие жұмысының негізгі мазмұны мен бағытын, сынып ұжымының даму болашағын бейнелейтін болуы керек, оны төмендегі 1 суреттен және сабақтан тыс жұмыстың түрлері мен мақсаттарынан көре аласыздар:
Сабақтан тыс жұмыстың түрлері
Достарыңызбен бөлісу: |