Студенттің Өзіндік жұмысы



бет1/5
Дата30.11.2022
өлшемі88,46 Kb.
#53737
  1   2   3   4   5
Байланысты:
Ñòóäåíòò³? ?ç³íä³ê æ?ìûñû




Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті
Педагогика және психология кафедрасы Арнайы білім беру кафедрасы


СТУДЕНТТІҢ ӨЗІНДІК ЖҰМЫСЫ

Пәні: Күрделі бұзылыстары бар балалардың психофизикалық дамуы


Мамандығы: 6B01901 Дефектология: Сурдопедагогика бойынша мамандар даярлау
Орындаған​: Маратова С.К.
Тобы: 203
Қабылдаған : Жаканбаева Б.Б.
______________ _____________ «____» ________________ 2021 ж.
(бағасы) (қолы)
Алматы, 2021
Күрделі даму кемшіліктері бар балалар психологиясының
пәні мен міндеттері


Күрделіс бұзылыс дегеніміз- екі немесе одан да көп бұзылыстардың бала бойында көрініс табуы. Күрделі бұзылысы бар балалармен жұмыс істеу алдында, біз, ең алдымен күрделі дамудың не екенің, оның этиологиясын, сонымен қатар дамудың күрделі бұзылуының психологиясының пәні мен міндеттерін қарастыруымыз қажет.
Дамуында күрделі бұзылыстары бар балалар психологиясы- бұл бала бойындағы екі немесе одан да көп бұзылыстар мен оның психикалық дамуының ерекшеліктерін зерттейтін арнайы психологияның бір саласы болып табылады.
Осы арнайы психологияның саласының пәні- күрделі бұзылулары бар тұлғалардың психикалық дамуының өзіне тән ерекшеліктерін зерттеу және олардың жақындарына арнайы психологиялық-педагогикалық көмек көрсетуді анықтау.
Дамуында күрделі бұзылыстары бар балалардың психологиясының міндеттеріне келетін болсақ, олар:

  • Баланың дамуының жалпы және ерекше заңдылықтарын анықтау;

  • Диагностикалық зерттеу әдістерін ұйымдастыру;

  • Оқыту мен тәрбиелеудің мазмұны мен әдістеріне психологиялық тұрғыдан негіздеме жасау;

  • Қоғамға бейімделу ерекшеліктерін әлеуметтік-психологиялық тұрғысын зерделеу.

Күрделі бұзылуды диагностикалау үшін, ең алдымен, күрделі бұзылыстың туындау себептерін анықтап, білу қажет. Балада дамудың ауытқуын қарастырған кезде біз тұқым қуалау және экзогенді факторларын қарастырамыз.
Күрделі бұзылыстың бірнеше этиологиялық нұсқаларын қарастырып өтейік:

  • Бірінші ауытқушылық генетикалық әсерден , екіншісі экзогендік фактордың әсерінен пайда болған ауытқу болуы мүмкін (миопия генетикалық әсер, ал экзогенді туа біткен жарақаттар);

  • Екі ауытқу да бір-біріне тәуелсіз генетикалық фактормен сипатталады (әкесінен есту қабілетінің бұзылысы, ал анасынан көру қабілетінің бұзылысы балада көрініс табады);

  • Екі бұзылыстың әртүрлі экзогенді фактордан пайда болуы (баланың скарлатинаның салдарынан есту қабілетін жоғалтуы, ал омыртқа жарақаты қозғалыстың бұзылуына алып келді);

  • Екі бұзылыс та бір тұқым туалаған синдромның әртүрлі көрінісі;

  • Бір экзогендік фактордың әсерінен екі бұзылыстың пайда болуы.



Қолданылған әдебиеттер: Бертынь Г.П. «Этиологическая классификация слепоглухоты»,
Басилова Т.А. «Психология детей со сложными недсотатками развития: Основы специальной психологий»




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет