Қ абылдаған:Нурманова Ш.
Орындаған:Жамалова Г.
Тобы:ЖХБ-311
Тақырыбы: Алтын Орданың империялық кезеңіндегі Дешті Қыпшақтың мәдени даму деңгейі туралы жаңа археологиялық ашылымдар
МАЗМҰНЫ
Кіріспе 2
1.«Алтын Орда» мемлекетінің құрылуы. 3
2.Алтын Орданың коғамдық құрылысы. 4
3.Алтын Орданын гүлденуі мен құлдырауы. 5
4.Монғол хандарының ұлыс билігі үшін таласы. 7
5.Монғол шапқыншылығының Қазақстанга тигізген зардаптары. 9
Қорытынды 11
Пайдаланылған әдебиеттер 12
Кіріспе
Тақырыптың өзектілігі. Алтын Орда – Жошы ұлысының орнына құрылған алғашқы ірі мемлекеттердің бірі. Жошы ханның баласы Батый /Бату/ ханның кезінде Орда Алтай тауынан Дунай өзеніне дейінгі ұлан-ғайыр жерді алып жатқан үлкен мемлекет болды. Орталығы алғашында Еділ бойындағы Сарай-Батуда болса, кейін Сарай-Берекеге көшірілген. Алғашқы кезде Алтын орда мемлекеті деген ұғым болмаған. Орыс деректерінде бұл атау тек XVI ғасырдың аяғында пайда болған. Шыңғысхан және оның ұрпақтары туралы жазылған «Шыңғыснама» шежіресі сақталған. Осы шежіреде мынадай аңыз бар. Шыңғысхан Жошы ханнан туған өзінің Батый, Ежен, Шайбан деген үш немересіне алтын босағалы «Ақ орда», күміс босағалы «Көк орда», болат босағалы «Боз орда» тіккізген. Алтын босағалы ордаға батыйды кіргізіп, Жошының орнына хан сайласа керек. «Алтын Орда» деген атау осыдан шыққан тәрізді. Сөйтіп Жошы ұлысының орнына алтын босағалы Ақ Ордаға кіріп, таққа отырған Батыйдың басқаруымен Алтын Орда мемлекеті құрылған.
Жазылған деректерде басқада да түсініктер бар. Бір деректерде Жошы ұлысының қарамағындағы жерлер ғана «Алтын Орда» деп аталса, ал екінші бір деректерде Батый хан мен оның мирасқоры Беркенің иелігіндегі Еділ бойы мен Кавказдың терістік жағын «Алтын Орда» деп атаған. Жалпы «Алтын Орда» болып аталғанымен, оның өзі жеке-жеке ұлыстарға бөлініп жатқан. Олардың арасында байланыс өте нашар болған.
Батый хан – Алтын Орданы құрушы монғол ханы. 1227-1255 жылдары Алтын Орданы билеген.
Мұсылман деректерінде Батый хан әділ адам болғандығы туралы айтылады. Ол мұсылман елдеріне әрқашан қамқорлық жасап, оларға мешіт салдырып, діни әдет-ғұрыптарды жүргізуге көмектесіп отырған. Сондықтан да ол мұсылмандардың ең жақын қамқоршысы деп есептелген. Парсы тарихшысы Жувейни Батый ханның әділдігі туралы былай деп жазған: «Оның ордасына саудагерлер барлық жерлерден келіп жатты. Олар түрлі тауарларды әкеледі. Ол (Батый хан) тауарлардың барлыған алғызып, оның үстіне бағаны артығымен төлетіп отырған».
Мақсаты : Алтын орданың қоғамдық құрылысы жайлы жан жақты мағұлмат беру. .Моғголдардың Қазқастан жерін жаулауы және хандарының ұлыс билігі үшін таласы туралы түсіндіру