Студентке мінездеме Меккенбаев Темірлан – «№28 мектеп-лицей»



Дата14.02.2023
өлшемі14,14 Kb.
#67890

Студентке мінездеме
Меккенбаев Темірлан – «№28 мектеп-лицей» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде 23.01.2023 ж- 23.02.2023 жж. аралығында үздіксіз оқу (танысу) практикасынан өтті. Үздіксіз оқу (танысу) практикадан өту кезінде Меккенбаев Темірлан өзін жақсы қырынан көрсете білді. Практиканың алғашқы күнінен бастап оқушылармен тез тіл табысып, оларды өзінің мәдениеттілігімен, кішіпейілдігімен, қарапайымдылығымен өзіне баурай білді. Бірінші күннен бастап – ақ өз ісіне ұқыптылығымен, жауаптылығымен, тиянақтылығымен көрінді. Берілген жұмысты уақытылы және сапалы орындай білді. Меккенбаев Темірлан тәжірибе барысында мектепке үнемі мол дайындықпен, көп ізденіспен келеді.
Ұйымдастырушылық қабілеті бар, мінезі ашық, өз жұмысына ынталы, оқушылармен тез тіл табыса алды. Ең бастысы, табиғатынан педагог мамандығы бойына беріле отырып, өз мамандығын таңдауда қателеспегендігі. Сынды дұрыс түсінеді, кемшіліктерін тез түзетуге тырысады. Сабақтарында ойындар, сергіту жаттығулары, топтық тапсырмалар, қызықты өткізе білуімен оқушыларды өзіне тарта білді. Әрбір сабағы жаңашылдықпен өткізіліп, оқушылар құрметіне ие болды. Меккенбаев Темірлан болашақта білімді де білікті, үлгілі еліне адал қызмет ететін азамат болатынына сенемін.
Үздіксіз оқу (танысу) практикасын 5 (үздік) деп бағалаймын.
Бағасы: 5
Сынып жетекшісінің қолы:_________________________________

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет