Мереке мезіреті жәрмеңКЕ



Pdf көрінісі
бет1/19
Дата21.10.2023
өлшемі1,6 Mb.
#120376
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   19
Байланысты:
1-bet merged compressed-21-2



МЕРЕКЕ МЕЗІРЕТІ
ЖӘРМЕҢКЕ
Ұлағат иесі 1975 жылы осы өңірде 
өмірге келген. Жаңақала (қазіргі 
Көмекбаев) ауылдық округіндегі №185 
орта мектепті бітіріп, Қызылорда 
педагогикалық институтының физи
­
ка-математика факультетінде білімін 
жетілдірген. 1996 жылдан бері ұстаздық 
жолды жалғап келеді. Осы уақытқа дейін 
4 сыныпты бітіртіп, қанат қақтырған. 
Білікті 
ұстаздың 
облыстық, 
аудандық білім жүйесіндегі жас ұрпақты 
оқытып, білім беру мен тәрбие үрдісін 
ұйымдастырудағы және жетілдірудегі 
шығармашылық еңбектері еш кет
­
пеген. Ол түрлі дәрежедегі мақтау 
қағаздары мен құрмет грамоталарымен 
марапатталған. Мамандығын ерекше 
жақсы көретін мұғалімнің сүйікті ісі 
жөнінде пайымы бөлек. 
– «Ұстаз» деген сөзді, «ұстаз» деген 
мамандықты мен ең қадірлі де қасиетті 
қызмет деп есептеймін. Себебі, ұстаз 
шәкіртін адалдыққа баулып, өмірлік 
азық боларлық пайдалы білім мен жа
­
нына ізгіліктің нәрін себеді. Жақсы 
мен жаманды үйретіп, адамгершілік 
қасиеттерді сіңіреді. Ең жақын жана
­
шыры әрі ақылшысы, досы әрі сырла
­
сы бола біледі. Бір сөзбен айтқанда, 
ұстаз – бүгінгі қоғамды алға сүйрейтін 
озық ойлы адамның тәрбиешісі, өз 
уақытын аямай, өзгенің бақытын аялау-
шы. Ұстаз да өз кезегінде осы міндетті 
жан жүрегімен сезініп, қоғам жанашы
­
ры болуға ұмтылуы керек. Осы орай
­
да «Ұстаз қандай болу керек?» деген 
сұрақтың жауабын қазақтың даныш
­
пан, дана ақыны Абай атамыздың 
шығармаларынан табамыз. Ұстаз – 
«Ыстық қайрат, нұрлы ақыл, жылы 
жүрек» иесі. Ыстық қайратымен бар 
білген білімін оқушы бойына сіңіретін, 
нұрлы ақылымен өміріне жарық сәуле 
шашатын, жылы жүрегімен баланың 
жан-дүниесін баурай білген ұстаз ғана 
баланы тұлға ретінде қалыптастырады. 
Жаңа ғасыр мұғалімінің бойында 
сергектік, байқағыштық, сезімталдық, 
әділдік, байсалдылық, ұстамдылық, 
сабырлылық сияқты қасиеттер тоғыса 
келе, мейірімділік атты ұлы ұғыммен 
ұштасып жатса ғана ұстаз еңбегі өз 
мәресіне жетіп ұстаз деген ардақты 
атаудың шын иегері болады, – дейді 
Қарлығаш Мұханбетқалиқызы.
«Ұстазсыз шәкірт тұл» дегендей, Қар
­
лығаш апайдың да шәкірттері бүгінде 
сан-салада қызмет жасап, еліміздің 
гүлденуіне тер төгуде. Ұстаз еңбегі 
қашанда шәкірт жетістігімен өлшенеді. 
Әрбір мұғалім өз оқушысының жеткен 
жеңісіне қуанады, оны мақтанышпен 
айта жүреді. Білікті ұстаз да білімді 
оқушыларын әсте ұмытпайды. Түлеп 
ұшырған әр түлегінің жетістіктерін са
­
намалап айтып беруге бар.
– Маған өзім ұшырған түлектің 
барлығы ыстық. Мектеп бітіргендеріне 
бірнеше жыл болса да, әлі хабарла
­
сып, жаңалықтарымен бөлісіп оты
­
рады. Былтырғы бітірген сыныбым
­
нан 3 оқушы «Алтын белгі» иеленсе,
2 оқушым үздік аттестат алды. Барлығы 
бірдей мемлекеттік грант иеленді. Осы 
көрсеткіш негізінде облыстық білім 
басқармасының Алғыс хатын иелендім. 
Ұстазға мұнан артық құрмет бар ма? 
Ал отбасымда отағасы Ербол екеуміз 
4 перзент тәрбиелеп отырмыз. Ақтөбе 
ауылындағы үлкен әулетке келін бо
­
лып түстім. Үлкендердің батасымен, 
ақ тілегімен өсіп-өніп келеміз. Енем 
біздің алаңсыз жұмыс істеуімізге қол 
ұшын беріп, бала тәрбиесіне көмектесіп, 
үнемі тілекші болып отырады. Осы 
анамыз 
отбасымыздың 
берекесін, 
шаңырағымыздың шаттығын келтіріп 
отырған жан. Қандай семинар, тренинг, 
байқауға барамын десем де, қарсылық 
танытқан емес. Қайта «үйді уайым
­
дамай барып келіңдер, елге қызмет 
етіп жүрсіңдер» деп қолдау білдіреді. 
Басшымыз Болат Жұмабаев ағайдың 
талапшылдығының арқасында ұжым да 
жоғары жетістіктерге қол жеткізуде, – 
дейді білікті ұстаз. 
Иә, жасаған жұмысыңа алғыс 
алу – нағыз білікті маманға берілген 
лайықты баға. Жауапкершілік жүгі 
жоғары мамандықты арқалап, елдің 
баласын қатарға қосып жүрген ұстаз 
жайлы ата-аналардың да айтары бар. 
«Менің Нұрайым және Жанарыс есімді 
немерелерім №121 мектепте оқыды. 
Қарлығаш апай Нұрайымның сы
­
нып жетекшісі болды. Сыныбындағы 
оқушыларына ықыласы ерекше еді. Әр 
баланың мінезіне сай қарым-қатынас 
жасап, өзіне баурай білді. Оқушылары 
да апайлары секілді алғыр, қайратты
білімді, көңілді болып өсті. Қазір 
барлығы студент. Былтыр робототех
­
никадан 5 оқушысы Алматы қаласына 
республикалық жарысқа барды. Сон
­
да өз пәні болмаса да оқушылары үшін 
жолға шықты. Қыс мезгілі болғанына 
қарамастан, өз балаларын әжесі мен 
әкесіне қалдырып, өзгенің балалары 
үшін алаң қылып, абыроймен барып-
келген еді. Бұл әркімнің қолынан келе 
бермейтін ерлік деп білемін. Оқушылар 
үшін барын беруге әзір болған 
ұстазының қамқорлығын шәкірттері 
де ұмытпапты. Жақында Нұрайым 
«Қарлығаш апайым Харекет қоры 
арқылы баспаналы болып жатыр екен. 
Құтты болсын айтшы» деп қуана хабар
­
ласты. Бұл жаңалыққа жанұямызбен 
қуандық. Кәсіби мереке қарсаңында 
табысталған баспанасына бақ-дәулет 
қонақтасын» дейді ата-аналар атынан 
М.Шүлтікова.
«Дүниеде көп адамды бақытқа 
кеңелткен адам – бақытты» деген 
ұлағатты сөз бар. Қаншама шәкірттердің 
қолына бақыт, білім кілтін ұстатқан 
ұстаз Қарлығаш – бақытты жан, 
ардақты ана. Ендеше елдің баласын 
тәрбиелеуді өзіне мақсат еткен әрбір 
мұғалім кейіпкеріміздей мамандығына 
адалдық танытса, ұстамды, саналы, 
өрелі ұрпақтың өсері анық.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   19




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет