Т. М. Ковалева тьюторлық қызметті тек ашық білім беру кеңістігінде жүзеге асыруға болатындығын атап өтті. Ашық білім берудің мақсаты, адамның жеке білім беру бағдарламаларын құру үшін әртүрлі ресурстарды барынша пай
Білім берудің қазіргі тенденцияларында инновациямен байланысты білім беру процесі жиі қарастырылуда. Педагогикалық инновацияларға жіті назар аудару қажеттілігі мектеп пен ЖОО-да оқыту мақсатының өзгеруімен ерекшеленеді, ол қазіргі заманғы қоғамның қарқынды дамуына тікелей байланысты. Педагогтың міндеті - тек білім алушыға білімді игеруіне ғана емес, күрделі , тез өзгеретін жағдайларға бейімдеу, білім алушының жеке дара ерекшеліктерін ескере отырып жеке оқу траекториясын құру. Осыған байланысты білім беруде «тьюторлық» деген жаңа инновациялық атау енгізілді.
Тьютор- бұл білім алушының жеке оқу траекториясын құратын және жүзеге асыратын, академиялық қолдауды қамтамасыз ететін мұғалім. Тьютор қызметінің ерекшелігі оның ғылыми-педагогикалық жұмысты органикалық түрде үйлестіруінде. Тьютордың жұмысы студенттермен қарым-қатынас жағдайында өтеді, оның мәні тек ақпарат алмасумен шектелмейді. Студент пен тәлімгердің жеке өзара әрекеті ынтымақтастық түрінде болады. А.Керр тьюторлардың оқу-тәрбие процесіндегі рөлі туралы былайша пікір айтады: «Студенттер үшін жақсы тәлімгер жақсы оқытушыдан әлдеқайда маңызды. Оқушы үйренетін нәрсенің барлығын дерлік кітаптан алуға болады, бірақ оны ойлауға және үнемі жұмысты ұйымдастыруға үйрететін адаммен тұрақты қарым-қатынасты ештеңе алмастыра алмайды». [2].
Тьюторлық қызметтің пайда болуы әдетте қоғамда болып жатқан көптеген үдерістерімен байланысты: білім беру ортасы мен қоғамға дәстүрлі, кәсіби, оқу процесін дараландыруға, студенттерді кәсіби даярлаудың әртүрлі бағыттарына жаңа білім беру бағдарламасына. Батыс елдерінің білім беру шындығынан шыққан студенттерді қолдаудың бұл түрі білім беру шындығын толығымен өзгертуге, студенттердің жаңа қажеттіліктерін анықтауға және қоғамның ең маңызды қажеттіліктерін қанағаттандыруға мүмкіндік береді.
Т. М. Ковалева тьюторлық қызметті тек ашық білім беру кеңістігінде жүзеге асыруға болатындығын атап өтті. Ашық білім берудің мақсаты, адамның жеке білім беру бағдарламаларын құру үшін әртүрлі ресурстарды барынша пайдалану мүмкіндігі. Анықтамаға сәйкес, "тьютор-бұл даралау принципі негізінде жұмыс істейтін және жеке білім беру бағдарламасын құрумен бірге жүретін мұғалім"[3, б.10].
Тьютор пәндер бойынша кез келген жастағы және психофизикалық ерекшеліктері бар (дарынды балалар, мүгедек балалар), әртүрлі әлеуметтік топтағы, темпераменттегі білім алушыларға жеке білім беру бағдарламасын құрып, оларды жүзеге асыруға педагогикалық қолдау көрсетеді.
Тьютордың негізгі мақсаты – әрбір адамға өзінің білімін немесе болашақ мамандығын анықтауға көмектесу.Бірақ тьютор- тек тиімді көмекші ғана емес, сонымен қатарүйлестіруші, оқытушы, кеңесші. Тьюторлық сүйемелдеу білім беру технологиясы ретінде білім алушының тьютормен өзара іс-қимылының негізгі нысаны болып табылады және мерзімді, жеке кездесулер режимінде ұзақ мерзімді жеке жұмысты көздейді. Осыған байланысты бүгінгі күні тьюторға елеулі талаптар қойылуда. Қойылған талаптарға сай болуы үшін тьютор Ш.А. Амонашвили сипаттаған қасиеттерге ие болу қажет.
Біріншіден, бұл балаларды түсіну қабілеті. Балаларды түсіну-олармен бірге қуанып, уайымдау, бұл қасиет жоғары сыныптағы оқушылармен және студенттермен жұмыста да маңызды болып қала береді. Себебі тьюторлық жұмыс жоғарыда айтылғандай жеке сипатқа ие.
Екіншіден, ерекше жомарттық, мейірімділік, жауаптылық, жылы шырай. Бұл қасиеттер студенттермен жұмыс істеу үшін де маңызды, өйткені олар кешегі балалар.
Үшіншіден, балалардың әрқайсысының жеткен жетістігіне қуану қабілеті, тек осы жағдайда ғана бала өзінің алға жылжуын көре алады, өзіне, өз күшіне сене алады. Бұл тәсіл педагог-тьютордың жұмысын одан да жақсы ашады, себебі оның негізгі міндеті-білім алушының өзін-өзі жүзеге асырудың әлеуетті мүмкіндіктерін дамыту.
Тьютор курсты оқуды тиімді ұйымдастыра білуі, студенттерге семинарлар мен консультациялар өткізуі, жазбаша тапсырмаларды тексеріп, түсініктеме бере алуы керек. Тьютордың міндеттеріне мыналар жатады:
• тұлғаға өзінің болашақ мамандығы жағдайында өзінің оқу әлеуетін жүзеге асыруға көмектесу;
• оқу процесін сүйемелдеу;
• студенттерге кеңес беру және қолдау көрсету.
Т.М. Ковалева бойынша «сүйемелдеу» ұғымы - субъектінің өмірлік таңдаудың әртүрлі жағдайларында оңтайлы шешім қабылдау әдісі.Осылайша, сүйемелдеуді субъектіге өмірлік таңдаудың қиын жағдайларында шешім қабылдауға көмектесу ретінде қарастыруға болады.
Тьютор -өз іс әрекетінде тәлімгер, делдал ретінде өзіндік білім алу, студенттің жеке оқу траекториясы бағытын қолдаушы және сүйемелдеуші позиция. Себебі, білім берудің қазіргі жағдайында тьюторлық сүйемелдеу қоғамның талаптарына ерекше жауап болып табылады, білім алушының білім алушылық кеңістігін кеңейтуде қажеттіліктерін қанағаттандырады, өзінөзі өзектендіру мен өзін-өзі анықтауда өмірлік жолын таңдау жасауға мүмкіндік береді.
Тьюторлық іс-әрекеттің негізінде білім алушылардың қызығушылықтарынан, қажеттіліктерінен келіп шығатын әрекет жатыр, мұндағы тьютордың негізгі міндеті - білім алушы немесе студентке өзін-өзі түсінуді, дербес проблемалық ситуацияларды шешуді үйрету. Сол себепті, тьюторлық сүйемелдеу –бұл тьютордың тьюторанттың (жетеленуші) индивидуалды сұранысы бойынша кәсіби дамуы немесе инициативті білімалушылық қозғалысының жағдайларын жасау мен қамтамасыз етуге бағытталған іс-әрекеті [4, б.27].
Тьюторлық сүйемелдеу мұғалімге әрбір оқушының интеллектуалдық және когнитивтік қажеттіліктермен жұмыс істеуге мүмкіндік береді және жеке оқу жобасын қалыптастыра отырып, жаңа танымдық технологияларды меңгеруге көмектеседі.Мұндай іс-шараларды ұйымдастыру кезінде тьютор білім алушының құндылығы мен тұлғалық бағытын, оның қызметінің басым бағытын ескеруі қажет: не бұл функционалдық міндеттерді орындау, не олардың кәсіби қызметінің өзгеруі, бұл, әрине, білім алушының дамуының жеке сценарийін және оны сүйемелдеу тәсілдерін таңдауға әсер етеді. Тьюторлық сүйемелдеу білім алушылардың оқуға деген қызығушылығын қолдауға негізделген. Тьютордың жұмысы білім алушының мотивтері мен қызығушылықтарын нақтылауға, жеке оқу жоспарын құру үшін ресурстарды іздеуге, білім алушының таңдауы мен рефлексиясына жауапкершілікті қалыптастыруға бағытталған.
Білім алушыларды тьюторлық сүйемелдеудің негізгі нәтижелері ретінде қарастырылады:
-баланың өз бетінше оқуға дайындығы;
-білім алушының танымдық қызығушылықтарын дамыту, оны түсіну, білім беру тарихын және жеке білім беру мүмкіндіктерін құру.
Тьютор деңгейіндегі нәтижелер:
-жеке білім беру бағыты;
-диагностика жиынтығы;
-тьютор мен білім алушының портфолиосы.
Білім алушы деңгейіндегі нәтижелер: жеке білім беру бағыты; жетістіктер (конкурстарда, олимпиадаларда және т. б.); эмоционалды тұрақтылық, өзінің шығармашылық өнімі-даму күнделігі, есептер-презентациялар және т. б.
Осылайша, біз тьюторлық сүйемелдеу ұзақ мерзімді және үздіксіз процесс екенін көреміз.
Білім алушыларды үздіксіз тьюторлық сүйемелдеу мұғалімге білім алушының тұлға ретінде қалыптасуындағы рөлін терең түсінуге мүмкіндік береді.
Сонымен, тьюторлық қызмет оқу мазмұнын жаңа жолмен жүзеге асырады және алға қойылған мақсаттарға қол жеткізуді қамтамасыз етеді, оқытудың жаңа формалары, әдістері мен құралдарының пайда болуын қамтамасыз етеді. Тьютордың қазіргі заманғы педагоги-калық технологияларды қолдануы - оқу процесі және жеке тұлғаны қалыптастыруда даралан-дыруға ықпал ететін білім беруді дамытудағы ең перспективалы технологиялардың бірі.
Бұдан шығатын қорытынды жоғары білім беру жүйесінде тьюторлық оқытуды ұйымдастыру – студентке академиялық қолдау көрсетудің негізі ретінде қарастырылуы керек, бұл өз тұрғысында қазіргі таңда білім беру процесінде тьютордың орны мен маңыздылығын анықтауға, арттыруға, шетелдік тәжірибеге сүйене отырып, өзіндік бағытын дамытуға мүмкіндік береді.Жоғарыда айтылғандарға сүйене отырып, тьюторлық қызмет бірінші курс студенттерінің заманауи университеттің білім беру ортасына бейімделуін қолдаудың заманауи және өзекті түрі болып табылады деп қорытынды жасауға болады. Ол жеткілікті функционалды және дараландыру, тұлғаға бағытталған көзқарас идеяларына негізделген. Тьюторлық білім беру үдерісіне көбірек енгізілуде және университет әкімшілігімен, профессорлық-оқытушылық құраммен және студенттік қоғамдастықпен бірлесіп белсенді жұмыс істейді.