1тапсырма Әмір Темірдің XIV ғасырдың 70-90 жылдары Моғолстанға, Ақ Ордаға және Алтын Ордаға жасаған басқыншылығы



бет1/4
Дата05.03.2023
өлшемі71 Kb.
#71687
  1   2   3   4
Байланысты:
орта 5асыр тарих 7апта


1тапсырма Әмір Темірдің XIV ғасырдың 70-90 жылдары Моғолстанға, Ақ Ордаға және Алтын Ордаға жасаған басқыншылығы. Әмір Темірдің билікке ұмтылысы 1360-1370 жылдардағңы тақ таласы шайқалтқаны мен, әлі де құдіретті Алтын Ордамен бетпе бет келтіреді. Бірақ онымен соғыспас бұрын Әмір Темір өзінің солтүстік пен шығыстағы ең жақын көршілері Ақ орда мен Моғолстанды алды. Ол бұл істе өзіне Ақ Ордадан қашып келген Тоқтамысты пайдалануға ұмтылып, оны әскерімен жасақтап,1374-1376 жылдарда үш рет Ақ Ордаға аттандырды. Әмір Темір Әмір Темірдімәліктің 10 000 әскерін 1376 жылы Сығанақ түбінде талқандағаннан кейін, Сауранда Тоқтамысты таққа отырғызып, оны Дешті Қыпшақтың билеушісі деп жариялады. Бірақ 1377 жылы Темір Мәлік көп әскермен келіп, Сауранның түбінде Тоқтамыс әскерін талқандады. Әмір Темір Тоқтамысты өзінің әскер басыларымен бірге Ақ Ордаға тағы да аттандырды. Ақ Орданың басты қаласы Сығанақты басып алды. 1371 жылы Әмір Темір Моғолстанға әскер аттандырды. Ол бұл жолы Алмалыққа дейін жетті. Мұның артынша Әмір Темірдің өзі бастап жорыққа шығып, Ыстықкөл өңіріне дейн келіп, көптеген тұтқын мен олжа түсіріп қайтты. 1375 жылы Әмір Темірдің әскері тағы да Моғолстанға жорыққа аттанып, Шарын өзен шатқалына Қамар әд-Динмен шайқасты. Қамараддин жеңілгеннени кейін Әмір Темір әскері моғолдарды Іле өзеніне дейін қуып, Самарқандқа олжамен оралды. Әмір Темір Моғолстанға жорығын 1377 жылда жалғастырып, Қамар әд-Дин әскерін Қаратау етегінде және Ыстықкөлде таяу маңындағы Бұғым шатқалында талқандады. Бұдан кейін Қамар әд-Дин Алтын Ордадағы билікті қолына алған. Тоқтамыс пен Әмір Темірге қарсы одақ құрды. Мұндай одақ Еңкей төре мен Қызық қожа хан тарапынан да қолдау тапты. 1389 жылы Әмір Темір әскері Тарбағатай өңірінде Еңке төренің әскерін талқандады.
Шығыс Түркістанды паналаған Қызық Қожа Әмір Темірден жеңіліс тауып, оған тәуелділігін мойындады. Молғалыстанды талап, тонап онның билеушілерін қуып шыққан Әмір Темір Дешті Қыпшақтағы Тоқтамысқа бет бұрды. 1391 жылы Әмір Темір 200 000 мың әскерімен Тоқтамысқа қарсы жорыққа аттанды. Жайық өзенінен өтіп, 18 маусымда Тоқтамыс әскерімен Құндызша деген жерде шайқасқа түсіп талқандады. Әмір Темір Тоқтамысқа қарсы жорығын 1395 жылы жалғастырып, Солтүстік Кавказда Терек өзені аңғарында оның әскерімен шайқасқа түсті. Жеңілген Тоқтамысты Әмір Темір әскері Елекке дейін қуып, содан кейін Алтын Орда қалаларын ойрандады. Алтын Орданың Еділдегі астаныс Сарай –Берке, Еділ бойымен қырындағы ірі қалалар – Астрахан, Каффа, Азақ т.б. қалалар қиарды. Бұл соққы Алтын Орданың саяси құлдырауы мен ыдырауын тездетті
XVI ғасырдың 70-ші жылдары Орта Азияда Ақсақ Темір құрған мемлекеттің дүниеге келуі кездейсоқ оқиға болған жоқ. Оны ХІІІ – XVI ғасырларда Шағатай ұлысында орын алған әлеуметтік-этникалық және саяси-әтникалық үрдістердің даму нәтижесінде деп қарастыруымызға болады. Өйткені Мауенахр алқабында ежелден жалғасын тауып келе жатқан процесс монғолдардың келуіне байланысты белгілі бір кезеңге тоқтағанымен ХІІІ ғасырдың екінші жартысынан бастап жандана бастады. Елдің экономикалық дамуы бірқалыпты келіп, жаулап алушы Монғол тайпаларының билікке әсері біршама бәсеңсіп, жергілікті халықпен сіңісіп кетеді. Ассимилияцияға моғол аристократиясы да ұшырайды. Осының көрінісі ретінде Кебек ханның 16 ғ. Бірінші жартысында астанасының Орта Азияға көшіруін және әлеуметтік тірек терінде жергілікті ірі феодалдарға сүйенгенін айтуымызға болады. Монғол феодалдарының бұл саясаты өз кезегінде феодалдар арасында заңда қарсылық түсінді.
16-ғасырда шағатай ұлысында орын алған саяси дағдарыс аймақтардың бөлектенуіне, оқшаулануына алып келді. Жетісуда моғаолстан мемдекеті құрылса Мауренахрда бірнеше дербес әмірліктер құрылды. Шамамен 1340-1370 жылдар аралығанда ешбір Орта Азияда мықты бір орталыққа бағынған хандық немесе мемлекет болмады. Бұл құбылыс жергілікті ақсүйектерге, діни қызметкердерге, ірі саудагерлерге бір орталыққа бағынған мықты мемлекеттің қажеттігін тағы да дәлелдеп берді. Осылайша, осы өңірді тарих сахнасына Әмір Темір келіп, жоғарыда аталған әлеуметтік топтардың қолдануына сүйенді. Орта Азиядада бір орталыққа бағынған, бір экономикалық тұтастыққа негіздеген мемлкет құрады. Ал осы мемлекеттің құрылуы сол дәуірлердегі басқа да мемлектеттердің тарихында ерекше орынға ие болдды. Әмір Темірдің жүргізген сыртқы саясаты мемлекеттердің әлеуметтік, экономикалық құрылмына, саяси ақуалына белгілі бір дәрежеде әсер етті.
XVI ғасырдың 70-жылдары оның қолбасшылық дарыны толық ашылып, атақ-даңқы жер жүзіне тарады. Осман империясымен Орталық Азия аймағында «Ақсақ Темір» , Ирандықтарға Тимурләнг, европалықтарға Тамирлан есімімен белгілі болды. Әмір Темірдің әскерлерінің тегеурінді шабулдарының арқасында Хорезм мемлекеті (1372-1388), Шығыс Түркістан (1376), Герат (1381), Хорасан (1381), Қандағар (1383), Сұлтания (1384), Тебриз (1384), Иран және Ауғанстан толық бағындырылды. Бірнеше дүркін жорықтардан соң Алтын Орда күйреді. 1370-1390 жылдар аралығында Едіге Әмір мен Тоқтамыс арасындағы қақтығыс шебер пайдаланып, Дешті Қыпшақ, Ақ Орда, Моғолстанға 10 астам жорық жасады. Әмір Темірдің алтын Ордаға жасаған жорықтарының нәтижесінде Ресей халқы тәуелсіздігін алды. 1390-жылдары Дағыстан, Грузия, Ирак мемлекеттері Әмір Темір империясының құрамына енді. 1380 жылы Үндістан басып алынды, Сирия және Лубланды мәмлүктері бағындырылды. 1402 жылы жазда Анкара шайқасында Осман империясының негізгі әскери күшін талқандап, түрік сұлтаны Илдырым Баязидті тұтқындады. Әмір Темірдің үздіксіз соғыстарының нәтижесінде алып империя – Темір мемлекеті құрылды. Оның жалпы аумағы 14 миллион километр квадратқа жетті. Әмір Темір 1405 жылы Қытайға жорыққа шыққанда Отырарда қайтыс болды. Сүйегі Самарқандағы Гүр – Әмір кесенесіне жерленді. Әмір Темірдің төрт ұлы болды: Жиһангер (1356-1376), Әмір Шейх (1356-1394), Миран Шах (1366-1408), Шахрух (1377-1447). Темір әулеттінен ұлы ғалым Ұлықбек (1394-1449), Үндістандағы Ұлы моғолдар империясының негізін қалаған Бабар (1483-1530) сынды атақты адамдар шыққан.
Әмір Темір әлемдік тарихта талантты қолбасшы, тегеурінді саясаткер ретінде қалған. Орталық Азиядағы бірқатра сәулетті ғимараттардың пайда болуы, қалалардың өркендеуі, шөлдаладағы жер суландыру құрылыстарының салынуы, қол өнер мен сауданың дамуы Әмір Темір есімімен тығыз байланысты. Тарихи деректер оның қоластындағы аймақтардағы түркі, парсы, араб мәдениеті мен өнерінің өкілдері, ғылым ойшылдары Әмір Темірдің тарапынан қолдау тапқандығын растайды.
Әмір Темірдің осындай аз уақытта әлемдік тарихта өзіндік ерекше орны бар мемлекет құра алуы, оның мемлекет қайраткері ретінде жеке қолбасшылық, дарындылық қаситтерін көрсетеді.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет