Т.Қ. Қойбағарова, Р. А. Ельтинова


 Сабақтың ғылыми дәйектелген талдауы



Pdf көрінісі
бет175/191
Дата31.12.2021
өлшемі1,71 Mb.
#23005
1   ...   171   172   173   174   175   176   177   178   ...   191
6.4. Сабақтың ғылыми дәйектелген талдауы  
Ғылыми  түрде  дәйектелген  сабақтың  талдануы  –  оқу-тәрбие 
үрдісін жүзеге асырудың маңызды факторы. 
Сабаққа  қатысқан  сайын  біздің  алдымызда  қиындықтар 
туындайды: бүгінгі сабақты қандай критерий бойынша бағалау, оның 
нәтижелігі мен сапасын қалай жақсы сұрыптау керек? 
Сабақты  бағалаудың  басты  критерийіне  -  біріншіден,  сабақ 
принциптерін  сақтау  жатады,  сонымен  қатар  Білім  министрлігімен 
бекітілген мектеп қызметін бағалау критерийі жатады. 
Осы талаптарға сүйене отырып, біздің сұрыптайтынымыз:  
1)  сабақтағы оқу үрдісінің құрылуын,  
2)  тапсырмалардың оңтайлығын анықтау,  


 
177 
3)  мұғаліммен таңдалған сабақ мазмұнының, формасының және 
оқыту әдістерінің тиімділігін.  
Бірақ сабақтың тиімділігі, мұғалімнің нені бергісі келетіндігімен 
емес,  оқушылар  сабақта  нені  алғандығымен  анықталады.  Сондықтан 
сабақты  бағалау  кезінде  оның  басты  –  білімділік,  тәрбиелік  және 
дамытушылық мақсаттарының орындалуын анықтау керек. 
Сабақты  талдау  және  өздік  талдау  –  алға  қойылған  жалпы 
білімділік,  дамытушылық  және  тәрбиелік  мақсаттарын  жеткен 
жетістіктерімен салыстыруға бағытталуы керек.  
Талдаудың  мақсаты  жақсы  нәтижеге  әкелетін  немесе 
әкелмейтінін,  мұғалім  мен  оқушылардың  іс-әрекетін  ұйымдастыру-
дың  әдістері  мен  тәсілдерін  анықтауда  жатыр.  Мұндағы  басты 
мақсат  мұғалім  мен  оқушылар  жұмысының  тиімділігін  арттыру 
болып табылады. 
Ең кең таралған талдаудың типтері толық, кешенді, қысқа және 
аспектілік болып табылады. 
▪  толық  саралау  –  сабақтың  барлық  аспектілерін  оқып  білу 
мен талдау мақсатында өткізіледі;   
▪  қысқа – басты мақсатпен міндеттерге жетуі анықталады;  
▪  кешенді  –  сабақтың  мақсаттары,  мазмұны,  формасы  мен 
ұйымдастыру  әдістерінің  бірлігі  мен  өзара  ынтымақтастығы 
байқалады; 
▪  аспектілік – сабақтың жеке элементтеріне назар аударылады.  
Аталған талдаулардың әрқайсысы мына түрде болуы мүмкін:  
1)  дидактикалық;  
2)  психологиялық;  
3)  әдістемелік;  
4)  ұйымдастырушылық;  
5)  тәрбиелік және т. б..  
Сабақты талдаудың осындай көптігіне қарай, саралау схемалары 
да  әртүрлі  болуы  мүмкін.  Оған  мынадай  негізгі  қағидалар  енгізілуі 
мүмкін.  Осы  мақсатта  сабақты  саралаудың  мына  схемасын  ұсынуға 
болады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   171   172   173   174   175   176   177   178   ...   191




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет