Тақырыбы: «Қауіпсіз жаз-2022». Жазғы демалыс кезіңдегі балалардың өмір қауіпсіздігін сақтау ережелері нұсқаулығы Өту мерзімі: 23-24 мамыр, 2022 жыл. Қатысушылар: 1-5 сынып оқушылары. Мақсаты



бет1/3
Дата23.05.2022
өлшемі12,98 Kb.
#35370
  1   2   3
Байланысты:
Қауіпсіз жаз-2022


Тақырыбы: «Қауіпсіз жаз-2022».
Жазғы демалыс кезіңдегі балалардың өмір қауіпсіздігін сақтау ережелері нұсқаулығы

Өту мерзімі: 23-24 мамыр, 2022 жыл.


Қатысушылар: 1-5 сынып оқушылары.


Мақсаты: оқушыларды жазғы демалыс кезіндегі қауіпсіздік ережелерімен таныстыра отырып, білімдерін кеңейту, қауіпті жағдайлардан сақтана білуге үйрету. Жеке басының қауіпсіздігін қамтамасыз ете білуге тәрбиелеу.


Барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі
2. Сынып жетекші сөзі
3. Жазғы демалыс кезіңдегі өмір қауіпсіздігі. Қауіпсіздік ережелерімен таныстыру
4. Қорытынды, құжатқа қол қойдыру
Сынып жетекші: Енді санаулы күндерден соң балалар Сіздер үшін жазғы демалыс кезеңі басталады. Демалысты қызықты әрі есте қаларлықтай өткізу үшін Сіздер ата-аналарыңызбен бірге міндетті түрде табиғат аясында демалып, суға шомыласыздар, басқа қалаларға және шет мемлекеттерге саяхатқа барасыздар. Демалып жүрген кезде қауіпсіздік, сақтық шараларын сақтауды естен шығармауларыңыз қажет. Ол төмендегідей ережелер:

  1. Жолда жүру ережесіне бағыну және сақтай білу;

  2. Жолдан өтерде бағдаршамға қарап, абай болу;

  3.  Бос қалған, бұзылған ғимараттарға баруға, жақындауға болмайды;

  4.  Ойын алаңында, үйде, қоғамдық жерлерде тәртіп бұзбай, өзіңді дұрыс ұстай білу;

  5. Таныс емес, бөтен адаммен сөйлеспе;

  6. Мас және қауіпті адамнан алыс жүр;

  7. Бөтен адаммен подъезге, подвалға, лифтіге кірме;

  8. Танымайтын адаммен еріп кетуге немесе көлікке отырушы болмаңыз;

  9. Сізді егер бөгде адам артыңыздан қуса, көп адамдар арасына жүгір;

  10. Жағажайға, орманға жалғыз баруға болмайды;

  11. Лагерьде демалыс барысында да сақтық шараларын сақтау қажет;

  12. Құқыбұзушылыққа бармау /біреуге жаман сөздер айту, балағаттау, ұру, қол көтеру, тебу сияқты / іс-әрекеттерден аулақ болу;

  13. Ата-ананың рұқсатынсыз көшеде жүруге, достармен қыдыруға қатаң тыйым салынады;

  14. Қауіпті заттармен ойнауға болмайды.

  15. Басқа біреу ұсынған затты алуға, қолдануға, дәмін татып көруге қатаң тыйым салынады;

  16.   Кешкі сағат 22.00-ден кейін көшеде жүруге тыйым салынады;



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет