Австрия, Германия және
Швейцариядағы аудармашылық
білім беру мекемелері.
Орындаған: Боранғалиева Диана,
Балмашева Зарина,
Аяпова Карина.
Группа: 101/2 А.І
Тексеруші:
Кущанова Айнур Нұрасыловна
Аудармашылық білім беру мекемелері
Cоңғы кездері аудармашылар қызметі үлкен қажеттілікті тудырады. Неміс зерттеушілерінің пайымдауынша,
тек Германия
мемлекетінде соңғы жылдары бұл қажеттілік жылына 14 %-ға дейін жетті. Мысалы, Германияның халық ауыл шарушылығы сұраған
жазбаша аудармалардың саны жылына 30 млн парақтарды құрайды. Осындай жағдайларды біз басқа мемлекеттерде де байқай
аламыз.
XX ғасырдың аяғы-XXI ғасыр басындағы аудармашылық
білімге деген шынайы серпіліс, аудармаға деген жоғары сұраныс пен
аудармашы мамандығының қоғамдық мəртебесін нығайтумен түсіндіріледі.
Əлемнің түрлі мемлекеттері қаншалықты тырысқанымен, XX ғасырға дейін аудармашыларға білім беру жүйелі
сипатқа ие болған
емес. Монах-аудармашыларға білім берген əйгілі монастырь мектептерін еске салсақ; мысалы, X-XI ғасырларда ең танымал
монастырь мектептерінің бірі Сан-Галлен монастырьдің тұсындағы Швейцариядағы
Ноткер мектебі болды, əйтсе де XII-XIII
ғасырлардағы Толедо қаласындағы монастырь мектебі де танымал болды.
Аудармашыларға тəрбие беретін мамандандырылған мекемелер, Еуропа мен басқа да континенттерде тек XX ғасырда пайда болды.
Осындай мекемелер
арасындағы ең біріншісі, 1921 жылы Шетел Істер Министрлігі тұсында Германияда ашылған ауызша
аудармашыларға арналған арнайы курстар болып табылады. Олардан кейін университет базасындағы академиялық дəрежедегі
«Жоғары мектептер» Гейдельберг (1935), Женева (1941), Вена (1943) жəне Париж (1957) қалаларында пайда болды. 1930 жылдары
пайда болған Морис Тореза атындағы Мəскеу Мемлекеттік педагогикалық шетел тілдерінің институты (қазіргі уақыттағы Мəскеу
Мемлекеттік лингвистикалық институты), өзінің өмір сүруінің алғаш жылдарынан аудармашы мамандығына ие болған еді.
Қазіргі кезде түрлі
мемлекеттерде өзіне
мемлекеттік университеттер
, мемлекеттік жəне жекеменшік аудармашылық университеттер,
училище мен курстарды енгізетін тармақты аудармашылық білім желілері бар. Осы мүмкіншіліктер
мен бірнеше мемлекеттердің
мысалындағы білім беру ерекшеліктерімен танысайық. Алдын ала белгілеп қояйық, 1964 жылдан бастап CIUTI (Conference
Internationale Permanente d’Instituts Universitaires pour la formation de Traducteurs et d’Tnterpretes) аудармашылық мекемелердің
деңгейлерін бағалауда
сарапшылық кеңес беретін, жоғары білім беретін аудармашы мекемелердің халықаралық бірлестігі пайда
болды. CIUTI-ге кіретін жоғары оқу орындары аса беделді болып табылады.