Студенттің өзіндік жұмысының жоспары Оқытушы: Джуманкулова Самал Досынбековна Топ: б-18 Күні



бет1/4
Дата05.05.2023
өлшемі28,54 Kb.
#90716
  1   2   3   4

Студенттің өзіндік жұмысының жоспары
Оқытушы: Джуманкулова Самал Досынбековна
Топ:Б-18
Күні:14.01.2021
Пән:Психология
Тақырып: Жеткіншектердің танымдық үрдістерін зерттеу
Мақсаты: Жеткіншектердің танымдық өрісі және оның даму деңгейін қандай әдістемелердің көмегімен анықтауға болатыны туралы түсінік беру
Жоспар:
1. Жеткіншектердің танымдық өрісінің дамуы.
2. Жеткіншектің оқу қызметі.
3. Жеткіншектік тану сферасының ерекшеліктерін зерттеу.
Қабылдау -күрделі психикалық процесс. Бұл кезде, бірдемеге қарау, не соны тыңдау емес, баста бар бейнелермен объектілерді салыстырып түсіну. Сондықтан қабылдау ойлануды талап етеді (химия, математика т.б.). Сонымен қатар оқу материалының мазмұнының мәнісін терең түсініп, берілген тапсырманы орындап отыруы тиіс. Ал, гуманитарлық пәндердің сабақтары, әрине, үнемі осылай келмейді. Дегенмен, бұл сабақтарда қамтылатын мағлұматтарды толық қабылдап есте сақтай алу қажет. Қабылдау дегеніміз мағлұматтарды тұтастығымен бейнелеу. Егер қамтылатын материал тым қызықты келсе, онда оқушылар осыған ғана көңіл бөліп, қиын материалдарды оқығысы келімейтіні кездеседі. Осының нәтижесінде жеткіншеқ материалды тұтас қабылдай алмай, үзінді етіп мәнсіз есте қалдыруы ықтимал.
Зейін. Бастауыш сынып оқушылармен салыстырсақ ырықты зейін дамиды. Себебі: бұлардың ой-өрісі қалыптасып қалғандықтан, қызық емес нәрсеге де зейін қойып, назарын сол объектіге арнайы түрде бөле алады. Бірақ жеткіншек сабаққа кейде бір нәрсені үйренейін деп келмейді, көбінесе достарымен кездесуі үшін келетіні болады. Ондай оқушылар сабаққа зейінді келмей, сабақ үстінде әңгімелесіп отырады. Жеткіншек зейіні сабаққа қалыптасса, онда ол назарын бір объектіден екінші объектіге аударып отыруға толық мүмкіншілігі бар.
Зейіннің көлемі мен бір заттан екінші затқа алмаса алу ұзақ және интенсивті болады. Сонымен қоса зейін таңдамалы мінездемеге ие болады. Баланың зейіні жеткіншектік кезеңде тікелей баланың физиологиялық жағдайына байланысты болады. Бұл байланыс жеткіншек шақтағы балалардың оранизмдегі гормоналды даму жағдайына тәуелді. Әсіресе, 13-14 жаста бала зейінінің, шашыраңқылығы жедел түрде жоғарылайды.
- Логикалық ұйымдасқан материялға ұзақ уақыт зейінін ұйымдастыра алу іскерлігі қалыптасады
Жады, ес - бұл кезде олар мазмұнына мағынасына қарап есте сақтайды. Көпке дейін есінде сақтап, қажет уақыттында қолдана алады. Жеткіншек жастағы балалардың өздерінің ырықты еске сақтауын меңгере алады. Еске сақтау 13 жасқа дейін, ақырын бірақ тұрақты түрде өсе береді. 13 жастан 15-16 жас аралығында еске сақтау жедел түрде дами бастайды. Жеткіншектік кезеңде баланың еске сақтауы механикалық түрден ойлық түрге көшеді. Еске сақтаудың формасымен бірге, еске сақтаудың мазмұны да өзгереді. Еске сақтау белгі жүйесіне негізделген тікелей сөйлеуге байланысты болады.


Қиял - өте бай келеді. Психологтар бірқатары жеткіншек шындыққа сүйенуіне қарағанда киялдануды көп ұнатады, өзі-өзімен болып мұң не фантазияның сан алуан түрлеріне беріледі дейді. Осылай деу жеткіншектің жан дүниесін терең түсінбегендіктен айтылып отыр. Жеткіншек қиялға берілген кезде, осының барлық жағдайда пайда бермей, уақытты бос өткізуге себепші болатынын ескертіп отыру қажет.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет