Т. Е. Тұмашбай «Әлеуметтану және саясаттану» пәні б ойынша дәрістер жинағы Шымкент 2021ж


Саясаттанудың заңдары мен категориялары, әдістері мен функциялары



бет3/89
Дата31.12.2021
өлшемі434,02 Kb.
#22040
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   89
Саясаттанудың заңдары мен категориялары, әдістері мен функциялары

Саясаттанудың пәні женінде алыс, жақын шетелдік болсын, біздің елдің ғалымдарының арасында болсын бірыңғай, жалпы жұрт танып, мойындаған анықтама, токтам жоқ. Оның ауқымы мен мазмұны, қарастыратын мәселелер шеңбері, жеке ғылыми пән ретінде ерекшелендіретін белгісі, өлшемі не болуы керек деген сауалдар төңірегінде бірталай көзкарастар бар. Кейбір ғалымдар оған қоғамда билікті жүргізетін немесе оған әсер ететін мемлекет, партиялар және басқа саяси институттар туралы ғылым ретінде қарайды. Әлбетте, саясаттанудың бұл мәселелермен айналысатынында дау жоқ. Дегенмен, оның өрісін тек солармен шектеуге әсте болмайды. Себебі, ол солармен қатар жалпы саяси теориялар мен нақтылы саяси іс-әрекеттерді, саяси процестер мен жүйелерді, халықаралық қатынастарды да зерттейді.. Сондықтан мұндай көзқарас саясаттануға тар мағынасында қараған болып шығады.

Ғалымдардын екінші тобы саясаттануды ғылымға қатаң негізделген, әсіресе тәжірибелік (эмпирикалык) әдіс-тәсілге сүйенген, нәтижесін тексеріп білуге болатын ілім ретінде түсінеді. Оны жақтаушыларды бихевиористер дейді (олар туралы кейінірек сөз болады). Олар бұл ғылымды математика, кибернетика және т. с. с. нақтылы ғылымдарға телиді. Мұндайда теориялық қыры (мысалы, қоғам мен мемлекеттің мән мағынасын, саяси идеяларды, саясаттың негізінде жатқан зандылықтар мен қайшылықтарды зерттеу, қоғамды сын көзбен сараптау және т. б.) тыс қалады. Бұл бағытты жақтаушылар, түптеп келгенде, саясаттануды теориялык және практикалық жақка бөліп, екіншісін басшылыққа алып отыр. Бұлай білімнің екі түрін бір-біріне қарсы қоюшылықпен келісуге болмайды. Себебі, теория мен практиканы бөліп қарау адамзат тарихында талай рет тығырыққа тірелткен.

Әрине, аталған тәсіл сайлаудың дауыс беру нәтижесін, оған жұмсалған қаражатты, қай партияның жақтаушылары көп не аз болғанын және т. с. с. сан жағынан нақтылы есептеп шығуға мүмкіндік береді. Бірақ "еркіндік", "теңдік", "әділеттік", "егемендік", "демократия" және т. б. сияқты маңызды категорияларды сандық мөлшерде есептеп шығаруға келмейді.

Саясаттануды зерттейтін ғалымдардың көпшілігі (үшінші топ) бұл ғылымды саясат туралы жалпы, оның барлық көріністерін қамтып, тәртіпке келтіретін, жинақтап біріктіретін ғылым деп санайды. Бұл пікірді Біріккен Ұлттар Ұйымының білім беру, ғылым және мәдениет мәселелері жөніндегі ұйымы (ЮНЕСКО) басшылығымен 1948 жылы Парижде өткен саясаттанушылардың Халықаралық коллоквиумы да мақұлдады. Оған қатынаскан дүние жүзінің белгілі ғалымдары саясаттану пәні мына бөлімдерден тұрғанын жөн деп тапты: 1) саяси теориялар (олардың пайда болуы, дамуы және қазіргі кездегі кызметі); 2) саяси институттар (конституциялар, аймақтык және жергілікті басқару; саяси институттарды салыстырып зерттеу); 3) партиялар мен қоғамдық ұйымдар; 4) қоғамдық пікір; 5) халықаралық саясат (халықаралық ұйымдар мен халықаралық құқық).

Саясаттану пәні қоғамның саяси саласын, оның даму заңдылыктарын, қазіргі саяси өмірді ұйымдастыруды, басқаруды, оның құрылысы мен жұмыс істеуін зерттейді. Ол адамзаттың демократиялық қоғамдағы құқығы, еркіндігі мен міндеттері, жеке адамның саяси-құқықтық жағдайы, оның саяси өмірге қатынасу тәсілдері, саяси өзгерістердің түрлері, саяси мәдениетті қалыптастырудың мазмұны мен жолдары, қазіргі замандағы сан түрлі саяси идеялық көзқарастар, жаңаша саяси ойлаудың мәні, қазіргі дүниежүзілік дамудың қозғаушы күштері туралы түсінік береді. Ол бұрынғы және казіргі саяси жүйелерді, адамның санасындағы, кезқарасындағы, мақсат-мүддесіндегі және мінез-құлық, іс-әрекетіндегі саяси өзгерістерді қарастырады. Ол, бір жағынан, жиналған деректерді корытады, екінші жағынан, құбылыстардың өзара ұқсастығы бойынша болашаққа болжам жасайды.

Сайып келгенде, саясаттану дегеніміз саясат туралы, саясаттың адам және қоғам арасындагы қарым-қатынастары туралы жинақталган гылым. Ол саяси биліктің қалыптасуы мен даму зандылықтарын, оның жұмыс істеуі мен пайдалануын, тұрлері мен әдіс-тәсілдерін зерттейді.

Саясаттану саяси құбылыстар мен өзгерістердің мән-мағынасын түсініпбілу үшін бірталай әдістерді пайдаланады. Әдіс деп зерттеу жүргізуді ұйымдастыру тәсілін айтады. Оларға салыстырмалы, жүйелеу, социологиялық, тарихи, бихевиористік, нормативтік және т. б. әдістер жатады.

Салыстырмалыәдісәр түрлі елдердегі саяси құбылыстарды салыстырып, олардың жалпы жақтарын және жеке ерекшеліктерін ажыратуға мүмкіндік береді. Ол елдегі саяси тұрақтылық пен саяси жағдайды бағалауға, соның негізінде нақтылы саяси шешімдер қабылдауға көмектеседі. Бұл әдістің әсіресе казіргі Қазақстан Республикасында алатын орны зор. Себебі, жүргізіліп жатқан саяси реформалардың табысты болуы көбіне басқа елдердің озық тәжірибесін тиімді пайдалануға байланысты болмақ.

Жүйелеуәдісісаяси құбылыстарды басқа күрделі қүрылымның бір бөлігі ретінде қарап, оны құрайтын элементтердің әлеуметтік өмірдегі орнын, қызметін айналадағы орта-мен, басқа құбылыстармен байланысты зерттейді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   89




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет