Тақырыбы: Адалдық, парасаттылық адамдықтың белгісі Тәрбие сағатының мақсаты



бет1/2
Дата10.12.2023
өлшемі22,49 Kb.
#136440
  1   2
Байланысты:
Адалдық Тс




Тақырыбы: Адалдық, парасаттылық - адамдықтың белгісі

Тәрбие сағатының мақсаты:
Оқушыларға адалдық, парасаттылық, шындық туралы түсініктерін кеңейту.

Міндеттері:
1. Оқушыларды адалдыққа, шыншылдыққа тәрбиелеу, жат әдеттерден аулақ жүруге үйрету.
2. Оқушылардың адамгершілік қасиетін, бір-біріне деген достық сезімдерін нығайту.
3. Оқушылардың бойына рухани адамгершілік қасиеттерді ұялату үшін мейірбан, ақылды, шыншыл, қайырымды т. б адамдық асыл қасиеттерді игеруге ықпал ету.

Тәрбие сағатының түрі: дамытушылық.
Тәрбие сағатының әдіс-тәсілі: әңгімелеу, сұрақ-жауап,
Тәрбие сағатының формасы: жаппай, дара
Ресурстар: нақыл ұлағатты сөздері, дос туралы мақал - мәтелдер, суреттер

1. Ұйымдастыру
2. Кіріспе
Бүгін біз әдептілік, адалдық, адамгершіліктің асыл қасиет екені туралы пікірлесіп, өз ойларымызды ортаға саламыз. Олай болса АДАМ!
Адам баласының бойында жақсы да, жаман да қасиеттер болады екен. Бізге ақылдылықты, адалдықты, қарапайым - кішіпейілділікті, инабаттылықты, шыншылдықты үлкендер үйретеді. Ол - біздің ата - анамыз, ақсүтін бере отырып, ана тілімен үйретеді. Біз оны түсініп, ата - баба салт, әдеттерін үйренеміз. Адам болатын адамгершілігі бар бала - барлық жақсы қасиеттерді үйреніп, жаман мінез әдеттерден, ұнамсыз қылықтардан аулақ болуға тырысуы керек. Адамның адамгершілік, адалдық, саналылық дәрежесі – оның тәртібі мен іс - әрекетін анықтайтыны әлдеқашан дәлелденген.
Адамның бойынан адамгершілік қасиеттер табылса, әрине сымбатты, парасатты көрінеді.
Адамгершілік – адамның асыл қасиеті. Жүсіп Баласағұн адамгершілік пен инабаттылықтың төрт қасиетін 6600 тармақтан 72 тараудан тұратын “Құтты білік” дастанында көрсетіп берді.
Шығыстың ұлы ғалымы әл - Фараби: Жас жеткіншектеріңізді көрсетіңіз, мен сіздердің болашақтарыңызды айтып берейін деген екен.
Бүгінгі адамгершілікті, адалдықты сендер қалай түсінесіңдер, әдеп - нормаларын білесіңдерме, өзара пікірлесіп ой бөлісеміз.
Балалар, сіздер дос болу, адалдықтың деген не екенін білесіздер ме? Әрине, білесіздер, дос болмайтын ешбір адам болмайды, иә?!



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет