Студент: Серикбол Алтынай Мамандығы: 5В012500 ‒ Химия-Биология Іс-тәжірибе орны



Дата12.02.2023
өлшемі23,1 Kb.
#67187


Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
Академик Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды университеті

Химия факультеті

ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ІС-ТӘЖІРИБЕ ЕСЕБІ


Студент: Серикбол Алтынай
Мамандығы: 5В012500 ‒ Химия-Биология
Іс-тәжірибе орны: Павлодар облысы Ақсу қаласының"№2" жалпы орта білім беретін мектебі КММ
Университтен іс-тәжірибе жетекшісі: Ерниязова
Базалық ұйымнан іс-тәжірибе жетекшісі: Карагатеев Даурен Амиргалиевич
Іс-тәжірибе өту аралығы: 20.01.2022ж ‒ 02.04.2022ж


Есеп
1)Іс-тәжірибемді Павлодар облысы Ақсу қаласының №2 жалпы орта білім беру мектебінде 20.01.2022-02.04.2022ж күндер аралығында өттім.
Мектеп 2011 жылы құрылған. 1654 оқушы білім алуда. Мектеп екі аусымдық. Оқушылар қазақ тілінде білім алады. Ұйымның жетекшісі: Шалабаева Аршагүл Алжахановна.Мектеп кабинеттері жарық әрі кең. Оқушылары ұйымшыл. Мектеп басшылығынан маған жетекшілікке химия пәнінің мұғалімі Гулнарай Оразбековна және биология пәнінің мұғалімі Даурен Амиргалиевич тағайындалды. Маған 9«ғ» сыныбы берілді. Сынып жетекшісі: Даурен Амиргалиевич
19.01.22ж Студенттер арасында зум платформасында ұйымдастыру конференциясы өтіп, студенттерге практиканың тақырыптық жоспары жайлы толық ақпарат берді.
20.01.22ж Мектеппен, мектеп басшылығымен, білім беру мекемесінен тағайындалған практика жетекшісімен таныстым.
21.01.22ж Педагогикалық практика жұмыс кестесін құрдым.
24.01.22ж Мектеп психологының қызметімен таныстым. Мектептің санитарлық гигиеналық жағдайымен таныстым.
25.01.22ж Бекітілген сабақ кестесімен таныстым, бекітілген 9ғ сынып оқушыларымен танысып, сабақтарына қатыстым.
26.01.22ж Сыныптағы тұтас педагогикалық процеске қатыстым.Сынып журналының құрылымын зерттердім.
Жетекшім мені сынып жетекші міндеттерімен, құқықтарымен таныстырды. Сынып жетекшінің атқаратын қызметтері мен құжаттарды, күнделікті есеп беруді түсіндірді
Пән бойынша жекетшімнің сабағына кіріп талдау жасадым.
27.01.22ж мұғалімнің күнтізбелік тақырыптық жоспарына талдау жасадым. Күнтізбелік тақырыптық жоспарға сай сабақ жоспарын жасадым. 10 баллдық бағалау шкаласымен таныстым.
28.01.22 Бағалау критерийларын ескере отырып, оқушылардың сабққа дайындығын тексердім. Kundelik.kz сайтымен жұмыс жасадым. Сынып оқушыларының сабаққа қатысуын қадағаладым.Қатыспаған оқушылардың себебін анықтадым. Сынып жетекшімнің сыныпта жүргізетін шараларына қатыстыстым, талдау жасадым. Мен өткізетін тәрбие сағатының тақырыптарын жазып алдым.
31.01.22ж Жетекшімнің жұмыс жоспарына сәйкес ұйымдастырылған тәрбие шараларына дайындығы және жоспарымен танысып, білдім.
01.02 Жетекшімнің қатысуымен уақытында көмек көрсету мақсатында ошушылардың оқудағы қиындықтары туралы ақпараттар жинадық.
8 б сыныбына химия пәнінен ‘’ Химиялық элементтердің табиғи ұяластары және оның қасиеттері’’ тақырыбына жаңа сабақ өттім. Сабақта кері байланыс алып, белсенді қатысқан оқушыларды бағаладым.
02.02.22ж 9ғ сыныбына биология пәнінен күнделікті жоспар бойынша ‘’интерфаза және оның кезеңдері’’ тақырыбында жаңа сабақ өттім.
‘’Химия ғажайыптар әлемі’’ тақырыбында өткен химияның онкүндігі іс-шарасының ашылуына қатыстым.
03.02.2022 Күнделікті жоспар бойынша 8ғ сыныбына жаңа сабақ өттім және оқушылардын бжб 1 жұмысын алдым.
Химияның онкүндігіне сәйкес өткізілген іс-шарасында, басқа мұғалімдердің өткізген ашық сабақтарына қатыстым. Сабағында қолданған әдіс-тәсілдерді жазып алып, сабақта қолданудың тиімділігін зерттердім.
04.02.22ж 9ғ сыныбына күнделікті жоспар бойынша жаңа сабақ өттім. Сабақты барынша қызықты болып өткізу үшін түрлі әдіс тәсілдерді қолдандым, оқушылар белсенді қатысты, және kundelik.kz сайтында оқушыларды 10 баллдық шкалаға сәйкес бағаладым.
07.02.22ж Жетекшімнің ашық сабағының дайындығына көмектестім. Сабақта қолданылған әдіс-тәсілдерінің тиімділігін оқушылармен байланысын зерттедім.
08.02.22ж Химияның онкүндігі іс шарасына сәйкес 7-8 сыныптар арасында ұйымдастырылған логикалық сұрақ сайысының сұрақтарын ұжыммен бірігіп құрадық.
Химия пәнінен күнделікті жоспар бойынша 8б сыныбына жаңа сабақ өттім.
09.02.22ж Химия онкүндігіне өткізіліп жатқан іс шарасында 7-11 сынып үздік оқушылар арасында Олимпиадалық тест өткізілді. Бақылаушы тарапынан қатысып, сыныптан тыс жұмыстың ұйымдастырылуын бақыладым.
Биологиядан 9ғ сыныбына жоспар бойынша жаңа сабақ өттім.
10.02 Химияның онкүнділі іс шарасына сәйкес 7-8 сыныптар арасында ұйымдастырылған логикалық сұрақ сайысының I кезеңінде белсенді болған оқушыларды белгілеп алып, сыйлықтарын дайындадық.
11.02.22ж Сынып оқушыларының денсаулығы және психологиялық жағдайы туралы ақпарат алып, оқушылардың сабаққа қатысуын қадағаладым.
14.02.22ж Химияның онкүндігі іс-шарасында ұйымдастырылған байқауларла белсенді болып, көзге түскен олимпиада тестін шешіп жүлделі орын иелеріне мадақтама қағазы мен сыйлықьарын табыстадық.
15.02.22ж ‘’Иондық байланыс тақырыбында ашық сабақ өттім. Сабақта практикалық тапсырмаларды беріп, оқу мақсатына жету үшін топтық, жұптық, топтарға бөліп тапсырмаларды орындады. Сабақ қызықты өту үшін әрі балалар тақырыпты еркін түсінуі үшін түрлі әдіс тәсілдерді қолдадым.
16.02.22ж ‘’Г.Мендель ашқан белгілердің тұқым қуалау заңдылығы’’ тақырыбына ашық сабақ өттім. Сабаққа мектептен тағайындалған жетекшілер қатысып, сабақ соңында өз пікірлерін білдірді.
17.02.22ж Иондық байланыс тақырыбына қайталау сабағын жүргіздім. Басқада сабақтарына қатысып, оқушылардың үлгерімін зерттедім және бағаладым.
18.02.22ж Мендельдің бірінші, екінші және үшінші заңдарына биологиялық есептер шығардық. Оқушыларды бағаладым.
21.02.22ж Сынып жетекшімен бірге оқушылардың дәптерін тексердік. Оқушылардың психологиялық-диагностикалық диаграммасын сызып, сынып жетекшінің тапсырмасын орындадым.
22.02.22ж Кристалдық тор түрлері, байланыс типтері және заттардың қасиеттері арасындағы өзара байланыс тақырыбында жаңа сабақ өттім, және өткен тарауға бжб 2 алдым.
23.02.22ж Биологиядан 9 ғ сыныбына жоспар бойынша жаңа тақырып өттім.
02.03.22ж Халықаралық әйелдер мерекесіне орай мектепте мерекелік іс шара өткізілді. Мен бақылап, оқушылардың өнерін тамашаладым және сыныптан тыс жұмыстардың ұйымбастырылуын бақыладым.
11.03.22ж “Жыл басы-Наурыз! Мол болсын дәм тұз” тақырыбында тәрбие сағатын өткіздім. Наурыз мерекесі жайлы ақпараттар айтып, оқушылардың пікірін тыңдадым.
31.03.22-02.04.22 Практиканың соңғы күндері.Күнделікті толықтырып, құжаттарды жинастырдым. Жетекшіммен ақылдасып, практика барысындағы жетістіктерім мен кемшіліктерімді анықтадық. Болашақта түзету керек жерлерге мән бердім. Оқушылармен қоштастым. Практика маған қатты ұнады. Практика барысында мектеп мұғалімдері менімен жақсы қарым-қатынаста болды. Білмегенімді үйретті. Мектептен кемшілік көрген жоқпын. Бұл іс-тәжірибеде өзіме қойған талаптарымды және мақсатым мен міндеттерімді түгелдей орындадым. Алдағы практикада, болашақ жұмысымда осы өткен «іс-тәжірибемнің» пайдасы үлкен деп ойлаймын!

Практика барсысында өткен тақырыптарым:


Химия пәні бойынша:
Биология пәні бойынша:
Практика барысырда қолданылған көрнекіліктерім:
1)Шаттық шеңбері
2)Табыс ағашы
3)Бағдаршам әдісі
4)Хат жолдау әдісі
5)Кім жылдам әдісі
6)Кластер әдісі
7)Insert әдісі
8)Фишбоун әдісі
9)Swot-талдау әдісі
10)Кейс-стади әдісі»

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет