Реферат Тақырыбы: Есту қабілетінің маңызы, есту анализаторының қызметі, есту гигиенасы



бет1/3
Дата31.12.2021
өлшемі124,4 Kb.
#23166
түріРеферат
  1   2   3
Байланысты:
реферат


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

«М.ӘУЕЗОВ атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті»



«ТАРИХ ЖӘНЕ ПЕДАГОГИКА» ФАКУЛЬТЕТІ

«ПСИХОЛОГИЯ ЖӘНЕ АРНАЙЫ ПЕДАГОГИКА» КАФЕДРАСЫ

Реферат

Тақырыбы: Есту қабілетінің маңызы, есту анализаторының қызметі, есту гигиенасы

Орындаған: Бектасова Балнұр Мұратқызы

ТП-18-2к1

Қабылдаған: Ешенулова Эльвира Бауыржанқызы

Мазмұны

І. Кіріспе

ІІ. Негізгі бөлім

  1. Құлақтың құрылысы

  2. Маңызы

  3. Есту мүшесінің гигиенасы

ІІІ. Дереккөздер

І. Кіріспе

Есту— адам мен жануарлар организмінің дыбыс толқындарын қабылдау қабілеті.



Көптеген жәндіктерге, барлық омыртқалы жануарларға (әсіресе, сүтқоректілерге) тән қасиет. Адам мен жануарлар қоршаған ортадан көбіне биогенді (жануарлардың өздері шығаратын) дыбыстарды қабылдап, оған жауап қайтарады. Есту қабілеті жануарлардың ерекшелігіне, жасына, физиологиялық, экологиялық жағдайына, т.б. байланысты болады. Кейбір жануарлар өздерінен ультрадыбыс толқындарын шығарып, оның кедергіден кері қайтқан жаңғырығын қабылдап, сол арқылы кеңістікті бағдарлайды, қорегін ұстайды. Жоғарғы сатыдағы жануарлар мен адамда есту процесін есту талшықтары (арнайы жүйкелер) атқарады. Сүтқоректілер дыбыс толқындарын құлақ қалқаны мен сыртқы есту жолы арқылы қабылдап, сыртқы құлақ пен ортаңғы құлақ арасындағы дабыл жарғағын тербеліске келтіреді де, одан әрі өзара байланысқан балға, төс, үзеңгі сүйектеріне (ортаңғы құлақта болатын) беріледі. Үзеңгі сүйегі перилимфа, эндолимфа сұйықтарын (ішкі құлақ ішінде болатын) тербеліске келтіріп, одан дыбыс толқындары кортиев органына беріледі. Тербелген талшық дыбыс қабылдайтын клеткаларды тітіркендіреді. Осы тітіркеністің әсерінен есту рецепторларында қозу толқыны пайда болып, дыбыс толқыны есту талшықтарының орталығына жетеді. Дыбыс есту жүйкесі арқылы алдыңғы мидың самай бөлігінде талданады. Есту сезімталдығы құлақ қабылдай алатын ең кіші дыбыс тербелісімен өлшенеді. Мысалы, адам 16 — 20 Гц-тен 20 кГц-ке дейінгі жиіліктен дыбысты қабылдай алады, ұсақ жәндіктерде 0,2 — 500 кГц, балықтарда 50 Гц — 5 кГц, дельфиндерде 100 Гц — 200 кГц, т.б.
Есту органы — құлақ — дыбыс өткізетін және дыбыс қабылдайтын екі бөлімнен тұрады (суретті қараңыз). Дыбыс өткізгіш бөлім сыртқы және ортаңғы құлаққа бөлінеді, олардың арасында дабыл жарғағы бар. Дыбыс қабылдайтын бөлім ішкі құлақтан, есту нервтерінен және самайда орналасқан мидың арнайы учаскесінен (мұны есту орталығы деп агайды) тұрады.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет