Тақырыбы: Қазақ тілінің этимологиясы. Қазақ тіліндегі ономастикалық, топонимикалық атаулардың шығу төркіні



Дата04.11.2023
өлшемі96,82 Kb.
#122079


Тақырыбы: Қазақ тілінің этимологиясы. Қазақ тіліндегі ономастикалық, топонимикалық атаулардың шығу төркіні.

Орындаған: Мажит Нұртуған


Қабылдаған: Қосымова Г.

Сөздің мағынасы – адамның өмірі, халықтың тағдыры, қоғамның өзгерістері, табиғаттың құбылыстары секілді күрделі құбылыс. Өмірбаян, тағдыр, тарих сияқты сан алуан. Тағдырдың тарихи талайын тану қиын, болашағын болжау мүмкін емес. Ал сөз мағынасының жүйелі заңдылықтары мен ережелерін ретроспективалық әдіспен талдауға, тануға болады. Тарихи семантикалық деривациясы танып-білу, зерттеп-зерделеуден өтпеген тіл лексикасы – өмірбаяны жоқ адам, тарихы жоқ халық, заңы жоқ қоғам тәріздес. Тарих жеке бір құбылыс немесе бірнеше құбылыстың жиынтығы емес, ол тарихи кезеңдер мен дәуірлерді тарихи салыстырудан басталады. Сондықтан да қазақ тілінің семасиологиясын, оның ішінде сөздердің мән-мағыналарының өзгеруін, диахрондық тұрғыда түркі тілдерінің және қазақ тілінің тарихымен салыстыра қарастыру қажет. Семасиологиялық құбылыстарды, яғни түркі жазба ескерткіштері, қазіргі түркі тілдері және қазақ тілі материалдарының негізінде, олардың арасындағы семасиологиялық ортақ заңдылықтарды айқындаған жөн. Түркі лексикасындағы дыбыстық құрамы ұқсас, бірақ мағыналары басқа және мағынасы да, дыбыстық құрамы да бірдей сөздердің тарихи мазмұндық байланысын табу ләзім. Себебі тілдердің туыстығының материалдық көрсеткіші – сөз ортақтығы, ұқсастығы, идеялық көрсеткіші – сөздердің мән-мағыналарының жуықтығы, бірдейлігі. Көне және орта ғасырлардағы түркі ескерткіштерінің қазіргі түркі тілдерінің барлығына қатысты екендігі белгілі. Олардың барлығын ортақтастырып тұрған тектес, төркіндес, туыс екенін айғақтайтын басты тілдік факті – «түркі» деп аталатын тілдердің сөздік қоры, яғни тілдер туыстығының басты белгісі – сөздер ортақтығы. «Тіл тарихын жете білу үшін фонетикалық сәйкестікпен бірге сөздердің семантикалық жақтан өзгеру, даму заңдылықтарын да есепке алу қажет. Лингвистикалық зерттеулерде фонетикалық заңдар мен семантикалық заңдарды ұштастыра білу – тіл тарихын оның даму жолдарын танып-білудің кілті» [1, 332 б.]. Немесе «салыстырылатын сөздердің бір жағынан мағыналары ескерілсе, екінші жағынан дыбыстар заңы ескерілуі керек» [2, 22].


Қазақ тіл біліміндегі этимологиялық ізденістердің тарихының бастауында Қ.Жұбанов, Н.Т.Сауранбаев, І.Кеңесбаев, С.А.Аманжолов, Ғ.Мұсабаев т.б. ғалымдар тұрғаны белгілі. Кейінгі ұрпақ өкілдері – ғалымдар бай материал мен келелі дəстүрге сүйеніп, олардың ісін жалғастыруда.
Қазақ этимологиясының қазіргі дəрежесі оның іштей түрлі сала- ларға жіктелуімен, мамандануымен сипатталады: көне лексика – І.Кеңесбаев, Ə.Қайдаров, Р.Сыздықова, А.Махмутов, С.Исаев, Е.Жанпейісов, Ғ.Əнесов; топонимия – Ə.Абдрахманов, Е.Қайшыбаев, Р.Қонқашпаев; этнонимия жəне этнотопонимика – Т.Жанұзақов, Ə.Абрахманов, Е.Ке- рімбаев, Қ.Рысбергенова; диалектілік лексика – Ш.Сарыбаев, Ə.Нұрмағанбетов, О.Нақысбеков, С.Омарбеков, Ғ.Қалиев, М.Абаева; кірме лексика – Л.Рүстемов, Н.Қарашева, А.Құрышжанов; түбір лексика – Ə.Қайдар, М.Томанов, А.Ибатов, Е.Қажыбеков, Б.Сағындықұлы, Ж.Манкеева, А.Салқынбай; біріккен жəне қос сөздер – І.Кеңесбаев, А.Ысқақов, Ə.Қайдаров, Г.Жəркешова т.б.
Тіліміздегі көптеген лексикалық бірліктер этимологиялық талдауды және мағыналарын түсіндіруді қажет етеді. Этимология теориялық негіздеуді, талдаудың әдістемелік жетілуін талап етеді. Лексикамыздың семантикалық деривациясын этимологиялық талдаудың мақсат-міндеттеріне сәйкес реконструкциялаудың барлық әдіс-тәсілдері мен элементтері қолданыла бермеуі мүмкін. Соған байланысты мағыналары күңгірттенген (деэтимологизацияланған) сөздердің бірінің бастапқы мағынасын, екінші бір сөздің басқа мағыналарын айқындау керек болады. Үшінші бір сөздердің лексикалық немесе фразеологиялық тіркес, мақал-мәтелдер құрамындағы қазір деэтимологизацияланған сөздерді анықтау қажет болады. Көне, орта ғасырлардағы түркі жазба ескерткіштері мен қазіргі түркі тілдерінің деректері: 1) сөздердің фонетикалық модификация, гомогенді морфологиялық синонимдер және грамматикалық коррелятивтер жиынтығын, 2) оның фоно-морфо-семантикалық өрісін тану арқылы ғана анықталады. Мұндағы лексикалық негіздің фономорфо-семантикалық өріс – фонетикалық, морфемалық модификациялардың, негізгі және көне мағыналардың этимологиясы – қарастырылып отырған лексикалық негізден туындаған сөздердің жиынтығы [3,3]. Түркі тілдері лексикасының түбір сөздерінде бастапқы, негізгі мағыналардың, ал туынды сөздерде негізгі, бастапқы мағыналардың белгілері сақталады. Сондықтан түбірдің бастапқы мағыналарын айқындауда туынды негіздерді, түбір немесе оның бастапқы мағынасы қолданудан шығып қалған жағдайда түбір мен оның бастапқы мағынасын туынды негіздердегі кейінгі мағыналар арқылы да қайта қалпына келтіруге болады (4,44).
Лексикалық семантиканың деривациясын тарихи тұрғыда зерттемей тарихи процесс нәтижесі болып табылатын түркілік ортақ лексиканың семантикалық өзгерулерінің себеп-салдарларын, заңдылықтары мен ережелерін, жолдары, типтері мен түрлерін айқындап, құрамы, құрылымы және жүйесін белгілеу мүмкін емес. Лексиканың семантикалық деривациясы тілдік процесс ретінде тарихи дәуірлері (V-ХІV ғғ.), тілдік фактілері (түркі жазба ескерткіштері және қазіргі түркі тілдері) салыстырмалы және тарихи-салыстырмалы аспектілерде зерттеуді қажет етеді. Сондықтан да ізденісіміздің материалы – «от» этимонын түркі жазба ескерткіштері, қазіргі түркі тілдері мәліметтері негізінде талдаймыз. Сөз мағынасының тарихи өзгерістері семантикалық деривация теориясының негізінде ғана зерттеліп, зерделенбек. Сондықтан да семантикалық деривация теориясының негіздеріне талдау шолу жасау қажет. Орыс лексикологы Ф.П.Филин ескерткендей, түркі лексикасының семантикалық деривациясын толық зерттеу, зерттеп тастау мүмкін емес, себебі: а) ең қажетті, жиі қолданылды деген сөздің өзі жазба ескерткіштерге түспеуі мүмкін, ә) сөздіктер мен картотекаларда барлық сөздер жиналған жоқ, б) көптеген сөздер деэтимологизацияға ұшырап кеткен [5,5], в) тарихи фонетикада тіл дыбысы, тарихи грамматикада морфологиялық формалар мен синтаксистік конструкциялау санаулы да, тілдегі сөз көп. Оның үстіне сөздік құрамға бір-біріне қарамақайшы көлемділік, өзгергіштік, сақталғыштық және тұрақтылық деген 4 қасиет тән [5,3-4]. Сондықтан да А.М.Щербак «Совершенно особое и относительно самостоятельное направление этимологических исследований – семантические реконструкции (ерекшелеген біз – Ш.Ж.), не имеющие до сих пор солидной теоретической основы и производимые без тщательно разработанной методики» [6,8] деген талап қояды. Үндіевропа лингвистикасының өзінде тілдердің материалдық-формалық бірліктері ғана модельденіп реконструкцияланғанмен, олардың идеялық-мазмұндық жағы модельденіп реконструкцияланбаған іс [7,107]. Сондықтан да жекелеген сөздердерге этимологиялық талдау жасамас бұрын төмендегідей теориялық, әдістемелік және практикалық мақсаттарды айқындап алуымыз керек. Олар: а) теориялық мақсаттары: 1) түркі тілдеріне ортақ лексиканың семантикалық деривациясына анықтама беру, 2) сөздің тарихи-семантикалық құрылымын реконструкциялау, 3) семантикалық деривация мен мазмұндық реконструкцияны компаративистика мен этимологияда қолданудың теориялық, практикалық маңызын ашу, 4) түркі жазба ескерткіштеріндегі лексиканың мағыналық өзгеру тенденцияларын айқындау, 5) тарихи полисемияның дәйектемелік сипатын, лексикалық-семантикалық, лексикалықтақырыптық, лексикалық-грамматикалық топтарын, яғни лексикалық-семантикалық жүйесін және мағына түрлері мен олардың байланысу тәсілдерін анықтау, 6) полисемия жүйе және құрылым болғандықтан, бөлшектен бүтінге қарай, яғни сөздің жеке түркі тілдеріндегі жеке мағыналарынан жалпы түркілік полисемияға; құрылым ретінде бүтіннен бөлшекке қарай, яғни жалпы түркілік полисемиядан жеке түркі тілдеріндегі жеке мағыналарға талдау. У.Вейнрейхтің: «Практика семантических исследований обнаруживает бесплодность рассуждений по поводу изолированных фактов; для прогресса в области теоретической семантики необходимо изучение систем взаимосвязанных единиц» [8,165] дегеніндей түркі жазба ескерткіштері мен қазіргі түркі тілдерінің қазіргі қазақ тілімен ортақ лексикасының семантикасын жүйелі түрде зерттеу арқылы ғана өзара мағыналық байланыстағы сөздерге ортақ семантикалық теория жасауға болады. Сол арқылы қазақ лексикасының тарихи-семантикалық деривациясының, мағына этимологиясының негізгі теориялық ережелері негізделеді. Түркі жазба ескерткіштері мен олардың түркі тілдерімен байланысына арналған зерттеулерде тарихи лексиканың тағдырын қарастырса, біз сол түркі лексикасының тарихи семантикасының деривациясын зерттеуді нысана етеміз; ә) әдістемелік мақсаттары. Мағынасы өзгерген сөздердің бастапқы және кейінгі мағыналарының ара қатысын, айырмашылықтарын және байланыстарын айқындау қажет. Айқындау үшін дыбыстық өзгеріске түскен және түспеген сөздерді қазіргі түркі тілдеріндегі, түркі жазба ескерткіштеріндегі түбірлес (формалас) және мағыналас (мазмұндас) сөздермен салыстыру керек. Салыстырылатын сөздер сөздің семантикалық структурасының 1) түбір мағынасының жалпылығы, 2) семантикалық элементтердің жалпылығы, 3) ассоциативтік белгілерінің жалпылығы деген 3 типі [9,233] арқылы анықталады. Салыстыру үшін бастапқы мағынадағы сөздердің денотаттық (заттық), сигнификаттық (мазмұндық) белгілерін, яғни архисемаларын (бастапқы, негізгі белгілерін) анықтап, осы архисемалардың қайсысы кейінгі мағынадағы сөздер үшін мазмұндық, формалық байланыстырушы белгі (интегралсема), қайсысы айырушы, саралаушы белгі (дифференсема) екендігін айқындап, бастапқы және кейінгі мағыналардағы сөздердің түбірлес (омоним) қана емес, төркіндес, тектес (гомогенді, генетикалық байланыста) екендігі дәлелденеді. Ол үшін интегралды, лингвостатистикалық, сипаттама, салғастырмалы, салыстырмалы, салыстырмалы-тарихи және құрылымдық әдістер қолданылады; б) практикалық мақсаттары: 1) түркі жазба ескерткіштерінде сақталған түркі лексикасының санын анықтау; 2) осы түрлі тарихи кезеңдер мен дәуірлердегі өзгерістердің сөздің лексикалық семантикасына әсер етуінің сапасын айқындау, 3) оларды хронологиялық тәртіппен тізбелеп, сөздерді «инвентаризация» жасау, 4) нәтижесінде түркі лексикасының тарихисалыстырмалы семантикалық сөздігінің үлгіжобасын жасау. Тілдік материалдарды талдау, жүйелеу– зерттеу кезінде анықталатын құбылыстар болады. Оның заңдылықтарын түсіндіруде қиындықтар кездеседі. Оның 3 себебі бар. Олар: 1) ізденіс фактілерінің жеткіліксіздігі; 2) ізденістің әдіс-тәсілдерінің жетілмегендігі [7,4]; 3) тілдік фактінің құбылыс ретінде қалыптаспағандығы. Көне және орта ғасырлардағы түркі тілдерінің фонетикалық, грамматикалық бастапқы күйін қалпына келтіре алмайтынымыз секілді, ол ескерткіштер тіліндегі түркі лексикасының семантикалық күйін де түгелдей реконструкциялау мүмкін емес. Дегенмен де олардың заңдылықтарын, жүйесін айқындау міндет. Онсыз лексиканың семантикалық тарихы болмайды. Ал тарихсыз құбылыс болмайды. Түркі лексикасының семантикалық деривациясын зерттеу лексиканың семантикалық өзгеруінің негізгі үрдістерін анықтау, түркі жазба ескерткіштерінің қазіргі қазақ және қазіргі түркі тілдерімен генетикалық байланыстарын белгілеу қажет. В.Г.Кондратьевтің сөзімен айтқанда: «При сопоставлении различных словарей тюркских языков необходимо учитывать их наиболее существенные отличительные особенности в совокупности. При установлении генетических связей между тюркскими языками следует принимать во внимание только те общие черты, которые сближают сопоставляемые языки и в то же время отличают их от других тюркских языков» [10,5]. «Сөздердің ...ішкі мағыналық жағын пайымдау үшін, сөздің семантикалық құрылымын толық зерттеу қажет» [11,75-76]. Лексикалық қорды салыстырмалытарихи аспектіде зерттеу үшін: а) көне сөздік қордан белгілі бір сөздер тобын бөліп алып, ә) сөздердің даму, өзгеру заңдылықтарын айқындап, б) оларды семантикалық процесін жеке тіл немесе жеке тіл топтарының материалында зерттеу керек. Бұл салыстырмалы-тарихи лексикологияның негізін құрайды [12,41]. Себебі «каждый синхронный срез языка представляет собой совокупность данных, свидетельствующих не только о фиксируемой структуре языка, но также и о предшествовавших ей состояниях» [13,12]. «... Надо привлекать любые источники, и чем больше их, тем шире удается охватить лексический материал» [6,8]. «Чем больше углубиться в прошлое, чем больше собрать исторического материала, тем больше шансов для удачного толкования исследуемого слова» [14,56]. Бұл сөздер бұдан былай: «түркі жазба ескерткіштеріндегі қазіргі түркі тілдеріне ортақ лексика» деген шартты атаумен топтастырылады. «Түркі жазба ескерткіштеріндегі қазіргі түркі тілдеріне ортақ лексика» деген атаудың шартты болуының себебі – түркі жазба ескерткіштерінің лексикасы 1) барлық түркі тілдеріне ортақ, 2) бірнеше түркі тіліне ортақ, 3) кейбір түркі тілдеріне ортақ, 4) бір ғана тіліне тиесілі болып келетіндігі. Жалпы, Л.Блумфильдтің тілді, М.М.Покровскийдің сөз мағынасын зерттеуді фонология мен формадан және фонетикадан бастау керек деген түйіндері [15,164] үнемі қолайлы, тиімді, дұрыс бола бермейді. Себебі, біріншіден, сөз дыбыстардан құралғанмен, сөз мағынасы дыбыстардан құралмайды, екіншіден, тіл білімі тіл дыбыстарын зерттеуден басталғанмен, тіл сөзден басталады, үшіншіден, лингвистиканың лексикология саласы мен оның семасиология тармағы сөзді зерттейді. Біз «түркі лексикасы» деп отырған сөздер жоғарыдағы 4 топтың құрамында да болуы мүмкін. Тарихи лексикология мен тарихи семасиология бір-бірінен ажырамас бірліктегі, тығыз байланысты сала-тармақтар болғанымен, олардың өзіндік зерттеу нысандары бар. Бұл сала-тармақтардың бірбіріне бағынышты байланыста болуының басты себебі – сөздің (лексеманың) мағынасыз, мағынаның (семеманың) сөзден тыс болмайтындығында, сөзбен таңбаланатындығында. Демек сөзсіз мағына, мағынасыз сөз болмайды. Олар табиғи бірлікте. Ал тарихи семасиология мен тарихи лексикологияның бір-бірінен ара қатынасының ажырайтын тұсы тарихи дәуірлер мен кезеңдер, түрлі тарихи процестер нәтижесінде сөз мағынасынан, мағына сөзден ажырайды. Сөздің білдіретін мағынасы, мағынаны таңбалайтын сөз өзгереді. Мағынаны таңбалайтын сөздің тарихи процестер нәтижесінде өзгеруін тарихи лексикология, сөздің білдіретін мағынасының тарихи процестер нәтижесінде өзгеруін тарихи семасиология зерттейді. «Сөз тарихы лексикологияға, мағына тарихы семасиологияға қатысты» [17,104]. Салыстырмалы-тарихи лексикология түркі лексикасының салыстырмалы-тарихи сөздік жасауға негіз болады. Сөздің білдіретін мағынасының өзгеруінің басты себебі – экстралингвистикалық факторлар. Сөздің көп мағыналы болуы, оның өзгеруі мен дамуы – ұзақ және қайшылықты процесс. Сөз мағыналарының өзгеруі және зат атаулары мен заттың қасиетттері, қызметтерінің өзгеруі тепе-тең құбылыстар емес, тепе-тең болуы мүмкін де емес. Себебі сөз өзгеруі мен зат өзгеруі бірдей емес. Бұл өзгерістер «құрылым құрамындағы мағыналар арасындағы байланыстардың күшеюіне немесе әлсіреуіне әкеп соғады. Сондықтан белгілі бір дәуірлерде қалыптасқан мағыналар арасындағы байланыстар қалпы бұзылады. Көп мағыналы сөз құрылымының логикалық-семантикалық негіздері өзгереді» [18,14]. Осыдан келіп сөз бен мағына бірлігінің гносеологиялық, семиотикалық және семантикалық аспектілерін қарастыру қажеттілігі туындайды. Академик Ә.Т.Қайдаров «Тюркская этимология: проблемы и задачи» атты баяндамасында [19,5-25] этимологиялық реконструкцияны зерттеудің барлық жағдайына арналған универсалды ғылыми-теориялық талдау әдістері мен критерийлерінің болмайтындығын ескерте келіп, этимологияның фонетикалық, морфологиялық критерийлерімен қатар, семантикалық критерийлерді де белгілейді. Олар: 1) лексикалық бірліктің бастапқы және кейінгі мағыналарының қайсысы бастапқы мағынасы екенін тап басып тану, 2) сөз мағынасы дамуының жалпыдан жекеге, бүтіннен бөлшекке немесе керісінше болатынын ескеру, 3) сөз тұлғасының дыбыстық өзгеріске түсуі, оның мағынасының өзгеретінін немесе сараланатынын естен шығармау, 4) гомогенді және гетерогенді омонимдерді шатастырмау, 5) сөз мағынасының өзгеруінде тілдік қана емес, тілдік емес факторлардың болатынын бағамдау, 6) кейбір сөздердің мағынасын салыстыруда қазіргі ғана емес, олардың тарихи түбірлес екенінде (сағақ, сақал, сағанақ, сағалдырық, саға, сағана, сағалау, сағлақ) ұмытпаудың қажеттілігі. Түркі тілдерін семантикалық критерийлермен этимологиялық реконструкциялаудың фонетикалық, морфологиялық, синтаксистік және лексикалық реконструкциялаудан кенже қалып келе жатқандығын: 1) бұл объектінің табиғатынан, яғни элементтері мен бірліктері жүйесінің көптігі мен кеңдігінен, 2) семантикамен шұғылдану тіл білімінде марлық дәуірден кейін әуестенушілік болып саналуы, 3) тілдік таңбаның мазмұндық жағын жалпы жете бағаламаудан деп түсіндіреді. Қ.Өмірәлиев, Ә.Ибатов, Е.Жұбановтардың «тіл тарихы – тілдің өз қойнауында», «жеке тілдердің пайда болу және қалыптасу тарихын тек қана көнеден жаңа дәуірге қарай зерттеу емес, керісінше, қазіргі тілдік фактілерге сүйене отырып, қазіргіден көне заманға қарай, жаңадан ескіге, ескіден көнеге, көнеден ежелгі заманға қарай сатылай отырып зерттеген дұрыс» [20,66] деген пікірлері ретроспективалық әдістің ұтымдылығына нұсқайды, Этимондардың этимологиясын зерттеу сөз семантикасы, семантикалық деривация, деривациялық процесс және реконструкция түрлері, семантикалық реконструкция және сөз этимологиясының негізі – компаративистика деген 5 тағаннан тұрады. Этимологиялық талдау жасалатын сөз фонемалық, морфемалық, лексемалық және синтагмалық деңгейлерде, яғни кешенді түрде талданады. Осы аспектілерде талдану барысында сөздер жоғарыда атап өткен 5 тағанның ретроспективалық конструкциясынан өтеді. Сөз форма мен мағынаның бірлігі, сондықтан фонема, морфема форма ретінде реконструкцияланса, семема (мағына) лексеманың мазмұндық жағы да тілде реконструкциялануы керек. «…Исследования по исторической семантике играют в этом вопросе решающую диагностическую роль, …и лишь история значения, реконструкция древнего значения слова учит нас считаться с эволюцией значения как единого целого, а не как суммы сем или дифференциальных признаков» [21,7] Этимологиялық зерттеудің материалы – алыс және жақын туыстықтағы тілдердің көне және қазіргі тілдік деректер, себебі тарихи немесе қазіргі тұрғыда салыстыруға болатын құбылыстар ғана салыстырылады. О.Сүлейменовтің толық этимологияның схемасы: « а) воссоздание точной системы лексических соответствий; б) определение морфологического типа слова, которому бы соответствовала восстановленная праформа; в) реконструкция первоиероглифа – графического образного знака, название которого и стало словом» деп көрсетуі 22,23 түркі жазба ескерткіштері мен қазіргі түркі тілдеріне ортақ лексиканың семантикалық деривациясын тексеруге де қатысты. Этимология негізінен тарихи лексикологияның тармағы, өйткені сөздің төркіні мен тарихынсыз этимология немесе этимологиясыз сөздің тарихы мен төркінін айқындау мүмкін емес. Сөз мағынасының тарихының өзгеруі, яғни түркі лексикасының семантикалық деривациясы – тарихи семасиологияның негізгі нысаны, демек этимология сөз мағынасының өзгеруінің де тарихымен, төркінімен ажырағысыз байланыста. Орыс лингвисі О.Н.Трубачев: «Этимологическое значение слова представляет не только исторический интерес, …но и ключ к пониманию современной семантики слова» [21,9] десе, француз лингвисі В.Пизани: «…Обьяснит изменения значения равносильно установлению этимологии нового слова, которое формально идентично старому, т.е мы должны восстановить вес процесс, в резултате которого новое слово было первоначально создано» [23,142] деген пікірі этимологиялық зерттеулерде семантикалық принципті қолданудың маңызын дәлелдесе, О.Н.Трубачевтің «Этимология, связанная с ней реконструкция древного значения важно не только сама по себе и для себя, но и для полного адекватного анализа современного значения слова» [21,11] деген пікірі сөз этимологиясын танудағы реконструкцияның маңызын белгілейді. Мағыналық байланыстағы сөздердің тектестігі мен төркіндестігінің тарихын айқындау үшін, салыстырылатын сөздерді қазіргі тілдер мен туыс тілдердің түрлі тарихи кезеңдердегі мәліметтердің тектестігі мен төркіндестігінің ықтималдылығын анықтау үшін бастапқы мағына, оның қандай өзгерістерге ұшырағанын, қандай зат-құбылыстардың атауы болғандығын білу, болмаса болжай білу, анық аналогияларға сүйене отырып, ескерткіштердің мәліметтерін, оның фонетикалық заңдарын пайдаланып көне түрін реконструкциялау қажет [24,165]. Фонетикалық заңдар, біріншіден, сөздің көне тұлғасын қалпына келтірумен қатар оның мағыналық ассоциясын анықтаудың құралы, екіншіден мағыналарды бір-біріне кездейсоқ жақындастыруға, қисынсыз байланыстыруға жол бермейді [24,166]. Поляк лингвисі Ф.Славский: «Огромную ценность для этимологических исследований представляет детальное знание и ареала распространения по возможности в найболее отдаленное прошлое нередко позволяет пройзвести реконструкцию первичной морфологической или семантической мотевации» [25, 56] дейді. Реконструкция мен этимология – бірбірімен тығыз байланысты ққбылыстар. Реконструкция этимология жасау үшін қажет, этимология реконструкция арқылы іске асады. Зерттеуші Б.И.Татаринцевтің пайымдауынша, сөз этимологиясын айқындау үшін: 1) лексикалық-семантикалық сипаты, 2) сөздің тіл ішіндегі, туыс тілдер аралығындағы мән-мағыналық байланыстары (ұқсастықтары мен ерекшеліктері), 3) семантикалық реконструкциясы жасалуы, 4) белгілі бір объектінің белгілі бір сөзбен таңбалануының диахрониялық тұрғыда негізгі немесе дәйектеуші екені (ономасиологиялық экскурс жасау) қатаң есепке алынуы керек [26,35] Семантикалық реконструкция дегеніміз – дәйектеуші семантикалық белгі. Семантикалық белгі сема деп те, мағына компоненті деп те, немесе мағына деп те аталуы мүмкін. Семантикалық реконструкцияны дєйектеуші семантикалық белгілер негізінде жүргізбегендіктен, этимологиялық талдаулар мен зерттеулерде орын алып жүрген 4 кемшілік бар. Бірінші кемшілік – семантикалық реконструкция жасау үшін дәйектеуші семантикалық белгілерді айқындамастан, яғни мазмұндық жағына көңіл аударылмастан, фонетикалық заңдылықтар негізінде ғана архетиптер, праформаларды анықтауды этимологиялау деп есептеу. Екінші кемшілік – бірнеше туыс және туыс емес тілдерден мысалдар келтіріп салыстырады, зерттеушілердің бұл сөздердің этимологиясы жөніндегі пікірлерін келтіріп, автордың өзі кейбір келіспейтін тұстарын баяндайды, яғни этимолог тағы да этимологиялық шешімге және дәйектеуші семантикалық белгіні реконструкциялауға жетпей «жығылады» деген сөз, үшінші, төртінші кемшіліктерге ортақ осалдық – дәйектеуші семантикалық белгілерді табуға талпыныс жасалып, оларды дұрыс таппау, этимологтың ойын тұйыққа тіреуі. Үшінші кемшілікті, нақтылай айтқанда, дәйектеуші семантикалық белгі ретінде жанама, көмекші немесе туынды белгілердің алынуы. Төртінші кемшілік – бірнеше дәйектеуші семантикалық белгі санамаланып, олардың қайсысының негізге алынатындығының айқындалмайтындығы [26,36-40]. Демек семантикалық деривация процесін реконструкциялау түркі жазба ескерткіштері мен қазіргі түркі тілдері және қазақ тіліне ортақ жалпы түркілік немесе түркі тілдері аралық лексиканың толық тізбесін, лексикографиялық түзілімін жасап, гомогенді, генетикалық тектес түбір, негіз морфемаларды семантикалық аспектіде салыстыру және тарихи-салыстыру жүргізіліп, этимологизациялануға тиіс сөздердің тарихы мен төркінін дәуірлік, ескерткіштік және тілдік ерекшеліктерін ескере отырып табамыз
Бір тілде қанша сӛз болса, солардың тұтас жиынтығың тіл ғылымында сӛздік құрам немесе лексика деп атайды. Сӛздердің мағынасын олардың лексикалық және шығу тӛркіні қолдану қабілетін, күнделікті қарымқатынастағы кӛрінісін түрлі стильдік мәні мен сипатын зерттейтін ғылымды лексикология деп атайды. Лексикология сӛздерді тілдің қазіргі даму тұрғысынан да, сонымен бірге ӛткен тарихына тығыз байланыстыра отырып та зерттейді. Сӛз байлығы-лексика қарастыратын негізгі және күрделі бірлік. Тілдің сӛз байлығына тұрақты тіркестер де жатады. Олар замандар бойы біртіндеп туып қалыптасқан ұзақ дамудың жемісі. Сондықтан лексиканы зерттеу сӛздік құрамды, тұтас алғанда бір бүтін жүйе деп қарастыруды міндеттейді. Яғни лексикология жекелеген сӛздер тобын емес, тілді қалыптасқан лексикалық жүйесі тұрғысынан қарайды. Тілдің қаншалықты дамып жетілгендігі сӛзді құрамдағы сӛздердің санымен де ,мәнімен де ӛлшенеді. Сӛздік құрам неғырлым бай болса, тіл де соншалықты дамыған болады . Қазақ тілі сӛз байлығы жағынан дамыған тілдердің қатарына жатады. Қазақ тіліндегі сан жағынан кӛп және сан салалығы болғанымен, олардың жасалуы мен шығу тегі, мағыналары мен қолданылуы, даму қарқыны белгілі бір заңдарға бағынады [1]. Сонымен қатар тілдерді жалқы есімдерді зерттейтін ономастика ғылымы. Ономастика іштей антропонимика және топонимика болып екі салаға жіктеледі.Антропонимика кісі аттарын зерттеу объектісі етіп қараса, топонимика географикалық атауларды жеке объекті етіп зерттейді. Топонимика- ономастиканың жер-су, елді мекен атаулырының шығу мен пайда болуын, мағынасын, құрылымының дамуын, таралу аймағын қазіргі жағдайын, грамматикалық, фонетикалық пішінін, жазылу мен екінші бір тілде берілуін зерттейтін құрамдас бӛлігі. Бұл гректің «топос»- орын, жер, «онома»-атау деген екі сӛзінен тұрады, яғни жер-су атаулары деген сӛз. Топонимдер, яғни жер-су аттары, негізнен үш бағытта зерттеледі: 1.Семантикасы ( мағынасы) 2.Жасалу жолдары 3. Этимологиясы Топономика география, тарих, тіл білімі, этнология ғылымдарының деректеріне сүйеніп, ӛзара байланыста дамиды. Кез келген аумақтың географиялық атаулары мен жиынтығы сол жерден топонимиясын құрайды . Топонимдер зерттелетін географиялық нысандардың кӛлеміне мӛлшеріне қарай макротопонимдерге (тау жоталыра, үлкен ойпаттап, мұхиттар т.б.) 141 мезотопонимдерге (жеке таулар,теңіздер, т.б.), микротопонимдерге ( кӛл , бұлақ,құдық, қоныс, т.б.) бӛлінеді. Топонимика тіл тарихын зерттеуде маңызды дерек кӛзі болып саналады. Ӛйткені кейбір топонимдер (әсіресе,эндооронимдер мен эндогидронимдер) архаизмдер мен диалектизмдерді тұрақты сақтайды, кӛбінесе олар аумақты мекендеген халықтың субстрат тілдерінен бай мағлұмат береді. Топонимикагеографиялық атаулар туралы ғылым деген анықтаманың ӛзі осы екі саланың бір-бірімен тығыз байланысты екенін білдіреді. Топонимика қазір ӛзі ғылым ретінде қалыптасқанымен, әуел баста тарих география және тіл білімі ғылымдарына тәуелді болған жер- су аттары осы салалардың зерттеу нысаны болып табылады [2]. Алайда топониманы құрайтын 3 саланың ішінде тіл біліміне кӛп кӛңіл бӛлінкендікпен, қалған екеуін тӛмендетуге болмайды. Бұл ӛз кезіндегі топонимикамен айналысатын адамның тарих және географияны жақсы меңгеруін талап етеді. Мысалы, Арыс (Арыш) –кӛне жазбаларда Түркістанға жақын ағатын ӛзен атауы. Арыс атауын С.П. Толстов, А.Н. Бермштан кӛне арси этнонимімен салыстырады. В.Н Попова атудың 1-ші сыңары үндіевропа тіліндегі ар «су» ӛзен мағынасындағы ал екінші сықары ас «су» ӛзен мәнәндегі кең тараған гидроформант дейді . Ал Ә. Байбатша арыс сақ тайпаларының бірінің аты екенін айтады. Зерттеушілердің барлығы «Арыс» сӛзінің екі бӛлігінің де «су», «ӛзен» мағынасын беретінін мойындайды , бірақ екі бӛлігінің бір мағынада болуы айтарлықтай күдік тудырады. Қорыта келгенде топонимика география ,тарих ,тіл білімі ,этнология ғылымдарының деректеріне сүйеніп, ӛзара байланыста дамиды. Кез келген аумақтағы географиялық атауларының жиынтығы сол жердің топонмиясын құрайды.
Қолданылған әдебиеттер:

  1. Жанұзақ Т. Қазақ ономастикасы. Атаулар сыры. Алматы,1979.

  2. Өмірәлиев Қ., Ибатов Ә., Жұбанов Е. Тіл тарихы – тілдің өз қойнауында // Қазақ тілі мен әдебиеті. –1991. – 3. –Б. 64-70

  3. Аханов К. Тіл білімінің негіздері / К.Аханов. – Алматы: Мектеп, 1973. – 623 б.

  4. Салқынбай А. Тарихи сөзжасам (Семантикалық аспект) / А.Салқынбай. – Алматы: Қазақ университеті, 1999. – 309 б.


Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет