Эстафеталық ойындар



Дата11.12.2022
өлшемі402,26 Kb.
#56395
түріСабақ

Эстафеталық ойындар

Орындаған:Кесікқұл Айгерім

Эстафеталық ойын

  • Эстафета сөзі бірнеше аттарды қолдану арқылы жылдам хабар жеткізу мағынасынан пайда болған. Қазіргі кезде эстафеталық ойындар мен спорттың көптеген түрлері бар. Мысалы, шаңғы, жеңіл атлетика, суға жүзу, мұзда сырғанау, спорттық бағдарлама т.б. спорт түрлерінде эстафеталық жарыстар өткізіледі. Эстафеталық ойындар оқу-жаттығу сабақтарында кеңінен қолданылады. Эстафеталық ойынның мақсаты: топқа бөлініп, тапсырылған түрлі сынақтарды, жаттығуларды жылдам және дұрыс орындау арқылы қимыл-қозғалыстарын үйлестіру, қимыл қабілеттерін жетілдіру болып табылады.

Эстафеталық ойындар сан алуан, оларды ұйымдастыруға қойылатын талаптарға:

  • – эстафеталық ойындар екі немесе одан да көп топқа бөлініп өткізіледі; – орындалатын жаттығулар алдын ала таңдалып алынады; – жаттығуларды орындауды топтар бірге бастайды; – топтар өзара жарысады, күш сынасады; – міндетті түрде жеңімпаз және жеңілген топ болады; – топтағы барлық ойыншылар жаттығуларды біркелкі дұрыс, жақсы орындағанда жеңіске жетеді; – топ ойыншылары басқарушыны тыңдап, ұйымшыл болып, ойын ережелерін дұрыс орындаулары шарт; – ойын барысында ойыншылар бір-бірінің үйлесімді және дұрыс жұмыс жасауына көмектеседі; – топ мүшелері бір-бірін көтермелеп, мадақтап, жеңіске жету үшін бар ықыластарын салып орындауға тырысады; – эстафеталық ойын қорытындысы топтағы барлық ойыншылардың көрсеткіштері бойынша анықталады.

Кірпіштермен жүру эстафетасы.

  • Екі команда бір-бірінің соңына сапқа тұрады. Алғашқы екі қатысушы ағаш кірпіштердің үстінде тұрып, екі кірпішті қолында ұстайды. Белгі берілісімен қолындағы кірпішті алдына қойып, ауыстырылған кірпіштердің үстімен 6м. Ауыстырылып отырған кірпіштердің үстімен манежді айналып келіп, келесі қатысушыға кірпіштерін береді. Әр командада ені 10 см, биіктігі 4 см, ұзындығы 20 см-лік 4 ағаш кірпіші болу керек. Ең аз уақыт мөлшері бойынша жеңімпаз атанады. Команда құрамы 10 адам. (5 ұл+5 қыз).

Арқан тарту

  • Команда құрамы 10 адам. (5 ұл+5 қыз). Командалық жарыс: ойын тәртібі төрешілер алқасының отырысында анықталды.

Допты алып жүгіру

  • қабырғаға барып, қолын тигізіп қайту, келесі балаға эстафета беру.
  • 2.оң және сол аяқты ауыстыры, секіріп белгіленген жерге барып қайту, келесі балаға эстафета беру.
  • 3.оң және сол қолмен допты ұрып, белгіленген жерге дейін барып, қайту.
  • 4.допты соғып барып, қабырғаға тигізіп, допты жоғары 3 рет лақтырып, келесі балаға беру.
  • 5.допты екі аяқпен қысып, секіріп белгіленген жерге барып қайту.
  • 6.екі қолды артқа тіреп, шалқая алдыға жүру.

Повар ойыны

  • Әр ойыншы шарикті екі қасықпен қазанға тасиды


Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет