Мақсаты: Адам бойындағы ұнамды, ұнамсыз қылықтарды ажырата отырып, әдептілік әліппесін бойына дарыту. «Әдеп», «әдептілік» туралы түсініктерін кеңейту;
Тәрбие сағатының құрылымы:
Кіріспе бөлім Ұйымдастыру кезеңі Негізгі бөлім Психологиялық ахуал
Тақырыпты ашу
Топқа бөлу
«Жалғастыр» ойыны
Сергіту сәті
Жағдаяттар шешу
Қорытынды Барысы: Психологиялық ахуал:
Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру, көңіл-күйлерін реттеу. Кәне, балалар орнымыздан тұрамыз да, сыныптың сыртына шығамыз да, есіктің сыртында ілініп тұрған суреттің бірін таңдап – сондағы іс – әрекетті орындаймыз: « Жылы лебіз» Орындап болған соң орындарымызға отырамыз.
Орнымызға жайғасайық.
ІІ. Негізгі бөлім: Тақырыпты ашу
Мұғалім: Қымбатты оқушылар, бар назарымызды тақтаға аударайық та, сұрақтарға жауап берейік.
Сұрақ: Адамгершілік дегенді қалай түсінесіңдер? Адамгершілікке қандай қасиеттерді жатқызуға болады? Адамда асыл қасиеттерімен қатар қандай жағымсыз қасиеттер болады?
Бүгінгі тәрбие сағатының тақырыбын аштық. Тәрбие сағатының тақырыбы «Адамгершілік – асыл қасиет».
Қызығушылықты ояту: Үш - ақ нәрсе - адамның қасиеті: ыстық қайрат, нұрлы ақыл, жылы жүрек». (Абай) Абай «Күллі адам баласын қор қылатын үш нәрсе бар, сонан қашпақ керек» деп үйретеді. «Әуелі надандық, екіншісі - еріншектік, үшіншісі - залымдық. Надандық - білім, ғылымның жоқтығы, дүниеде еш нәрсені оларсыз біліп болмайды. Еріншектік - күллі дүниедегі өнердің дұшпаны, талапсыздық, ұятсыздық - бәрі осыдан келіп шығады. Залымдық - адам баласының дұшпаны.
Топқа бөліну Оқушылар қатар бойынша 3 топқа бөлінеді. Кубиктің әр қабырғасында топтың аттары жазылған. Әр қатардан бір көшбасшы келіп, кубикті лақтыру арқылы топтың атын біледі. Әр топтан бір – бір оқушы шығып кубикты лақтырады. Әр топ адамның жағымды және жағымсыз қасиеттері туралы кестеге жазып толтырады.
Жағымды қасиеті
Жағымсыз қасиеті
Ойын «Жалғастыр» «Не істеуге болмайды?» - Үлкендердің алдынан...... (кесіп өтуге болмайды.)
- Кішкене баланы................(жылатуға болмайды.)
- Құстарды...........................(атуға болмайды.)
- Қыз баланы........................(ренжітуге болмайды.)
- Сабақтан.............................(кешігуге болмайды.)
- Сыныпта.............................(айғайлауға болмайды.)
«Не істеу керек?» - Үлкен кісіні.......................(сыйлау керек.)
- Үлкеннің тілін...................(алу керек..)
- Үлкендерге..........................(сәлем беру керек.)
- Кішілерді..............................(қамқорлау керек.)
- Оқу құралдарын.................. (күтіп ұстау керек.)
Сергіту сәті: Он саусақ
Жалғыз саусақ тіпті де,
Ұстай алмас жіпті де.
Екі саусақ бірікті,
Ине қолға ілікті.
Үш саусағым орамды,
Жүгіртеді қаламды.
Өнерлі екен он саусақ,
Қала салсақ, жол салсақ
Үш топқа тапсырма беріледі.
1 - топ Сәлемдесу әдебі. Дәстүр бойынша жасы кішілер үлкендерге сәлем береді. Үйге кірген адам үлкен болсын, кіші болсын алдымен сәлемдеседі. Сәлемді алмау – мәдениетсіздік. Менің ойымша оқушылардың жасы үлкен адаммен сәлемдескенде пысық боп тақылдап кетуі, қол ұсынуы жөнсіз. Тек сұраса ғана жауап беріп әдеп сақтауы керек. Мысалы кейбір оқушылар өздеріне сабақ бермейтін оқушылармен сәлемдеспейді. Бұл да әдепсіздік, және мәдениетсіздік деп ойлаймын.
2 - топ Сөйлесу әдебі. Сөйлескен адамға үнемі ілтипат білдіріп, көңіл аударып тұрған жөн. Сөйлескен кезде алаңдап, жан - жағына қарау, теңселу, сөзді шала тыңдау ұят болады. Сондай - ақ асығыс тез сөйлеу, мақтана сөйлеу, қатты сөйлеу, сөзді бұзу, аяғына дейін тыңдамау - әдепсіздіктің белгісі деп ойлаймын.
3 - топ Әдемі, таза киіну әдебі. Киіне білу де адамның ішкі мәдениетіне, талғамына байланысты. Жүріс - тұрысымыз, сөзіміз, ісіміз, киіміміз рухани талғамды қажет етеді. Талғамы жоғары адам ғана өз бойына қонымды, жарасымды киімді таңдап, үнемі таза жүре алады.
Проблемалық жағдаяттардан шығып көрейік:
1 - топ: Сен өте асығыссың. Себебі, сабаққа үлгеруің қажет. Көшеде бала жетектеп келе жатқан кісіні қағып кеттің. Ол кісі құлап түсті, немересі қорыққанынан жылап жіберді. Сенің әректің?
2 - топ: Саған анаң өзі жұмыстан келгенше үйді жинастырып қоюды өтінді. Сен достарыңмен ойнап жүріп бұл өтінішті ұмытып кеттің. Анаң жұмыстан келіп өзі үйді жинап, сыпырып қойды. Сен келгенде анаң ренжулі еді. Сенің әрекетің?
3 - топ: Есіктің қоңырауы соғылды. Сен барып қарасаң, алыстан келген туысың екен. Сенің анаң есікті ашпауды ескерткен. Сенің әрекетің?
Қорытынды: Адамгершілік қасиет - жеке адамның басындағы емес, жалпы қоғамның қордалы байлығы.
Жақсы болу өзіңнен,
Мен қандаймын деп ойла.
Өзіңді өзің ая да,
Өзің үйрен өзіңнен
Жақсылық көрсең біреуден,
Жаман болу өзіңнен.
Жамандық көрсең біреуден,
Мен қандаймын деп ойла.
Рефлексия: «Бес қасиет» әдісі. Әр оқушы ақ бетке өз алақандарын бастырып әр саусаққа өз бойындағы жағымды қаситтерді жазады.